0 дауыс
4.1k көрілді
Осы аптаның жұлдыз жорамалы барма ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Аптаның алғашқы бөлігінде Сатурн мен Шолпан, Уран мен Плутон арасындағы байланыста ақаулар байқалады. Осының салдарынан жер бетінде болып жатқан көп құбылыста қиындықтар туындауы мүмкін. Ұмытшақтық пен көлікке кешігу сынды әдеттер серіктестік қатынастардың үзілуіне әкеліп соғады. Адамдар арасында түсініспеушілік пайда болып, бір-біріне сенімсіздік танытады. Есте сақтау қабілетіңізге ғана сенім артудың қажеті жоқ. Барлығын қағаз бетіне түсіріп жүріңіз.

Тоқты

 

Аптаның алғашқы бөлігінде қызметіне байланысты өзгерістер жүзеге асады. Әсіресе соңғы уақытта қызметін ауыстырып, жаңа жұмысқа орналасқысы келіп жүрген жандар үшін оңтайлы болмақ. Ал мектеп оқушыларының есте сақтау қабілеті нашарлап, үй тапсырмасы үшін үштік, екілік бағалар алуы ғажап емес. Қаражат мәселесі реттеліп, керек-жарақтарыңызды сатып алуыңызға болады. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі.

Торпақ

 

Аптаның алғашқы бөлігінде дене жарақатын алулары мүмкін. Ал омыртқасы ауыратын жандардың көшеде абайлап жүргендері жөн. Спорттық жарыстарға қатысудан сақтанғандары дұрыс. Мұнымен қатар, жұлдыздар қомақты қаржыны талап ететін келісім-шарт жасаспауға кеңес береді. Ал аптаның екінші бөлігінде сырт келбетіңізге айтарлықтай өзгеріс енгізуіңізге болады. Әсіресе жаңа образ қалыптастыруды жөн көретін бойжеткендер үшін ұтымды болмақ.

Егіздер

 

Аптаның алғашқы бөлігі отбасылы егіздер үшін жайсыз болмақ. Жарымен сөзі жараспай қиналады. Ол өз кезегінде салқындылық пен қыңыр мінез танытады. Сол себепті, осы апта ішінде бірге өткізген бақытты сәттерді көбірек еске алған жөн. Аптаның екінші бөлігі уақытын өзін-өзі дамытуға арнап жүрген жандар үшін пайдалы болмақ. Ал романтикалық оқиғалар мәселесіне келер болсақ, демалыс күндері театрлық қойылымдар мен концерттік бағдарламаларға барғаныңыз жөн.

Шаян

 

Аптаның алғашқы бөлігінде олардың көңіл күйі нашарлауы мүмкін. Мысалы, созылмалы аурулары көрініс тауып, буындары ауырады. Осыған орай жұлдыздар салауатты өмір салтын жүргізуге кеңес береді. Жоспарлағаныңыз жүзеге аспай қалса да, денсаулығыңызға зақым келетіндей әрекет жасамаңыз. Ал аптаның алғашқы бөлігінде ескі таныстарыңызбен қайта қауышасыз. Біреудің жұмысын орындаймын деп әлек болмаңыз. Басшылық жалақыңызды өсіруі немесе лоторея билетінен ұтысқа ие болуыңыз мүмкін.

Арыстан

 

Аптаның алғашқы бөлігінде махаббат мәселесінде аздаған қиындық туындайды. Сүйіктіңіздің тарапынан салқындылық сезінуіңіз мүмкін. Осындай сәттерде махаббат оты сөніп бара жатқандай көрінеді. Аптаның екінші бөлігінде жетістікке жетесіз. Осыған байланысты көпшіліктің алдында беделіңіз артады. Кастингтерден өтіп, жарыстарға қатысудан тартынбаңыз. Қызметіңізге байланысты жақсы өзгерістер жүзеге асады.

Бикеш

 

Аптаның алғашқы бөлігінде отбасы мүшелерімен, сүйіктісімен қарым-қатынаста барынша ұстамдылық танытқандары жөн. Себебі, жарымен бір шешімге келе алмай, артынша ажырасуы мүмкін. Мұнымен қатар, ағайын-туысқандарыңыздың ішінде жасы үлкен бір адам ауырып, сізге ауыртпалық түсіреді. Өйткені күні-түні оны қарайлауға мәжбүр боласыз. Ал аптаның екінші бөлігі саяхаттауға аттанып, білімін толықтырып жүрген жандар үшін сәтті өтпек.

Таразы

 

Аптаның алғашқы бөлігінде айналаңыздағы адамдардың барлығымен қарым-қатынасыңыз нашарлайды. Бұл ішкі түйсігіңіздің ол адамдарды ұнатпай қалуымен байланысты болады. Уақытыңызды босқа шығындайтын адамдардан расымен де бас тартқаныңыз жөн. Осыған орай телефон тізімінде тұрған адамдардың саны азайып қалуы да ғажап емес. Ал аптаның екінші бөлігінде қуаныш сезіміне бөлену қажеттілігі туады. Романтикалық кездесулер сәтті өтеді. Жалғыз жүрген таразылар өмірлік жарын жолықтырады. Ал демалыс күндері бассейн, фитнес, сауна секілді жерлерге барғаныңыз жөн.

Сарышаян

 

Аптаның алғашқы бөлігінде қаржыға байланысты мәселелеріңізді жоспарлап алғаныңыз жөн. Өзіңізге керек затты сатып алуда ақша жетіспеуі мүмкін. Мұнымен қатар, сүйіктіңізді қуанта алмай қиналасыз. Оны мейрамхана, концертке апара алмайсыз. Алайда аптаның соңына қарай сүйіктіңізбен қарым-қатанысыңыз жақсарады.

Мерген

 

Үй мәселесіне қатысты қиындықтар туындайды. Отбасы мүшелерімен бір сөзге келе алмағандықтан, өз жоспарыңыздан бас тартуыңызға тура келеді. Ал аптаның екінші бөлігінде қуаныш сезіміне бөленесіз. Кез келген іске білек сыбана кірісесіз және барлығы сәтті өтеді. Артық салмақтан арылу мақсатында диета ұстанғаныңыз жөн.

Тауешкі

 

Аптаның алғашқы бөлігінде жаңа адамдармен танысасыз. Олардың арасында дұшпандарыңыз да болады. Жұлдыздар жол қысқартушы адамға сыр білдірмеуге кеңес береді. Олар айтқандарыңыздың барлығын өзіңізге қарама-қарсы пайдалануы мүмкін. Бұдан өзге осы апта ішінде өсек сөздің объектісіне айналасыз. Ең бастысы, ғашық жаннан сыйлық пен хат алатыныңызды ұмытпаңыз.

Суқұйғыш

 

Аптаның алғашқы бөлігінде ойға алғаныңызды жүзеге асыру мәселесінде қиындыққа тап боласыз. Мұнымен қатар, достарыңызбен қарым-қатынасыңыз нашарлауы мүмкін. Досыңды жоғалтқың келсе, қарызға ақша бер демекші, мұндайдан сақтанғаныңыз жөн. Ал аптаның екінші бөлігі отбасылық өмір үшін оңтайлы болмақ. Демалыс күндері үйіңізге арналған картина, кілем сынды дүниелерді сатып алуға барасыз.

Балықтар

 

Аптаның алғашқы бөлігінде мансабына байланысты қиындықтар туындайды. Басшылық осы уақыт аралығында сізді қатаң бақылауға алып, қосымша тапсырма береді. Мұнымен қатар, ата-анаңызбен ренжісесіз. Ал демалыс күндерін жүрегіңізге жақын адамдармен өткізуге арнайсыз.
...