+3 дауыс
5.1k көрілді
Допинг дегеніміз не?

9 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Көптеген спортсмендер жарыстарда өте жақсы нәтижеге жетуі үшін  табиғи немесе синтетикалық жолмен алған фармакологиялық заттарды қабылдайды, Бұл заттар адам органимінде гормондардың қызметін  тездетіп,жүректің,өкпенің,бұлшық еттердің қызметін сол жарыс кезінде күшейтіп,ерекше қуат береді.Қазір допингтің өзін бірнеше топқа бөледі.олар; психостимуляторлар эфедрин, кофеин,амфетамн,фенотропил...Аналгетиктер яғни аурырснуды басатын ,бұларды спортсмендер жаттығу кезінде аур жарақат алса да осы препапраттардың көмегімен жарсықа катысып,,өмірбойы мүгедек,тіпті өлімге әкеліп соқтырған жағдайлардан соң допинг қатарына енгізілген.Анальгетиктердің өзі үш категорияға бөлінеді стеройдты,ягни гормонды стеройдты емес,және наркотикті болып.Бүдан кейінгі сатыда өздерің естіп жүрген анаболиктер жатады.Анаболиктер дегеніміз тестестеронның табиғи және синтетикалық жолмен алынған аналогтары. Тестестерон адам организмінде азот қосылыстарын яғни белоктардың түзілуін  бұлшық еттерде РН Кның синтезін  тездетеді.Бұлшық еттің көлемі де салмағы да артады.Бүйректе эритропоэтинннің түзілуін үдетіп,бауырда гликогеннің қорының жиналуын жылдамдатады Осылардың бәрі спортсменге ерекше күш қуат береді.Соңғы кезде Халықаралық олимпиада коммитетінің шешімі бойынша допинг қатарына  диуретиктер де (зәр айдағыш дәрілер) енгізілген,себебі жоғарыда аталған допингтерді спортсменнің организмінен шығару үшін диуретиктер кеңінен қолданылады және допинг қолданған спортсмендерде  допингтест теріс нәтиже көрсетеді.
+2 дауыс
Допинг ( ағылш. dope — есіртке ; ағылш. doping — есіртке беру ) — кейінгі жылдары спортқа кенедей жабысып, оның ажырамас бөлігіне айналып барады. Спортшы­лар медаль , атақ, жеңіс , рекорд, ақша үшін белді бекем буып, допинг қолданып, денсаулықтарына зиян келетіндігіне да көңіл аударар емес. Бұл әрі жылдан-жылға қарқынды түрде өріс алып, спорт әлемін кеулеп барады. Допингке деген сұраныстың шектен тыс артуын қалт жібермей, оны үлкен бизнеске айналдырып отырған әккілер де баршылық. Интерпол деректері бойынша, дәл қазір допинг (тыйым салынған препараттар) айналымы наркотик айна­лымынан да асып түсуде. Осыған орай осы кеселмен күресу үшін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) құрылған. Содан бері спортты химия мен зұлымдық­тан тазартып, спорттық жоғары жетістіктерге тек әділетті жолмен қол жеткізуді қалайтын, көксейтін қызу күрес жүргізіліп келеді. Бір қызығы, допинг қолданғандар­дың арасында медицина мен химияны аса жақсы білмейтіндіктен, опық жеп жүр­гендері де баршылық. Мысалы, кейбір спортшылар ауырып-сырқаттанып неме­се жарақаттанып қалған кезде тезірек емделу үшін дәрі-дәрмектер қолданады. Осындайда оның құрамында тыйым салынған препараттар да бар екенін білмей, жаза басып, жазықты болып жүргендер де бар. Бүгінде допинг қолданғандары әш­кере болып, жазаларын тартып жатқан, тіпті жеңіп алған медальдарынан айыры­лып жатқан спортшылар көп-ақ. Бұл тұрғыда, Америка сияқты өркениетті ел­дер­дің спортшыларының өздері аяусыз жазаға тартылуда. Қазақстанда Өкінішке қарай, Қазақстан спортшыларының ішінде де допинг қолданғандықтан, спорттан алас­татылғандары баршылық. Бұл тұрғыда қазақ ауыратлеттерінің, жеңілатлеттерінің, шаңғышыларының және конькишілерінің бастарынан өткен жағдайды айтуға болар еді. 90-шы жылдары бұрын әйгілі жеңілатлет әйел Ольга Шишигинаға «допинг қол­данған» деп айып тағылып,Жетісудың қырмызы қызғалдағы 1996 жылғы Атланта Олимпиадасына қатысаалмады. Бірақ 2000 жылы Сиднейде Олимпиада чемпионыболып, өзінің нағыз аузымен құс тістеген дүлдүл екендігін дәлелдеп шықты. Ал 2007 жылы Қазақстан велоспортының серкелері Александр Винокуров пен Андрей Кашечкинге де «допинг қолданған» деген айып тағылды. Дәл қазір екеуі де өздерінің адал екендіктерін дәлелдеуге тырысуда. Бұл жерде жағдай мүлдем басқаша,себебі екеуінің басына түскен істе саясат басымырақ. Қазақтың нуы мен суынан нәр алып, ұлттық ком­па­нияларының қаржысы­нан жаралған команданың қамшының сабындай қысқа уақыт ішіндегі жетіс­тіктері мен амбициясы шетелдіктердің (Халықара­лық велоспорт басшыла­рының) қыты­ғына тиген тәрізді. ↑Бөлімнің басына оралу Допиң түрлері Стимуляторлар Стимуляторлар — адамның миына әсер ететін, денесінің жұмысқа деген қабілетін (ойлауқабілетін де, күш-қуатын да) үйлестіретін заттар. Спорт­шылар мұны шаршағандықтарын ба­сып, күш-қуаттары көпке дейін жоға­ры деңгейде болуы үшін қолданады. Сондай-ақ салмақ қууға да жақсы көмектеседі. Зиянды әсерлері — қан қысымын көтереді; ашушаң қылып, күйгелектікке түсіреді; бұған үйрені­сіп-бейімделіп кету ықтималдығы басым; тамаққа деген тәбетті жоғалта­ды; жүрек қағысына кері әсер етеді; кеуде мен бас ауырады; адамның бойы дірілдейді. Есірткелік анальгетиктер Есірткелік анальгетиктер — бұл ауырғанды басатын, адам ағзасына қатты әсер ететін заттар. Спортшылар мұны шаршағандарын басып, жарақат­тарының ауырғандарын білдірмеу үшін қолданады. Осының арқасында олар жарақаттарына қарамай, жарыс-бәсекені, сайыс-доданы одан әрі жалғастыра береді. Зиянды әсерлері — бұған үйреніп кету ықтималдығы шек­тен тыс басым; бойыңды ұстай алмай қалуың да мүмкін; ұйқышыл қылады; жүректі айнытады, құстырады; іш қатады; естен танып, құлап қалуың да кәдік. Мұны қолданған спортшыны үш ай ішінде тексерсе, бірден байқалады. Анаболиктер Анаболиктер — жасанды және таби­ғи компонентер, адам ағзасына әсер ете­тін әрекеттері тестостерон еркек гормонына ұқсас. Спортшылар мұны бұлшық еттерін, күштерінжәне тө­зім­ді­ліктерін арттыру үшін қолданады. Намысты қайрай түседі. Неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жаттығуға қол жеткізуге болады. Зиянды әсер­лері:.еркектер үшін — бүйрекке за­қым келтіреді, көкірек қуысыөседі; шаш түсе бастайды, аталық жұмыртқа қатаяды; белсіздікке (ұрықсыздыққа) және импотенцияға ұрындырады; безеу басып кетеді; ашушаң болып, төсек қатынасына деген «тәбет» күшейеді. Әйелдер үшін — еркекке тән қасиеттер дами бастайды, тіпті бетті түк басады; дауыс ырғағыөзгереді; етек­кір циклі өзгереді;ашушаңдық пайда болады. Стероидтар алты ай бойы ағзада қалып қоятындықтан, зәр арқылы мұндай допинг қолданғандар бірден әшкереленеді. Диуретиктер Диуретиктер — денеден сұйық шы­ғаратын препараттар. Қолданыстағы түрлері: ацетазоламид, хлорталидон, триамтерин. Әлбетте бұлар салмақ қуу үшін қолданылады. Сондай-ақ басқа­дай тыйым салынған препараттарды қолданғандарын білдірмеу үшін кеңінен пайдаланылады. Зәр айдағыш қасиеттерінің арқасында ағзадағы химиялық преператтар сыртқа тез шығарылады. Зиянды әсерлері — сусыздандырады; құрыстырады; басты ауыртады,бас айналады; жүрек ай­ный­ды; бүйрекке зақым келтіреді.
Екі рет жауап берген себебім ұялы телефонмен отыр едім,  текст сыймай қалды сондықтан екі рет жауап беруге тура келді.
+1 дауыс
Гормондар Пептидті гормондар және оған ұқсастар — белгілі бір функцияларды (атап айтқанда, қызыл қан тәндерін өндіру мен ауырсынуды) бақылау үшін адам ағзасында пайдаланылған заттар. Жасанды жасалған түрлері де болады. Қолданыстағы түрлері:өсу гормондары, эритропоиетин. Өсу гормондарыбұлшық ет пен күшті көбейтеді, жарақаттың тез жазылуы мен жаттығу жұмыстарынан кейін спортшының спорттық бабына тезірек келуіне көмектеседі. Эритропоиетин қанның оттегіні тезірек игеру қа­білетін арттырады, бұл өз кезегінде спортшының неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жаттығып, бәсекеге түсуіне ықпал етеді. Өсу гормондарын көп пайдалану қолдың, аяқтың, бет пішін мен ішкі орган­дардың өсуіне кері әсерін тигізеді. Мұны медицинада акромегалия дейді. Эритропоиетинді көп қолдану қанның қоюлануына әкеп соғады, ал бұл өз кезегінде талмалы ауруға, инфарктқа ұшырауға, тіпті өліп кетуге ұласады. Қан допиңы Қан допингі — бұл спортшыныңқанының құрамындағы эритроциттер шамасын арттыру, осылайша қанның оттегіні тезірек игеру қабілеті күшей­тіледі. Қолданыстағы түрлері: спортшы­ның қанына донорлық эритроциттер құю. Сондай-ақ басқа да әдіс-тәсілдері бар: ірі жарыс-бәсекеге дейін екі-үш ай бұрын спортшыдан белгілі бір мөлшер­де қан алынып (немесенағыз спорттық бабына келген кезінде алынуы да мүмкін), бұл қан консервіленеді (зерт­ха­налық жағдайда сақталады), ал нақты керек кезінде әлгі қан ағзаға қайта құйы­лады. Мұны қолданудағы басты мақсат — қанның оттегініигеруін күшейте түсу. Осындай жолмен қан допингін қолдану адамның ағзасы үр жаңа қалыпқа түскендей етеді. Әрі олар төзімді де, шыдамды бола түседі. Зиян­ды әсерлері — қан түйіршік­тері пайда болады; қан айналым жүйесіне жүктеме түседі; аллергиялық реакциялар бүй­рек­ке зақым келтіреді; инфекциялық аурулар таралады. Көпке дейін мұны анықтау мүмкін болмай келген, бірақ қазір «ағынды цитоме­трия» мұндай допинг қолданғандарды айна-қатесіз айқындап береді. Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар — бұл зәр анализін бұрмалау үшін әртүрліәдіс­тер мен препараттар қолдану. Қолда­ныс­тағы түрлері: басқа адамның зәрін пайдалану (өткізу), эпитестостерон және бромантан қолдану. Спортшылар өздерінің зәрлерінің анализінде тыйым салынған препараттар бар екендігін жасыру үшін осындай әрекеттерге барады. Зиянды әсерлері тым аз. Мұны анықтау аса қиын емес, тек тексеруші шектен тыс мұқият болса болғаны. Гендік терапия Гендік терапия — бұл кейінгі кездегі химиктердің жаңа жетістігі. Cебебі, уақыт өткен сайын өмір бір орында тұрмай, жаңа техно­логиялар жетілген үстіне жетіле түсуде. Гендік терапия — спортшы ағзасынан оның допинг қолданғандығын білдір­меу мақсатында ойланып шығарылған допинг түрі. Бұл ең әуелі бұлшық еттерісырқырайтын егде жастағы адамдар мен бұлшық еттері зақымданған адам­дарды емдеу үшін шығарылған жаңа клиникалық сынақ еді. Мұнда сырқат адамның ағзасына синтетика­лық ген енгізіледі. Бұлшық ет тіндерінің «құ­рылыс материалына» айналған синте­ти­калық генді бірнеше жылдардан соң табиғигендерден айыру мүмкін болмай қалады екен. Алайда қазір медицина­ның бұл жетістігі гендік допингке де айналып барады. Мұның артықшылы­ғы синтетикалық ген өнімдері қан айналымына түспейді, енбейді. Сон­дықтан қан мен зәрден сынақ алынған кезде мұндай допинг қолданылғанын анықтау мүлдемүмкін емес. Осыған орай WADAғалымдарға гендік тера­пияныңспортқа енуіне тосқауыл болу­ларын өтініп, ұсыныс жасады. Допинг­ке қарсы ірі ғылыми орталықтар осын­дай допингті бақылау әдістерін зерт­теуде. Әзірше мұндай допинг қолданған адамдарға қандай зиянды әсерлері тиетіні де дөп басып айқындалмаған.
Екі рет жауап берген себебім ұялы телефонмен отыр едім,  текст сыймай қалды сондықтан екі рет жауап беруге тура келді.
+1 дауыс

Допинг (ағылш. dope — есіртке; ағылш. doping — есіртке беру) — кейінгі жылдары спортқа кенедей жабысып, оның ажырамас бөлігіне айналып барады.

Спортшылар медаль, атақ, жеңіс, рекорд, ақша үшін белді бекем буып, допинг қолданып, денсаулықтарына зиян келетіндігіне да көңіл аударар емес. Бұл әрі жылдан-жылға қарқынды түрде өріс алып, спорт әлемін кеулеп барады. Допингке деген сұраныстың шектен тыс артуын қалт жібермей, оны үлкен бизнеске айналдырып отырған әккілер де баршылық. Интерпол деректері бойынша, дәл қазір допинг (тыйым салынған препараттар) айналымы наркотик айна­лымынан да асып түсуде.

Осыған орай осы кеселмен күресу үшін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) құрылған. Содан бері спортты химия мен зұлымдықтан тазартып, спорттық жоғары жетістіктерге тек әділетті жолмен қол жеткізуді қалайтын, көксейтін қызу күрес жүргізіліп келеді.

Бір қызығы, допинг қолданғандардың арасында медицина мен химияны аса жақсы білмейтіндіктен, опық жеп жүргендері де баршылық. Мысалы, кейбір спортшылар ауырып-сырқаттанып немесе жарақаттанып қалған кезде тезірек емделу үшін дәрі-дәрмектер қолданады. Осындайда оның құрамында тыйым салынған препараттар да бар екенін білмей, жаза басып, жазықты болып жүргендер де бар.

Бүгінде допинг қолданғандары әшкере болып, жазаларын тартып жатқан, тіпті жеңіп алған медальдарынан айырылып жатқан спортшылар көп-ақ. Бұл тұрғыда, Америка сияқты өркениетті елдердің спортшыларының өздері аяусыз жазаға тартылуда.

Мазмұны  
1 Қазақстанда
2 Допиң түрлері
2.1 Стимуляторлар
2.2 Есірткелік анальгетиктер
2.3 Анаболиктер
2.4 Диуретиктер
2.5 Гормондар
2.6 Қан допиңы
2.7 Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар
2.8 Гендік терапия

Қазақстанда

Өкінішке қарай, Қазақстан спортшыларының ішінде де допинг қолданғандықтан, спорттан аластатылғандары баршылық. Бұл тұрғыда қазақ ауыратлеттерінің, жеңілатлеттерінің, шаңғышыларының және конькишілерінің бастарынан өткен жағдайды айтуға болар еді. 90-шы жылдары бұрын әйгілі жеңілатлет әйел Ольга Шишигинаға «допинг қолданған» деп айып тағылып, Жетісудың қырмызы қызғалдағы 1996 жылғы Атланта Олимпиадасына қатыса алмады. Бірақ 2000 жылы Сиднейде Олимпиада чемпионы болып, өзінің нағыз аузымен құс тістеген дүлдүл екендігін дәлелдеп шықты. Ал 2007 жылы Қазақстан велоспортының серкелері Александр Винокуров пен Андрей Кашечкинге де «допинг қолданған» деген айып тағылды. Дәл қазір екеуі де өздерінің адал екендіктерін дәлелдеуге тырысуда. Бұл жерде жағдай мүлдем басқаша, себебі екеуінің басына түскен істе саясат басымырақ. Қазақтың нуы мен суынан нәр алып, ұлттық компанияларының қаржысынан жаралған команданың қамшының сабындай қысқа уақыт ішіндегі жетістіктері мен амбициясы шетелдіктердің (Халықаралық велоспорт басшыларының) қытығына тиген тәрізді.

Допиң түрлері 

Стимуляторлар 

Стимуляторлар — адамның миына әсер ететін, денесінің жұмысқа деген қабілетін (ойлау қабілетін де, күш-қуатын да) үйлестіретін заттар. Спортшылар мұны шаршағандықтарын басып, күш-қуаттары көпке дейін жоғары деңгейде болуы үшін қолданады. Сондай-ақ салмақ қууға да жақсы көмектеседі. Зиянды әсерлері — қан қысымын көтереді; ашушаң қылып, күйгелектікке түсіреді; бұған үйренісіп-бейімделіп кету ықтималдығы басым; тамаққа деген тәбетті жоғалтады; жүрек қағысына кері әсер етеді; кеуде мен бас ауырады; адамның бойы дірілдейді.

Есірткелік анальгетиктер — бұл ауырғанды басатын, адам ағзасына қатты әсер ететін заттар. Спортшылар мұны шаршағандарын басып, жарақаттарының ауырғандарын білдірмеу үшін қолданады. Осының арқасында олар жарақаттарына қарамай, жарыс-бәсекені, сайыс-доданы одан әрі жалғастыра береді. Зиянды әсерлері — бұған үйреніп кету ықтималдығы шектен тыс басым; бойыңды ұстай алмай қалуың да мүмкін; ұйқышыл қылады; жүректі айнытады, құстырады; іш қатады; естен танып, құлап қалуың да кәдік. Мұны қолданған спортшыны үш ай ішінде тексерсе, бірден байқалады.

Анаболиктер — жасанды және табиғи компонентер, адам ағзасына әсер ететін әрекеттері тестостерон еркек гормонына ұқсас. Спортшылар мұны бұлшық еттерін, күштерін және төзімділіктерін арттыру үшін қолданады. Намысты қайрай түседі. Неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жаттығуға қол жеткізуге болады. Зиянды әсерлері: .еркектер үшін — бүйрекке зақым келтіреді, көкірек қуысы өседі; шаш түсе бастайды, аталық жұмыртқа қатаяды; белсіздікке (ұрықсыздыққа) және импотенцияға ұрындырады; безеу басып кетеді; ашушаң болып, төсек қатынасына деген «тәбет» күшейеді.

Әйелдер үшін — еркекке тән қасиеттер дами бастайды, тіпті бетті түк басады; дауыс ырғағы өзгереді; етеккір циклі өзгереді; ашушаңдық пайда болады. Стероидтар алты ай бойы ағзада қалып қоятындықтан, зәр арқылы мұндай допинг қолданғандар бірден әшкереленеді.

Диуретиктер — денеден сұйық шығаратын препараттар. Қолданыстағы түрлері: ацетазоламид, хлорталидон, триамтерин. Әлбетте бұлар салмақ қуу үшін қолданылады. Сондай-ақ басқадай тыйым салынған препараттарды қолданғандарын білдірмеу үшін кеңінен пайдаланылады. Зәр айдағыш қасиеттерінің арқасында ағзадағы химиялық преператтар сыртқа тез шығарылады. Зиянды әсерлері — сусыздандырады; құрыстырады; басты ауыртады, бас айналады; жүрек айныйды; бүйрекке зақым келтіреді.


Пептидті гормондар және оған ұқсастар — белгілі бір функцияларды (атап айтқанда, қызыл қан тәндерін өндіру мен ауырсынуды) бақылау үшін адам ағзасында пайдаланылған заттар. Жасанды жасалған түрлері де болады. Қолданыстағы түрлері: өсу гормондары, эритропоиетин. Өсу гормондары бұлшық ет пен күшті көбейтеді, жарақаттың тез жазылуы мен жаттығу жұмыстарынан кейін спортшының спорттық бабына тезірек келуіне көмектеседі. Эритропоиетин қанның оттегіні тезірек игеру қабілетін арттырады, бұл өз кезегінде спортшының неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жаттығып, бәсекеге түсуіне ықпал етеді. Өсу гормондарын көп пайдалану қолдың, аяқтың, бет пішін мен ішкі органдардың өсуіне кері әсерін тигізеді. Мұны медицинада акромегалия дейді. Эритропоиетинді көп қолдану қанның қоюлануына әкеп соғады, ал бұл өз кезегінде талмалы ауруға, инфарктқа ұшырауға, тіпті өліп кетуге ұласады.

Қан допингі — бұл спортшының қанының құрамындағы эритроциттер шамасын арттыру, осылайша қанның оттегіні тезірек игеру қабілеті күшейтіледі. Қолданыстағы түрлері: спортшының қанына донорлық эритроциттер құю. Сондай-ақ басқа да әдіс-тәсілдері бар: ірі жарыс-бәсекеге дейін екі-үш ай бұрын спортшыдан белгілі бір мөлшерде қан алынып (немесе нағыз спорттық бабына келген кезінде алынуы да мүмкін), бұл қан консервіленеді (зертханалық жағдайда сақталады), ал нақты керек кезінде әлгі қан ағзаға қайта құйылады. Мұны қолданудағы басты мақсат — қанның оттегіні игеруін күшейте түсу. Осындай жолмен қан допингін қолдану адамның ағзасы үр жаңа қалыпқа түскендей етеді. Әрі олар төзімді де, шыдамды бола түседі. Зиянды әсерлері — қан түйіршіктері пайда болады; қан айналым жүйесіне жүктеме түседі; аллергиялық реакциялар бүйрекке зақым келтіреді; инфекциялық аурулар таралады. Көпке дейін мұны анықтау мүмкін болмай келген, бірақ қазір «ағынды цитометрия» мұндай допинг қолданғандарды айна-қатесіз айқындап береді.
Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар 

Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар — бұл зәр анализін бұрмалау үшін әртүрлі әдістер мен препараттар қолдану. Қолданыстағы түрлері: басқа адамның зәрін пайдалану (өткізу), эпитестостерон және бромантан қолдану. Спортшылар өздерінің зәрлерінің анализінде тыйым салынған препараттар бар екендігін жасыру үшін осындай әрекеттерге барады. Зиянды әсерлері тым аз. Мұны анықтау аса қиын емес, тек тексеруші шектен тыс мұқият болса болғаны.

0 дауыс
Допинг (doping) – ағылшынның dopе деген сөзінен алынған. Қазақша бала­масы «наркотик беру» дегенді біл­діреді. Спортта «допинг қабыл­да­ды» деген тіркес тек наша қабылдаған кезде ғана емес, спорттық көр­сет­кіш­терді жақсартып жіберетін табиғи және синтетикалық кез келген заттарды пайдаланған кезде айтылады. Мұндай заттар қысқа мерзім ішінде кенеттен спортшының жүйке жүйесіне әсер етіп, бұлшық еттерін күшейтіп жібереді. Бұл дегеніміз – керемет жетістіктерге жат­ты­ғудың көмегінсіз-ақ допинг қабыл­дап жетуге болады деген сөз. Спортта допинг қабылдауға қатаң тыйым са­лын­ғаны сондықтан.

Дегенмен допингінің түрлері өте көп. Мәселен, допингіге жататын ын­та­ландырғыш заттарды тек дода ке­зін­де ғана пайдалануға тыйым салынған. Мұн­дай заттар алдымен адамның жүйке жүйесіне әсер етеді де, өзін уақытша жақсы сезінуге жағдай жа­сай­ды. Алайда шектен тыс пайдалану адам өміріне қауіпті. Бүгінде мұндай допингілерге, негізінен, мына заттар жатады: амфетамин, эфедрин, псев­доэ­федрин, кокаин, кофеин, стри­х­нин, фенотропил, мезокарб (сид­но­карб). Осылардың ішінде спорт­­шылардың ағзасында ең жиі кез­десетіні – кофеин. Әзірге Анти­до­пингілік агенттік кофеин қабылдауға жарыстар кезінде де тыйым салған жоқ. Өйткені бұл зат күнделікті тамақтанып жүрген шай және кофенің құрамында да болады.
0 дауыс
Ол адамның күшін екі есе қылатын дәрі
0 дауыс
Допинг адамның физикалық мүмкіндіктерін арттыратын химиялық заттар.
0 дауыс
Жарыстар жеңіске жету үшін қолданылатын зат.Адамға күш беретін зат.
0 дауыс
Саламатсыздарма Алаш журты Маган киберспорт туралы малиметтер керек еди.Отинем жауапсыз калдырманыздаршы.Кутем!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 15.03.2015 Жалпы спорт сұрақ қойды
–1 дауыс
2 жауап
Белгісіз 24.07.2013 Жалпы спорт сұрақ қойды
...