0 дауыс
2.8k көрілді
Қажымұқанның ұрпағы барма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Шәмші НИЯЗИННІҢ мына еңбегін оқып шығыңыз.

 Дүниенің төрт бұрышына мәшһүр болып балуандығымен танылған белгілі Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы жайлы сонау 1985 жылдан бері қарай жаза бастадым. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданындағы Шілік деген жердегі «Ақтобе» деп аталатын елді мекенге талай рет барып жүрдім. Мен көрген ол кездегі кәрі құлақ қарттардың бұл күнде көбісі жоқ. Қажекеңді көздері көріп, тұздас-дәмдес, тіпті іргелес қоңсы отырған ауылдастары үйлеріне ертіп кетіп, түннің бір уағына дейін әңгіме қозғайтын.

Қажекеңнің ескі жұртындағы немере інісі Есболдың баласы Батырханды тауып алып, Қажымұқан жайлы кітап жазғалы жүргенімді айттым. Батырхан қуана қарсы алып: – Аға жақында телевизордан екі профессор Қажекең жайлы біраз әңгіме қозғады. Бірақ, екеуі екі жаққа лағып кетті. Бәрін шатастырып алды. Шатаспай қайтсін, қолдарында нақты дерек жоқ, іштей қатты өкіндім, –  деді ренжіп сөзінің соңында.

– Иә, дұрыс айтасыз. Ол әңгімені мен де тыңдадым. Сол үшін жазғанымызда жаңылыс болмай, шын да нақты деректі дәлдікпен жазайық. Басынан бастап, келешек ұрпақ үшін шындықты рет-ретімен қағазға түсірейікші  – дедім.

Батырхан да жан-жаққа телефон соғып, кәрі құлақтардан тәп-тәуір деректер тауып, жазып ала берді.

Ендігі сөз кезегі Мұңайтпастан болсын.

Әу баста Мұңайтпас атамыздан үш бала болған.

Асан, Үсен деген екі бала төрт-бес жастар шамасында, қызыл шешектен, шетінеп кетіпті.

Сөйтіп, Кабира анамызды Айсары (Ернақтың әйелі) әжеміз, әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып әруақты жерлерге түнетіп жүріп, дүниеге Мұқан атты ұл келіпті. Мұқан жеті жасқа келгенше ана сүтін еміп өсіпті деген әңгіме бар.

Әсіресе, бес-алты жасқа жеткенше ана сүтіне қанағаттанбай сүт іздей бергесін, Исабек деген нағашысы сүтті екі ешкі әкеп берсе керек.

Қажекең ер жетіп, өзіне-өзі келгенше кедейлік көріп, жалшылықпен жалданып үй-ішін асыруға әл жеткізеді. Тәңірі берген қара күштің арқасында жалданып жалшылықпен күн кешіп жүргенде, орыс палуандарына қосылып, күрестің  әдіс-тәсілін меңгеріп, дүниенің төрт бұрышына таныла бастайды. Не керек , Қажекең бес әйелге үйленеді. Кешегі Кеңес  заманында соғыстан соң көп әйел алған деген саясаттың қисық жолының кесірі Қажекеңе тимей тұрмайды.

Әсіресе, өмірінің соңғы екі-үш жылында мемлекеттен алатын зейнетақысы мен жоғарыдан беріліп тұратын арнайы тапсырыстағы алатын (мата, қант-шай секілді) нәрселерден қол үзіп қалғанын, көзі көргендер шындыққа саяды.

Енді сол Қажекеңнің әйелдерінен тараған бүгінгі ұрпақтарына кезек берелік.

1.Батима анадан Халиолла туылады.

Халиолладан: 1.Шабдан. (баласы – Жұмахан) 2. Жанайдар. 3. Әлке. 4. Құлымбет.

Бұл балалары Ресейдің Омск облысындағы Варшава ауданына қарасты Редькое деген селоның Қыпшақтар аулында тұрады.

2. Ырыстыдан: 1.Рашида. 2.Әсия. 3. Азия.

Бұлар Қызылорда облысының Шиелі деген жерінде тұрады.

Азиядан: Бақытбек, Тұрлыбек деген екі бала бар.

З. Хадишадан Мұхтар деген ұл бар дейді. Кезінде Москваның госциркінде ойын көрсеткен екен.

Елдегі әкесінің туыстарына бір келіп кеткен дегенді де естідік.

4. Мінәйдан: Айдархан туылады. Ал Айдарханның:

1. Нұрлан. 2. Шаттық. 3. Арман деген балалары бар.

(Бұл жерде ескерте кететін бір нәрсе ол ағайыны Ескермес дүниеден өткен соң, Қажымұқан Мінәйға, қазақы салт-дәстүрдің үрдісімен әмеңгерлікпен үйленеді) 5. Бибіжаннан Жанәбіл туылады.

Жанәбілдің: 1. Бақытжан. 2. Еркебұлан. 3. Жанар. 4. Айжан атты ұл-қыздары бар екен.

Біз білетін Қажекеңнің ұрпақтары міне, осылар. Бұл күндері Шілік пен Темірланда Қажекеңнен тараған жиырмаға жуық  түтін бар.

 

 

Қосымша ретінде Дене құрылымының өлшемі төмендегідей болыпты: салмағы – 174 келі, бойы – 195 см, кеудесінің аумағы – 146 см, балтырының аумағы – 49 см, мойнының жуандығы – 56 см, бас аумағы – 65 см, ортаңғы саусағының ұзындығы – 14 см, ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см, үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см, аяқ киімі 54 өлшемді көрсеткен.
0 дауыс
. Оның төрт әйелінен тараған ұрпақ Түркістан мен Ақмола өңірінде өмір сүруде.
0 дауыс
Меруерт Ескермес,Қажымұқан Мұңайтпасұлының ұрпағы.
Рахат Барысұлы,Қажымұқан Мұңайтпасұлының кіндік баласы
Қажымұқанның төрт әйелі болған. Сол төрт әйелден тараған ұрпақ қазір Омбыдан бастап, Ақмола облысында, мынау Түркістан мен Шымкентте өмір сүріп жатыр.

Ал, бұл немересі – Нұрлан. Палуанның үшінші әйелі Мінәйдан туған Айдарханның ұлы.

Нұрлан Қажымұқан, Қажымұқан Мұңайтпасұлының немересі.
Қуаныш Ескермес, Қажымұқан Мұңайтпасұлының шөбересі:
...