0 дауыс
1.1k көрілді
Үйленген жігітке қалай кездесуге шығады?

2 жауап

+2 дауыс
Бұл сұраққа мен өз ойымды айта кетсем деген ниетпен жауап беріп көрейін.

Мұнда тек қыздарды кінәлауға болмас, себебі кез - келген қыз бен жігіт арасындағы қарым - қатынаста екі жаққа бірдей байланысты, Егер қыздарға таң қалсақ онда біз жігітке де таң қалуымыз қажет. Неге үйленген жігіт басқа қыздармен жолығады дегендей. От жанбаса түтін қайдан шықсын, не болмаса жел тұрмаса шөптің басы қалай қимылдасын. Мұнда себепті тереңнен талқылаған жөн секілді. Бұл ғашық болып қалған қызға тиесілі болса, онда түсінікті қызға ақыл айтып оны мұндай қасиетінен ажыратып тура жолға түсіруге себепші болу қажет. Егер екеуінің арасында ешқандайда сезім болмай тек уақытты жақсы өткізу мақсатында болса онда екеуіне де дұрыс тәрбие берілмеген. Егер екі жақта тәрбиесіз болса, онда мұндай жайтқа таң қалып қажеті жоқ, орыс халқында "Горбатого могила исправить" немес қазақ халқында "Ауру қалса да, әдет қалмайды " деп жатады. Ар ұждан, намысы пәктік жұрдай болған болса тек тура жолға түсуге ақыл кеңес беруден басқа амалын көре алмайды екенмін бұл жағдайда. Қарыны тоқтық, қайғысы жоқтық, аздырар адам баласын деп Абай атамыз тектен тек айтпаса керек. Рухани кедей, мейірімділік пен ізгіліктен жұрдай адамнан барлығын да күтуге болады. Сіз таң қалмаңыз одан да достарыңыз болса қолыңыздан келгенше болашаққа, нақты өмірге деген шынайы көзқарасын қалыптастырыңыз. Ал ендеше сәттілік, жолыңыз болғай!!!!!!
+2 дауыс
Жадыра, егер сіз ғашық болып қалсаңыз неге шықпасқа? Бұл жерде бір шикіліктің барын сезбейсіз бе? Мен өзім куә болғанмын, әуелде жігіттер отбасылы екенін құпия ұстайды, сосын қызды өзіне ғашық етіп алады, бооооолды! Қыздар ғашық болса жаман ғой, ғашығы үшін бәріне барады, бірақ көпке топырақ шашпаймын. Бұлар менің өз көзіммен көрген, куә болған жайттар. Ал неге қыздарды кінәлаймыз? Жігіттер ше? Қыздай алған асыл жарын алдап неге қызбен кездесуге шығады? Олар сана-сезімнен жұрдай мақұлық иесі емес қой.... мммм демек бір шикілік бар деген сөз. Әйеліне көңілі толмайтындар бар... мейлі делік онда неге жас қыздарды алдайды, қыздар неге шығады.... ммммм міне, тағы бір шикілік демек ол қыздыңда бір "күнәсі" бар деген сөз... Меніңше, әр нәрсенің өз себебі бар ғой, тек "қыздар немесе жігіттер" деп көпке топырақ шашпайық...
Общым, " Қотыр атқа шотыр ат үйір"- десеңші,түсіндім.]:)
Ол кыз жигиттин айели, кызы бар екенин биле тура кездесуге келген, жигит омен агентте танысып шакырган,бирак жигит ози шыкпай уйленбеген жолдасын жиберген. Менин таң калганым содан
...