+1 дауыс
Маған рекреациялық аудан жайлы реферат керек?
03.12.2011
өңдеді 959 қаралым

1 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Рекреациялық аудан - рекреациялық іс-қимылдар мамандану саласы ретінде байқалатын аумақ. Рекреациялық ауданның құрамына рекреациялық кәсіпорындар жүйесі мен олардың қызметін қамтамасыз ететін кәсіпорындар енеді. Рекреациялық аудандар қызметтік бейіні (емдеу, сауықтыру, спорттық, танымдық және олардың әр түрлі үйлесімі), халықтың әр түрлі құрамының рекреациялық іс-қимылдарының түрлеріне бағдарлануы (халықаралық, республикалық, жергілікті), рекреациялық қызмет ету жүйесінің даму деңгейі бойынша бөлінеді. Рекреациялық аудан ірі аумақтық бірліктің — рекреациялық зоналардың бөлігі ретінде және ұсақ аумақтық бірліктің — рекреациялық ауданшалар мен ареалдардың бірлестігі ретінде қаралуы мүмкін.
18.01.2012
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы