0 дауыс
2.7k көрілді
1. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?

2. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?

3. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай?

4.Үш жолаушы келе жатырса керек. Алдарынан көл кездестіреді. бірінші жолаушы көріп көлді кешіп өтеді, екіншісі көреді бірақ кешпейді өтеді, ал үшіншісі көрмейда кешпейда өтеді. Сонда қалай өткен?

5. Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. 1 қаз сендер нешеусіңдер?-деп сұраса, аналар «Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады деп жауап беріпті. Сонда неше қаз болғаны?

6. Бильярдтын көлемдері, түстері бірдей 9 шаригы бар. Оның 8-і 300 грамм да, біреуі 290 грамм. Таразыға екі рет қана тартып, жеңіл шарикты табыңыз.

7. Әдетте адамдар бас киімін кімнің алдыңда шешеді?

8. Сол жақтан оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы?

6 жауап

0 дауыс
8Сурактын жауабы  КЫРЫК
0 дауыс
1)"Ұшақты сиз жургизесиз деп тұр", яғни бұл сұрақты оқыған әр адам өз жасын көрсетеді.  Мысалы , 17))
2) қызы
3) шоферлер әйел адам болғаны
4) бұл қолында баласы бар аяғы ауыр  әйел.
8) қырық
0 дауыс

2 - сұрақтың жауабы: ҚЫЗЫ

7- сұрақтың жауабы: ШАШТАРАЗДЫҢ

+1 дауыс
1. Әркімнің өз жасы шығады.

2. Қызы.

3. Шоферлар әйел адамдар.

4. Қолында баласы бар аяғы ауыр әйел адам.

5. 36 қаз.

6,

7. Шаштараздың алдында.

8.40 саны.
5  қате. 36 болмайды.
+1 дауыс
1) Мен ұшқыш болсам, яғни менің жасым 21-де.

2) ол қызыда інісіде, досыда бола береді.

3) шофер үшеу ағайынды емес.

4) Аяғы ауыр әйел баласымен.

5)

6) Ең алдымен, шарларды тура үш-үштен бөлу керек. Үш бөліктің екеуін бөліп саламыз да, біреуін шетке қоя тұрамыз. Шарды салмағына қарай, табуға болады. Егер алғашқы өлшеген шарлардың салмағы бірдей болса, жеңіл шар шетте тұр деген сөз. Содан соң шеттегі шарларды  бір-бірден өлшейміз: тең болса, үшінші өлшенбеген шар, немесе өлшенгенде жеңіл болған шар – жеңіл шар.

7) Шаштараздың алдында.

8) қырық
0 дауыс
5  36+36+18+9+1 =100
...