0 дауыс
416 көрілді
40 млн.ойынына қалай қатысуға болады, және қай қалада болады екен?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Қырық Миллион Теңге Шоуы» — қазақстандық телевидениеде теңдесі жоқ шоу. Жоба бір жылдың ішінде әлемнің 11 елінде көрермен көзайымына айналған Endemol The Money Drop форматының бейімделген үлгісі.

«Қырық Миллион Теңге Шоуының" талаптары қарапайым: ойынға қатысушы екі ойыншыға әр бумасында миллион теңге салынған 40 бума, ақша беріледі. Жалпы ойынға қойылатын, ақшаның салмағы шамамен 12 килограмм. Ойынға қатысушылар осындай қомақты, ақшаның иесі атану үшін не бары сегіз сұраққа жауап беруі керек.

Жобаға қатысуға ниет танытқандар кастингіне Қазақстанның 800-ден астам азаматы қатысып, олардың арасынан ойынға қатысатын 60 жұп таңдалып алынды. Жоба жүргізушісі Абдель Мұхтаров жобаға қатысушылардың әрекеттеріне басшылық жасайды.

Абдель Мұхтаровпен бірге «Қырық Миллион Теңге Шоуына» қатысуға ниет білдіргіңіз келеді ме? «Қырық Миллион Теңге Шоуы» бағдарламасының www.40millionshow.kz ресми парақшасына тіркелу — Сіздің шоу қатысушысы болу мүмкіндігіңіз. Ол үшін кастингке қатысуға өтінім тапсырып, фотосуретіңізді, өзіңіз жайлы, ақпарат пен бейне материалды (қалауыңыз бойынша) жіберсеңіз болғаны. Біздің кастинг-редакторларымыз Сізбен міндетті түрде хабарласады!
0 дауыс
Астанада болады арнайы сайттан тіркелесін

Ұқсас сұрақтар

...