0 дауыс
3.9k көрілді
Менің Құлан бағдарламасы бойынша несие алғым келеді. Бағдарлама талап еткендей мал басым бар. Кепілдікке қоятын Алматы қаласында үйім бар.  Бірақ шаруа қожалығым жоқ. Бар мәселе осында боп тұр. Қожалық ашып несие аламын ба десем,  қожалықтың стажы 3 жылдан кем болмауы  керек дейді.   Қожалығы бар адамдар бұл бағдарлама бойынша жұмыс жасағысы келмейді. Ал жұмыс істегісі келетін адамдарға  осындай кедергілер бар. Сонда не істеу керек? Жауап берсеңіздер. Осы тығырықтан қалай шығуға болады?

2 жауап

0 дауыс
Жылқы шаруашылығын дамытуға арналған кредиттеу бағдарламасы «Құлан»

Бағдарлама мақсаты

Етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы топ

Заңды және жеке тұлғалар(ШҚ ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Заңды және жеке тұлғалар үшін:

- жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алу;

- негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру

КС үшін:

- жылқылардыңаналықбасынжәнетұқымайғырлардысатыпалуға КС қатысушыларынқаржыландыруүшін КС кредиттеу.

Қайнар көзі

РБ, ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

Жылқыларды сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі

Корпорация/КС қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі.

Жылқыларды сатып алуға төлем нысаны – қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз:

- Корпорация/КС қарыз алушыларыжылқылар үшін қолма-қол төлем нысанын сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспаған мөлшерде қолданады.Егер кредиттің жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда – қарыз 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі.

- Жылқылар үшін қолма-қол ақшасыз төлем нысаны Корпорация/КС жеке тұлғасының-қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.

Жылқылар үшін қолма-қол төлем нысанын Корпорация/КС заңды тұлғалары-қарыз алушылары заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданады.

Транштармен қаржыландырған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру Корпорация/КС қарыз алушылары алдыңғы транш бойынша ақшалай қаражаттың нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады, егер өзгесі Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен бекітілмесе.

Сома

қарыз алушылар үшін, КС қоспағанда – 4 500 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін;

КС үшін – 4 500 000 теңгеден бастап 100 000 000 теңгеге дейін

Кредиттердің түрлері

Жылқылардың аналық басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/ жаңартылмайтын кредит желісі, тұқым айғырларды сатып алу мен айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.

Кредит желісінің мерзімі

120 айға дейін

Кредит/транш мерзімі

- жылқылардыңаналықбасынжәнетұқымайғырлардысатыпалу – 120 айғадейін;

- негізгіқұралдардысатыпалу мен жөндеу – 120 айғадейін;

- айналымқаражатынтолтыру – 24 айғадейін

Кредиттеу ставкасы

- қарызалушыларүшін (КС қоспағанда) – жылқылардысатыпалуға – жылдық 14% (субсидиялаудыесепке ала отыра, жылдық 7%), техника мен жабдықтысатыпалуға – жылдық 14% (субсидиялаудыесепке ала отыра, жылдық 4%) (СЖТС – жылдық 14% бастап)

- КС үшін – жылдық 4% (КС қарызалушыларыүшін – жылдық 9% артықемес) (СЖТС – жылдық 4% бастап)

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ай сайын, тоқсан сайын

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

- жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әр траншты беру күнінен бастап 36 айдан артық емес;

- айналым қаражатын толтыруға – әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес.

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар

- төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;

- кредиттеу үшін өтінімді беру/қарастыру күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

- кредиттеу үшін өтінімді беру/қарастыру күніне ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

- теріс кредиттік тарихының болмауы;

- жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескенқызметтуралышарттарбойыншажәне (немесе) қарызалушығажергілікті атқарушы органдар бергенортақпайдаланужерлерініңболуы;

- шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (жылқылар болған жағдайда);

- саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын жылқылардың) 30 %-нан кем емес меншікті жылқылар басының болуы.

- Меншікте жылқылар болмаған жағдайда, қарыз алушы сатып алынатын жылқылар санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

- сатыпалынатынжылқының (биенің) жасы 12-ден бастап 36 айдықоса;

- сатып алынатын жылқылардың аналық басын қаржыландыру көлемі жылқының бір басы үшін 350 000 (үш жүз елу мың) теңгеден аспауы тиіс;

- жасы 24 айдан артық, жылқылардың саны өсу жасындағы 15 тұқым биеге 1 өндіруші арасалмағымен меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын өндіруші айғырлардың болуы;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын жылқылар басын бірдейлендіру.
0 дауыс
Менде құлан багдарламасына катыскым келеды жылкым бар  30 бас  шыгыс казакстан Тарбагатай ауданы Ақсуат ауылында турам  87074238308
...