0 дауыс
4.7k көрілді
Өмірдегі өзіңізді бақытты сезінген сәтіңіздің әсерімен толықтырып жазып бөлісе аласыз ба? Тек бір екі сөзбен ғана емес, толық сипаттап жазып берсеңіз.

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең алғашқы ұлым дүниеге келгенде қатты қуанғаным бар. Рамазан айының аптап ыстығында ауыз ашып, көңіл-қошым көтерілген уақытта естігем бұл хабарды. Осы қасиетті айдың қасиетті жұма күнінде Рамазан атты ұлды боп шаттанғаным, енді әке деп аталатын келесі бір жауапкершілікті талап ететін жүкті мойныма артқанымды да ақылыма түйгенім есімде.
0 дауыс
Фотосуреттей боп сақталып қалған үш кескін бар жадымда. Өзім де анда-санда соларға қарап күш жинаймын. Бірақ ешкімге көрсеткім келмейді. Басқалардың ұстап көргенін, тиіттей болса да сызат, дақ түскенін қаламаймын. Әркімнің сондай естелігі бар шығар деп ойлаймын.
0 дауыс
Менің ең бақытты сезінген,аспанда ұшып жүргендей кейіпке түскен сәтім ол-ана атанған кезім.Кішкентай ғана шаалағымды қолыма алған сәтте бұл әлемде менен артық бақытты ана жоқ сияқты болды.Қолымдағы баламның әрбір саусаүғын ұстап тұрып,қызыма әр түрлі тілегімді Алладан тілеп тұрдым.

Бақыт деген не өзі, білесің бе ?
Апам марқұм айтушы еді бір есімде
Адамдардың барлығы бұл өмірге
Бақыт үшін жаралған деп күресуге.
Бақыт деген қайда өзі, бақшада ма?
Қына құсап шыға ма тасқа ғана
Мейлі қанша тірнектеп жинасаң да
Өмір бойы жетпейтін ақшада ма?
Байлық шығар сол әлгі бақыт деген
Санаспайтын ешқандай уақытпенен
Ауылда ма бақытым, қалада ма?
Ешкім аяқ баспайтын далада ма?
Көрінеме көзге сол бақыт өзі
Жауындама басылған жаңа ғана
Боласың ба? Бақытты сонда ғана
Бақыттымын деп ойлар кейбіреулер
Қымбат бұйым ұстаса қолға дара
Бақыт па екен кең сарай үйің болса
Қызғанатын өзгелер күйің болса
Бақыт сенің достым-ау өз үлесің
Бақытыңа түбі сен кезігерсің
Бар адамды сонда сен сүйсіндіріп
Бақыттысың қарашы дегізерсің
0 дауыс
Шынымды айтсам нақты онай есімде жоқ, әрбір күніме шүкір, альхамдулиллах, қатты қиыншылық көрмеген сон қуанышты сәттерімді тез ұмытып кетемін.
0 дауыс
Менин ойымша ар айел адам ушин ана болу бакыт ер адам ушин аке болу бакыт будан артык бакыт жок жакында озим ана атандым бул алемде меннен аскан бакытты ана жок кошаканымнын ар кимылдары жымиып кулгени мен ушин бакыт осы бакыттан кудайым ешканшан айырмасын деп тилеймин ар отбасында шырылдаган сабидин уни естилсе сол бакыт акемиз жумыстан шаршап келип кызынын бир кулгенин корип шаршаганын умытып кетеди кызым мен жолдасымнын бакытты ж уздерин корген менде бакыттымын
0 дауыс
Негiзiнде бақытты шақ, балалық шаққой. Уайым жоқ, қайғы жоқ, сезiм жоқ...

Ұқсас сұрақтар

...