0 дауыс
1.3k көрілді
Асан қайғы өз өлеңінде Жәнібек пен Керейді не үшін кіналады? Пікірлеріңді білдіріңдер.
 жасында соғысқа қатысып, өлім жазасына бұйырылып, өлімге аттанады, 93 жасында семейде қайтыс болған кім? өз жырында не жырлады?
Алғашқы сөйлемінен кейінгілерді түсіне қоймадым?

1 жауап

0 дауыс

Бара ұлы Жәнібекке ма, әлде Әз Жәнібекке ма, қай ханға айтқаны белгісіз, сондықтан бірден "мына ханға айтқан" деп тон пішпей-ақ қойыңыз.

Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған.

Оймауыттай тоғай егіннің,

Ойына келген асын жейтұғын

Жемде кеңес қылмадың,

Жемнен де елді көшірдің.

Ойыл деген ойынды,

Отын тапсаң тойынды,

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің.

Елбең-елбең жүгірген.

Ебелек отқа семірген,

Екі семіз қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген.

Еділ деген қиянға.

Еңкейіп келдің тар жерге,

Мұнда кеңес қылмасаң,

Кеңестің түбі нараду...

Көңілді жаман қалдырдың...

Ақылды белден алдырдың.

Нәлет біздің жүріске!

Еділден бастап жылжып, жайлы мекендерді кейінге қалдырып келе жатырмыз деп қайғырып қапаланбайды, керісінше, Шығыстан Батысқа қарай беттеген жолдарында ордалы жұрт болып орнығуға лайықты Ойыл, Жем секілді сулардың бойындағы шұрайлы атыраптардан тоқтамай өтіп, бір қиыр шеттегі Еділ атты тар жерге келгендігінен, егер осында байырқамаса, шаруаның түбі берекелі болмайтындығын хабардар етеді. Көшпенді елге Жайық пен Еділді тастап әрмен барғанда береке табар жөн жоқ, енді осында аялдағын деп кеңес береді.

Ұқсас сұрақтар

...