0 дауыс
7.3k көрілді
Достар! Маған Грузин халқының ұлттық биін видеосымен және мр3 әнімен тауып беріңіздерші?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Грузин халқының әндері мен билерін тамашалап отырып олардың өмірге деген талпынысы мен өмірді сүйетіндігін аңғаруға болады. Сондықтан орыстардың "грузиндер әнменен дүниеге келіп, әнмен жерленеді" деген осы ұлт өкілдерінің өнерге деген сүйіспеншілігіне қайран қап айтқан көпшілікке кең тараған осындай сөздері бар.

Мысалы, грузиндердің Картули (Лезгинка) биін тамашалар болсаңыз, ер жігіттің өз қалыңдығын қатты сүйетіндігін би арқылы жеткізетінін аңғартады. Ол бүркіт секілді тік, тәкәппар, ширақ қимылдайды. Ал, қалыңдық билеп тұрған ер адамның ырғағымен келісті ғана көздерін төмен қарап билеп, құдды көл бетінде жүзген аққу секілді қимылдайды. 

Сондай-ақ, грузиндердің Хоруми деп аталатын тек қана ерлер билейтін биі көрермендерін өзіне баурап ап тамсандырары сөзсіз. Бұл биді 40 адамға дейін бірігіп те бейлей береді. Осы биімен грузин жігіттері жорық кезіндегі (соғыс) іс-қимылдарын көрсетіп, айбынды, сондай-ақ, әп-сәтте өз қарсыласын соққыға жығатындарын тамаша бейнелейді. Және пышақ, қаншар секілді қаруларды әккі қолданатындарын да көрсете білген.

Ачарули деп аталатын биі өзінің қайталанбас ақылға сыйымсыз қимылдары арқылы өз көрермендеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Бұл би түрін көбіне көп бойдақ ер жігіт пен күйеуге шықпаған қыздары орындайды. 

Грузин билері тамашалап отырған жандарға жеңіл көрінгенімен іс жүзінде өте көп тер төгуді қажет етеді.


Картули видео:
http://yandex.kz/video/search?fiw=0.00202393&fiw=0.00202393&filmId=pwg4QRoLUXI&text=%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D0%BB%D0%B8&path=wizard

Картули мп3 :
http://pesni.fm/search/Kartuli

Өзге де билерін аттарына орай интернеттен іздеп тауып алсаңыз болады.

0 дауыс
Грузин халқының ұлттық биі Лезгинка. осы сілтемеге өтсеңіз Грузин халқының ұлттық биін көре аласыз.
0 дауыс
Лезгинка биi.
http://ololo.fm/artist/videos/%D0%9B%D0%B5%D0%B7%D0%B3%D0%B8%D0%BD%D0%BA%D0%B0
...