0 дауыс
3.6k көрілді
Көп ұйықтаудың зиянды тұстары қандай?
14 наурыз-ұйқы күні)))

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең бастысы алтын уақытың кетеді.Ал одан кейін қалған ауру сырқаулар пайда болады- әлсіздік,мұрыннан қан кету,тез шаршау,ойлау қабілетің жай дамидыа(логика)
–2 дауыс
Адам көп ұйықтаса ерте қайтыс болады деп естігем!
Қой, керісінше аз ұйықтайтын адам шығар.
+1 дауыс
Көп ұйықтағаннан кейін адам шаршайды. Ең бастысы, уақытты шығындау. Кез келген рахат шектен шыққанда зиянға айналады.
+3 дауыс
Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқының қанбауы адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Алайда қажетті уақыттан көп ұйықтау да адам денсаулығына зиян.

 

Америкалық медицина академиясының жаңа зерттеулері бойынша, шамадан тыс көп ұйқының әсерінен диабет, жүрек ауруларына шалдығу мен артық салмақ қосу қаупі бар. Сондай-ақ, ғалымдардың пікіріне сүйенсек, күніне 7 сағаттан артық ұйықтайтындар ерте қайтыс болатын адамдар қатарына жатады екен.

Сонымен қатар, көп ұйықтау адамның:
1. Жүрек жұмысын нашарлатады.
2. Ағзасын әлсіретеді.
3. Есте сақтау қабілетін төмендетеді.
4. Басын ауыртады.
5. Сергектігін азайтады.

 

Шамадан тыс ұйқы уақытты тиімді пайдалануға да мүмкіндік бермейді. Көп ұйықтаудың әсерінен адам бір күннің ішінде атқаруға тиіс жұмыстарын кейінге қалдырады немесе мүлде атқармайды. Сондықтан, көп ұйықтаудың кері әсерінің де бар екенін үнемі есте ұстаған жөн.
0 дауыс
Көп ұйықтаудың зияны. Ағза әлсірей бастайды. Аз ұйқтау да зиян. Негізі қалыпты нормада болу керек. Көп ұйықтау сабақтан, жұмыстан кешіктіреді.

Ұқсас сұрақтар

...