0 дауыс
2.4k көрілді

Бүгін конференцияда отырып мынадай ой келді. Неге кейбір адамдар шаршы топ алдында сөйлегенде жұрттың бәрі ұйып тыңдап қалады? Ал кейбір адамдардың баяндамасының мазмұны қанша қызық болса да, назарың басқа жаққа ауып кете береді? Тыңдарманның назарын өзіне аударып сөйлеудің құпиясы неде? (Нақты психологиялық дәйектемелер болса... )  

4 жауап

+2 дауыс
Арасында аз ғана пауза жасап тұру керек, маңызды жерін айтқаннан кейін міндетті түрде үзіліс жасасан әрі қарай да көпшіліктің назарын аударуға болады, тез тез айтып шыққаннан жалықтырады қанша қызықты темада болса да. График сызып, қолмен сипаттап беріп түсіндіретіндер жұртты өзіне тез аударады.

Мектепте оқығанымызда да өзіміз кейбір мұғалымдерді қатал болмаса да ұйып тыңдап, кейбіреулерінде ұйықтап отыратын едік ғой, солардан да мысал ретінде үйренсен болады, олар несімен қызықтыра алғандарын.
Рахмет) Үзіліс жасау дегеніңіз, шынымен, дұрыс сияқты) Бірақ мектептегі мұғалімдерден мысал ретінде үйрене алмайтын шығармын. Бітіргеніме біраз болды)))
+3 дауыс
.

Жалпы нақты сөйлеңііз және әр жердегі тыныс белгіге қараңыз.Қағаздан көз алмай тұру болмайды тек анда санда қараған жөн. Қолды қозғалтып тұрып түсіндіре сөйлеу қажет.Егер ұзақ конференция болса арасында сергіту сәті ретінде әзіл-шыны араластырып,көңілдерін қызықтыра көтеріп отыру керек.Сосын бірден бастап кетпей шаттық шеңберін ұйымдастырып жіберу керек.Өз-өзіңізге деген сенімділік – қоршаған ортаңызда қадір-қасиетіңізді арттырып, мансап жолында үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын қасиет. Бірақ, өзіңізге деген сенімділікті тәкаппарлықпен шатастырып алмаңыз.

Абай атамыз айтқандай, тек ақылыңыз бен қайратыңыз екі жақтап алып шығады. Оны дұрыс тәрбиелеудің бірнеше жолдары бар:

2. Бойыңызды тік ұстап, қадамдарыңызды сенімді басыңыз. Басыңызды төмен түсіріп, аяқтарыңыздықалай болса солай қойып тұрмаңыз.. Бұл сізге мән-мағына сыйлайды. Бойыңызда батылдылық пайда болып, қоршаған ортаңызда беделіңізді арттырады.

. Өз ойыңызды білдіруден қорықпаңыз. Үлкен компаниялар мен ұжым арасында жұмыс жасайтын адамдар айтқандары күлкілі әрі ойға сыймайтындай болып көрініп қалар деп өз ойын білдіруден қорқады. Алайда, ойыңызды айту арқылы жеке пікірі бар тұлға екеніңізді танытасыз.
0 дауыс
Қысқа-нұсқа жауап берсем. Ең алдымен тіл байлығы. Әдеби және көркем тілде, сөздің майын тамызып, мақалдатып сөйлеу. Одан кейін айтып тұрған сөзіңді ашық әрі бәріне түсінікті қылып сөйлеу.
0 дауыс
бастысы керек создерге дурыс екпин кою. мысалы бир сойлемнин магынасы ишиндеги бир немесе еки созде болады. ойды накты ари кызыкты етип жеткизу. кызыктыру ушин усынылып отырган аудитория сенен не кутип отырганын умытпау. кыскасы: накты, жан/жакты, кишигирим азилмен, кыска сойлеген утымды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 6.07.2022 Жанұя сұрақ қойды
+1 дауыс
10 жауап
...