Бұл сұраққа мен өз ойымды айта кетсем деген ниетпен жауап беріп көрейін.
Мұнда тек қыздарды кінәлауға болмас, себебі кез - келген қыз бен жігіт арасындағы қарым - қатынаста екі жаққа бірдей байланысты, Егер қыздарға таң қалсақ онда біз жігітке де таң қалуымыз қажет. Неге үйленген жігіт басқа қыздармен жолығады дегендей. От жанбаса түтін қайдан шықсын, не болмаса жел тұрмаса шөптің басы қалай қимылдасын. Мұнда себепті тереңнен талқылаған жөн секілді. Бұл ғашық болып қалған қызға тиесілі болса, онда түсінікті қызға ақыл айтып оны мұндай қасиетінен ажыратып тура жолға түсіруге себепші болу қажет. Егер екеуінің арасында ешқандайда сезім болмай тек уақытты жақсы өткізу мақсатында болса онда екеуіне де дұрыс тәрбие берілмеген. Егер екі жақта тәрбиесіз болса, онда мұндай жайтқа таң қалып қажеті жоқ, орыс халқында "Горбатого могила исправить" немес қазақ халқында "Ауру қалса да, әдет қалмайды " деп жатады. Ар ұждан, намысы пәктік жұрдай болған болса тек тура жолға түсуге ақыл кеңес беруден басқа амалын көре алмайды екенмін бұл жағдайда. Қарыны тоқтық, қайғысы жоқтық, аздырар адам баласын деп Абай атамыз тектен тек айтпаса керек. Рухани кедей, мейірімділік пен ізгіліктен жұрдай адамнан барлығын да күтуге болады. Сіз таң қалмаңыз одан да достарыңыз болса қолыңыздан келгенше болашаққа, нақты өмірге деген шынайы көзқарасын қалыптастырыңыз. Ал ендеше сәттілік, жолыңыз болғай!!!!!!