0 дауыс
7.3k көрілді
Ешқашан қосылмайтын екі ағыс қайда орналасқан?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Атақты Жак Ив Кусто  Гибралтар бұғазындағы су жазықтықтарын зерттеп жүріп, адам нанғысыз, тіпті, ғылымның өзі түсіндіре алмастай дерек тапқан. Ол бір жазықтықта ағып жатса да, бір-бірімен еш қосылмайтын су қабаттарын көрген. Олар тап бір жұқа қабықшамен бөлініп қойылғандай, әйтеуір белгілі бір шекарасы бар. Екі жақтың да өзіне тән температурасы, өзіндік тұздық құрамы, тіпті бөлек жануарлары мен өсімдік әлемі бар. Бұл –Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты суының Гибралтар бұғазында бір-бірімен тоғысатын жері.
Ғалым дәл осы көріністің куәгері болғанда, есінен танып қала жаздаған екен.
Жергілікті тұрғындар бұл жерді "жарық дүниенің шеті" деп атайтын көрінеді.
Бүгінде ғалымдарымыз бұл табиғи құбылыстың сырын аша алмай отыр. Бір топ ғалымдар екі теңіздің қосылмауына физикалық күштер әсер етіп отыр дегенді айтады. Десе де, бұл тұжырым нақты әрі дәлелді емес. Сондықтан Табиғат-Ананың тағы бір жұмбағы шешусіз қалып отыр.
0 дауыс
Өскеменде Ертіс өзенімен Ульба өзені,
0 дауыс
Екі теңіздің суы қосылмайды емес....қосылады....бірақ екі судың тұздылығы әр түрлі болғандықтан көбікті перде байқалады....Сондықтан мұндай құбылысты кез-келген тұздылығы әр түрлі сулардың тоғысқан жерінде көруге болады....

 

P.S          Балқашта болмаппын...бәлкім сонда да бар шығар
...