Киберспорт дегеніміз не?

0 дауыс
2.4k қаралым
Киберспорт, киберспортсмен деп жатады ғой. Солар не?
Жалпы спорт Белгісіз

2 жауап

0 дауыс
Киберспорт-компьютерлік бейне ойыннан жарыс болатын спорт түрі, спорттық индус­­­­трияның жаңа саласы ретінде, жоғары технологиялар нарығымен тікелей байланыста, ақпараттық технологиялар саласындағы әлем­нің ірі ойыншыларының жарысы.Онда онлайн іріктеу өтіп ойыншылар таңдалады.
Белгісіз
0 дауыс
Киберспорт – компьютер ойындары арқылы өткізілетін топтық жарыс түрі. Киберспорт тарихы 1997 жылдан бастап, CPL-ның  (The Cyberathlete Professional League) құрылуынан және де олардың Quake атты компьютер ойынынан турнир өткізуінен бастау алады.

Киберспорт дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан «спорт» ретінде саналады. 1997 жылдан бастап осы кезге дейін турнирлер әр жыл сайын Warcraft III, LoL, Dota2, Counter-strike және де Starcraft атты компьютер ойындарынан өткізіліп келеді. Бұған қоса киберспорт дамыған Россия, Корея, Қытай секілді мемлекеттерде киберспортсмендерді оқытып шығаратын кафедралар осы жылы, яғни 2015-і жылдан бастап студенттер қабылдауда.

Қазақстанның өзін ғана алып қарасақ, киберспорт жайлы студенттер мен мектеп оқушылары болмаса, ешкім айтып жүрген жоқ. Бәрінің айтатыны не? Компьютер ойындары жаман. Менің ойымша, миымызда қатты тамырмен жабысып алған осы секілді ойларды түп тамырымен жойғанымыз абзал. Компьютер ойындарының жаман жағы бар, оны жоққа шығармаймын. Бірақ, жақсы, пайдалы жақтары да бар екендігін де ұмытпағанымыз абзал. Компьютер ойындары адамның ойлау қабілетін 2D-кеңістігінде ғана емес,  3D-кеңістігінде ойлауын дамытады.

Ұқсас сұрақтар

–1 дауыс
2 жауап
24.07.2013 Жалпы спорт Белгісіз сұрақ қойды
+3 дауыс
9 жауап
16.06.2013 Жалпы медицина Белгісіз сұрақ қойды
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы