0 дауыс
1.8k көрілді
Гугл-дан іздесем мазмұндары, идеясы, ашық сабақтар шығып кете береді

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Поэманың қысқа нұсқасы

I бөлім

Тыныш жатқан қазақ еліне жоңғарлар шабады. Сол уақытта елінің,жерінің қиын жағдайға түскенін Қабай жырау зарлана айтады. Бастарына қара бұлт төніп, батырларынан айырылған қазақ елінің ауыр жағдайы суреттеледі. Сол уақытта Қабай жырау өліктер арасынан кішкентай баланы тауып алады......

IIбөлім

Бала Райымбек ат жарысынан "Райымбек! Райымбек!" деп өз атын өзі ұрандап келеді. Баланың бұл қылығына ауыл ақсақалдары ашуланады. Райымбек өзіне Қабай жырауды қалқан тұтып, өз ойында түйіп жүрген сөздерін халыққа айтады. Оның осы айтқандарынан кейін әкесі Түке қайтыс болады. Райымбектің жасы 18-ге толады. "Қазақтарды жау шауып жатыр", деген хабарды естіген Райымбек жауға аттанбақ болады.......

III бөлім

Өзінің жауға аттанбақ тілегін биге айтады.Би оған қиын да қатыгез талап қояды.Би батырға Іледен өтсе, тілегі орындалатынын айтады. Бидің шартын орындап, Ілені кесіп өтеді. Халықтың ықыласына бөленіп, артына қол жинап, жауға шабады.

Поэманың идеясы

Поэманың негізгі идеясы - XVIII ғасырдың басында жоңғарларға қарсы шапқан Райымбек батырдың ерлігін кейінгі жас ұрпаққа дәріптеу. Жастарға патроиттық сезім сыйлайтын туындыларды оқыту. Елін, жерін сүюге уйрету.

Поэманың басты кейіпкері

Поэманың басты кейіпкері - Райымбек Батыр. Райымбек Түкеұлы[1] (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі Албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген.

 

«Қара таудың басынан көш келеді».

Қара жорға шайқалып, бос келеді.

Қара күнді жамылып, қара қазақ

Қара түнді басынан кешкен еді.

Қара қайғы көрсетпей ештеңені,

Қара жауы қанатын кескен еді.

Шұлғау болып қыздардың кестелері,

Талай қара шаңырақ өшкен еді.

«Қара таудың басынан көш келеді!!!»

Қара жұртта бықсыған шала қалған,

Аналардан ес кеткен, балалардан.

Тал да таппай қармауға жағалаудан,

Ақыл қашқан адыра бабалардан.

Қандай қарғыс атты екен қайран елді?!

Қайда барып тығылар паналауға?!

Қайда барып, қалжырап жатыр екен?!

Қандай сорды сортаңын татар екен?!

Көр болса да болса екен қазақ жері,

Қазақ жері болғасын

-

Атамекен.

Көш келеді, боздатып боз даланы,

Көз ұшында боз сағым қозғалады.

Әлдекімнің естілсе созған әні,

Әлдекімдер аңырап жоқтау айтса,

Әр кеудеде бір шемен қозданады

Әр қазақтың естіліп боздағаны.

«Қауқары жоқ қайран жұрт, қайран халық,

Сайран салып жатушы ең, жайлау барып.

Опат болып, ақ ордаң ойраңданып,

Қара жауың әкеліп қара қайғы,

Тас уатты-ау тебеңе тайраң қағып.

Аңырауды доғарып, аттан қазақ!

Алты жасар ұлыңды майданға алып».

Шұбатылған шаң көріп алыстағы,

Қабай-жырау жар сала дауыстады:

-Жау келеді, жұртым-ау, жау келеді!

Жаудан қалған жемтікке жабысқалы,

Тағдырыңды біржола тауысқалы...

Caп түзеді қажыған нар боздақтар,

Қара жаумен қайтадан алысқалы,

Қайта қозып қазақтың намыстары.

Қайта шулап, жамырап қатын, бала,

Қанға шөлдеп, қаңырсып жатыр дала.

Қайта жауып, жай оты шатырлаған,

Қайта төнген тамұқтың сотын қара.

Қара жауы қайтадан лап қойды,

Кезек бермей пақырға, батырға да.

Қазақ қанын сылқытып жатыр дала...

Қиқулаған қалың қол, құйын дерсің,

Қайтып оған шағын жұрт тыйым берсін,

Тозған жұртты топырлап, тапап кетті,

Қатыгез жау қайсыбір бұйым көрсін.

Боздақтардың желкесін шайнап кетті,

Қалған

малды қайтадан айдап кетті,

Қанжығаға

байланған қыз

-

келіншек,

Бозторғайы шырылдап, сайрап кетті.

Хас батырдың көзі еді қара жорға,

Қара

жаудың астында

ойнап кетті.

(Кім айдаса, соныкі түздің малы.)

Қара

жауға қатын боп қыздың бәрі,

Әр

өлікке жалп беріп, қонып жатыр

Даланың түндік қанат құзғындары.

Тұяқ та жоқ тігерге дым қалмаған,

Жау жалмаған, жабысып, құм жалмаған,

Сырлар бар

-

ау қойныңда, туған далам

,

Ақтарылған қанынан қазағыңның,

Құзғыны

да құдайдың құр қалмаған.

Сенде ме?..

Сенде сұмдық сыр бар, далам...

Қан

сасыған далаға қарайды да,

Қуған

боп жүр құзғынды Қабай жырау:

-

Пәруәрдігер, неғылған сұмдық еді!

Өңім

бе, әлде түсім бе, қалай мынау?!

Боздақ

тардың даланы бояп қаны,

Құзғындар

да әнеки тояттады...

Өңім

болса, тәңірім, тарт жанымды,

Түсім болса, ұйқыңнан оятпағын?

Оятпағын, мәңгілік оятпағын?!

О, тәңірім!

Неғылған шаққа айналды?!

Бір өзіңе жалынып, жақ байланды,

Түнің тұтып, ақ таңың атпай қалды

,

He

қылығы жұртымның жақпай қалды

Көлім кеуіп, өзенім ақпай қалды,

О, тәңірім!

Неғылған шаққа айналды?!

Қаусаттың

-

ау іргемді қара жауым,

Қан

боп ақсын басыңа қара жауын!

Қатын

, қызың күң болып әр есікте,

Құл

боп өтсін мәңгілік балаларың!

Ордаң опат, айыры

л елдігіңнен,

Босамасын басың бір шерлі күннен,

Тоз

-

тоз болып ұрпағың әр қияңда,

Билігіңнен айырыл, теңдігіңнен!

Байқап еді өліктің қозғап бәрін,

Бәрі де өлік, бірі де сөз қатпады.

Қабай

-

жырау басы ауған жаққа кетті,

Құзғындарға

қалдырып боздақтарын!..

Кете барған, артына бұрылмаған,

Аят оқып, ішінен сыбырлаған.

Қозыкөш жер қырғыннан ұзағанда,

Құлын-дауыс естілді шырылдаған.

Аппақ нұрын жинап ап, тауға келіп,

Күн де батып барады қанға бөгіп,

-

О, жасаған, кімдікі әлгі дауыс.

Тірілді ме артымда қалған өлік!?

Жетім қалған құлындай құлдыраған,

Көз ұшында бір қара бұлдыраған.

Тағат етіп тұруға дәрмен қайда,

Аттың басын сол жаққа бұрды баба.

Есі кеткен алдында тұрды бала.

Атүстінен баланы алдына алып,

Бір алданыш тапқандай шал жұбанып.

Қырғынкөрген қызыл Күнқырдан асты,

Қызыл-күрең қанына тауды малып.

-Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,

Мен де көпке бармаспын, сен қаласың.

Ойран болған ордаңның орнына кеп,

Отау тігіп, оттарын сен жағасың

толығымен http://adebikz.com/media/books/Mukagali-Makatayev-Raiymbek-Raiymbek-poema.pdf осы жерден жүктеп көре аласыз...
рахмеееет)) бирак маган толык создери кереди олен жолдарымен
http://adebikz.com/books/view/book/rajymbek-rajymbek/ осы жерден жүктей аласыз....
+1 дауыс
«Қара таудың басынан көш келеді».
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып, қара қазақ
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.                                                                                                                                                              Шұлғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өшкен еді.
«Қара таудың басынан көш келеді!!!».
Қабай жырау: (зарлы дауыспен)
-Пәруәрдігер, неғылған сұмдық еді!
Өңім бе, әлде түсім бе, қалай мынау?!
Боздақтардың даланы бояп қаны,

 Құзғындар да әнеки тояттады…

Өңім болса, тәңірім, тарт жанымды,

Түсім болса ұйқыңнан оятпағын

Оятпағын, мәңгілік оятпағын.

О, Тәңірім!

Неғылған шаққа айналды?!

Бір өзіңе жалынып, жақ байланды,

Түнің тұтып, ақ таңың атпай қалды,

Не қылығы жұртымның жақпай қалды?!

Көлім кеуіп, өзенім ақпай қалды,

О, Тәңірім!

Неғылған шаққа айналды!

Қаусаттың-ау іргемді қара жауым!!!

(Басы ауған жаққа қарай баяу кетіп бара жатады. Құлын дауыс естіледі. Кенет артына қарап:)

О, жасаған, кімдікі әлгі дауыс?                                                                                                     Тірілді ме артымда қалған өлік?!

(Баланы құшақтаған қалпында, екеуі үнсіз тұрады.)

-Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,                                                                                                              Мен де көпке бармаспын, сен қаласың.                                                                                                                                    Ойран болған ордаңның орнына кеп,                                                                                                                                                    Отау тігіп, оттарын сен жағасың!

Жерімізді жау алып, елімізді қырды ғой                                                                                                             Қанатымыз қайырылып, топшысынан сынды ғой                                                                                                                     Ата-қазақ бір-бірін арашалай алмай-ақ                                                                                                      Алауыз боп, өзді-өзі құдай бізді ұрды ғой

Он үш жасар Райымбек: (ызалы қалпында)

-Ата, біздің өлкені қара жаулар шаппады,                                                                                                                                      Жауларына біздің ел сәйгүлігін баптады.                                                                                                                                    Қойын сойып, қолдарын қусырды да, сорлылар,                                                                                                    Аяғына бас ұрды, бірі садақ атпады.

Батыр емес, қария, қатындар бар бұл елде,                                                                                                                                                                             Беруге әзір барлығын билігі асқан біреуге.                                                                                                                             Батырлар жоқ бұл елде, қатындар бар бұл елде                                                                                           Әркім қара басының амандығын тілеуде

Қабай жырау:

-Жамандама жұртыңды, жамандасаң болмассың!

Он үш жасар Райымбек:

-Қатындардың ішінде өзім-дағы оңбаспын.                                                                                                                 «Үні шықпас жалғыздың, шаңы шықпас жаяудың»                                                          Мен де қатын болармын, сірә, батыр болмаспын.

Қабай:     -Нешедесің? Кімнің сен тұқымысың, құлыным?

Он үш жасар Райымбек:

-Хангелдіден тараған бір тұғырдың ұлымын.                                                                                                            Мал соңына сап қойды, ұстатты да құрығын

Жылқы жады әкеме жақпай қалып қылығым

 

ЖЫЛЫМ БАРЫС ,МІНЕКИ ,АСЫП БАРАМ ОН ҮШТЕН

ҚАТЫН АЛЫП БЕРЕМ   ДЕП  ӘКЕ-ШЕШЕМ КЕЛІСКЕН

АДАМЫНАН АЙТТЫРҒАН  АТ-ТОНЫМДЫ АП ҚАШЫП,

ҚАТЫНДЫ  ӨЗІМ  ТАБАМ  ДЕП  ӘКЕММЕНЕН КЕРІСКЕМ.

 

ҚАБАЙ;

ОСЫНШМА АҚЫЛДЫ  КІМНЕН  БАЛА  ҮЙРЕНДІҢ

ОН ҮШ ЖАСАР  РАЙЫМБЕК ;

-ІШІНДЕГІ  ШАЛДАРАН , АНАУ   ҚАРАША  ҮЙЛЕРДІҢ.

БІРІН ТӨРЕ ,БІРІН БИ  ЕТСЕМ  ДЕГЕН ОЙЫМ БАР,

БАБАМ   ҚОЛДАП,БІР  КЕЗДЕ  МАҒАН  БИЛІК  ТИГЕН   КҮН.

ҚАБАЙ:

-ҚАРА ЖАУЫҢ  ҚАЙТАДАН  ШАПСА  ЕЛІҢДІ  НЕ  ЕТЕР  ЕДІҢ

ОН ҮШ  ЖАСАР  РАЙЫМБЕК:

-ХАС БАТЫРЫН  БАУЫЗДАП , ҚАНЫН СУДАЙ  ЕТЕР  ЕМ

ҚАТЫН  БОЛЫП  ЖҮРГЕНШЕ,ҚЫРҒИДАЙ  БОП, ҚАНЖЫҒАДА  КЕТЕР ЕМ

ҚАБАЙ ЖЫРАУ :

-ӨЗІҢ БАЛА  БОЛСАҢ  ДА  СӨЗІҢ  ДАНА ОТТЫ  ЕКЕН

 

ҚАБАЙ ЖЫРАУ  БАЛАҒА  БАТАСЫН  БЕРЕДІ.

 

АС БІР  ТОП  БИ  ӘҢГІМЕ  ДҮКЕН ҚҰРЫП  ОТЫР.

АВТОР:

ЖАЙЫНА  ҚАЛЫП,ӨЛІ  ӘРУАҚ  ПЕН  ТІРІ  ӘРУАҚ,

КЕЛЕДІ  БАЛА,ЕСІМІН  ӨЗІ  ҰРАНДАП.

ОН ҮШКЕ ТОЛҒАН  ТҮКЕННІҢ  ҰЛЫ  РАЙЫМБЕК

АЛБАНҒА  АЛҒАШ  ӨСІТІП  ӨЗІН  ТАНЫТТЫ.

 

ӘЛМЕРЕК БИ  ТАҢЫРҚАҒАН   АШУ  КЕЙІППЕН

ЖЕТІ  БАБАСЫН  ЖЕРГЕ  ҚАРАТҚАН  ҚАЙ  БАЛА

ЕЕЕЕЕЕЕ  ТҮКЕННІҢ   ҰЛЫ  РАЙЫМБЕК СЕН БЕ ЕДІҢ

ОСЫ БОЛҒАН  ҒОЙ  ТҮЛЕЙ  ӘКЕҢНЕН  КӨРГЕНІҢ.

САСКӨСЕКТЕЙ .ӨЗ  АТЫҢДЫ  ӨЗІҢ  ҰРАНДАП

СЫРЫМБЕТ  ПЕН  ХАНГЕЛДІНІҢ  СЕНЕН  КЕМ БЕ  ЕДІ

 

ЖЕТЕСІЗ  ТУҒАН ,АНТ  ҰРЫП  КЕТКІР,ЗӘНТАЛАҚ

БАЛАНЫ  ҚАМШЫ  АСТЫНА  АЛАДЫ

ОСЫ КЕЗДЕ  ҚАБАЙ  ЖЫРАУ  АРАША БОЛЫП:

ОУ,  АҒАЙЫНДАР

ЖӘБІРМЕЛЕМЕҢДЕР  БАЛАНЫ,

ӨЗ  АТЫН  ӨЗІ  ҰРАНДАҒАНЫ  НЕСІ  АЙЫП,

ЖАУЫНА  ШАПСА  ӨЗ  АТЫН  ӨЗІ  ҰРАНДАП,

ҚОЛДАМАС  ПА ЕДІ , ӨЛІ  ӘРУАҚ ПЕН ТІРІ  ӘРУАҚ

ЕСІ  БАР  ТЕНТЕК  ЕСЕЙЕ КЕЛЕР  ЕР БОЛАР

ЕРІК  БЕРІҢДЕР,НЕҒЫЛСАҢДАР , БҰҒАУЛАП

 

ОСЫ КЕЗДЕ  РАЙЫМБЕК , ХАЛЫҚҚА  ТІКЕ  ҚАРАП

ДӘРМЕНСІЗ  СОРЛЫ  КЕДЕЙ-КЕПШІКТІ  БҰҚТЫРА,

КҮШІК  ТАЗЫДАЙ  ЖЫЛМЫҢДАЙСЫҢДАР  МЫҚТЫҒА

ҚЫЗЫҢДЫ  САТЫП,ҚЫМЫЗҒА МАС  БОП ЖАТЫҢДАР

ҚАЗАН  АҢДЫҒАН  ҚАТЫНДАР

ҚАБАЙ  ЖЫРАУҒА  ҚАРАП:

АТА БАТАҢДЫ  БЕР,

ҚАСЫМА  БАЛАҢДЫ  ҚОС  ҚАТАР  ЖҮРЕР.

СЫРЫМБЕТ ӘУЛЕТІНЕН  ТАРАЛҒАНМЫН

ХАНГЕЛДІ  ҚАСИЕТІНЕН  НӘР АЛҒАНМЫН.

ӘКЕМДЕЙ  МАЛЖАНДЫ  БОП  ӨРІС  КҮЙТТЕП,

ЖАРАМАС ЖАБАҒЫ  ҮЙДЕ  ҚАМАЛҒАНЫМ

 

ҚАБАЙ  ҰЗАҚ  ОЙЛАНЫП, ҚОЛЫН  ЖАЯДЫ

АЗ  ҒҰМЫРЫМ  ҚАЛҒАНДА

НЕНДЕЙ  АҚЫЛ  АЙТАРМЫН

ШАБАРЫҢДЫ  БІЛДІРМЕ

ШАУЖАЙЫҢНАН   ІЛДІРМЕ

ЖЕКПЕ-ЖЕК КҮТІП  ДІЛГІРМЕ,

ЖЕР ҚАЙЫСҚАН  ЖАУЫҢДЫ,

ЖЕҢЕМІН  ДЕМЕ  БІР  КҮНДЕ

КҮНДІЗ ҰЙЫҚТАП,  ТҮНДЕ  ЖОРТ

АТТАНЫП  ЖАР  САЛ,ЕР ҰЛЫМ

ЕЛ ЖҰРТЫҢДЫ  ШАҚЫРДА.

 

ӘЛМЕРЕК  БИ  КЕЛІСКЕН  КЕЙІППЕН

ДАУАСЫ  ЖОҚ ЖАН  ЕКЕН,ОТТЫ  ЖАНҒАН

ІЛЕСІҢДЕР  ОСЫҒАН  ОТЫ  БАРЛАР

ХАНГЕЛДІНІҢ  САУЫТЫН  КИГІЗІҢДЕР,

ҚЫННАН  АЛЫП,ҚЫЛЫШЫН  СҮЙГІЗІҢДЕР,

СЫРЫМБЕТТІҢ  ТУЫНЫҢ  АЛДЫНА  ӘКЕП,

ТӘУБЕ ЕТКІЗІП  БАСЫН  ДА  ИГІЗІҢДЕР

АВТОР:

БИ  КЕСТІ  ҚАРА  ХАЛЫҚ  ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАРУ  АЛЫП  ҚОЛ  ЖИМАҚ  ҚАБЫРҒАЛЫ.

ЖОРЫҚҚА  ӘЗІРЛЕНІП  ЖАТТЫ  ҚАУЫМ

ҚАСЫНАН  РАЙЫМБЕКТІҢ  ТАБЫЛҒАЛЫ.
...