0 дауыс
1.1k көрілді
Ақшаны қалай жұмсау керек мен құртып қоя беремін ?

2 жауап

0 дауыс
Ақша үнемдеудің жолдары.

1. Түртіп алып отырыңыз
Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз.Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді.Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз.
2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз
Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес.Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді.Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.
3. Тамақ сатып алғанда...
Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен.Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?!Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.
4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз
Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз.Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз. Әсіресе, қымбат тұратын заттардың бағаларын салыстырыңыз. Бір жерде 150 мың теңге тұратын ноутбуктың дәл осы моделі басқа бір дүкенде жеңілдікпен 100 мың теңгеге сатылып жатуы әбден мүмкін.

Дерек көз: http://massaget.kz/
0 дауыс
Айлықты алып үлгермей жатып, бар ақшаңызды құртып қоя бересіз бе? Сізге дереу үнемдеудің басты тәсілдерімен танысып, оларды күнделікті әдетке айналдыру қажет.

Ұқыптылық тәсілі

Бұл кеңесті бірнеше рет естіген боларсыз. Айлық алған күні бар ақшаны қажеттіліктер бойынша бөліп, конверттерге салып қойыңыз. Коммуналдық төлемдер, оқудың ақшасы, несие, азық-түлік сияқты атауларды конверттердің сыртына жазып қойыңыз. Ай бойы қажеттіліктеріңіз бойынша ақшаны тиесілі конверттен алып отырыңыз. Әрине күнделікті өмір барысында қажеттіліктер арасында өзгертулер болуы мүмкін, ондай кездері ақшаны бір конверттен екіншіге ауыстырып отыруға әбден болады. Осылайша ақшаңызға нақты бақылау жасайсыз. Келесі айда бақылауларыңыз бойынша өзгеріс енгізіп, бюджетіңіздің бөлінуін реттеңіз. Ал артылған ақшаны (ондай болса) немесе басқа қажеттіліктерден қысқартылған сомманы бөлек бір конвертке салып, сыртына арманыңызды жазыңыз (мысалға көлік, шетелдегі демалыс). Конверт сыртына көлік не жағажай суретін жабыстырып қойсаңыз, ақша жетпей жатқан кездері "арман" конвертінен ақшаны алуға дәтіңіз бармайды.

Физиологиялық тәсіл

Жүздеген ғалым бұрыннан бері азық-түлік дүкеніне аш қарынмен бару артық, ол қажет емес заттарды алудың себебі болады деп айтып келеді. Қарны аш адамға дүкендегі тәтті бәліштер, шоколадтар, шұшықтар дәмді және ас үйде өте қажет болып көрінеді. Сондықтан дүкенге тамақтанып қана барыңыз. Айта кетсек, бұл тәсіл арықтауға ниеті бар қыздар үшін де пайдалы. Себебі аш қарынмен біз көп жағдайда жоғары калориялы, майлы, тәтті тағамдарды қалап тұрамыз.

Жоспарлау тәсілі

Дүкендерге тек алдын ала жасалынған тізіммен барыңыз, және дүкенде осы тізімде бар заттарды ғана алыңыз. Дұрысы тізімнің орташа бағасын шығарып, өзіңізбен бірге содан артық ақша алмау. Дүкендерде жеңілдік науқандары сынды маркетологтардың айлаларына ілініп, "Арзан екен, ала салайын" деп мүлдем қажет емес заттарға бар ақшаңызды құрта салмаңыз.

Күдіктену тәсілі

Жеңілдік науқандарына әрқашан күдікпен қараңыз. Жиі жағдайда тауардың қалыпты бағасын қалдырып, оны осындай пайыз жеңілдікпен сатамыз деп жазады. "Қазір алмасаңыз, басқа мүмкіндігіңіз болмайды", "Қаладағы ең арзан баға" деген жарнамаларға сенбеңіз. Сізге расымен қажет, тізіміңізде бар тауарға байқалатындай жеңілдік болса, өте жақсы, бірақ қажет емес жеңілдікпен сатылатын тауарларды алып жүрмеңіз.

 

 

 

Аналитикалық тәсіл

Бірнеше дүкендегі, базардағы бір тауардың бағасын салыстыру әжелердің ісі деп ойлайсыз ба? Сауда орталықтары мен әмбебап дүкендер жиі жағдайда сатып алушылардың асығыстығын пайдаланып, кей тауарлардың бағасын бірнеше есе жоғарылатады. Бірнеше дүкенді аралауға уақытыңыз болмаса, туыс, көрші үлкен кісілермен әңгімелесіп, жақында қандай арзан базарлар бар екендігін сұраңыз. Олар қуана ақпаратпен бөліседі, ал сіз бірнеше мың теңгеңізді қалтада қалдырасыз.

Белсенділік тәсілі

Күнделікті такси қызметін қолданасыз ба? Не өз көлігіңіз бар ма? Асықпаған күндері алыс емес жерлерге жаяу барып келуді әдетке айналдырыңыз. Не аптасына бір күн көлігіңізді үйде қалдырып, қоғамдық көлік түрлерін қолданып көріңіз. Осылайша жаяу жүріп, физикалық белсенділігіңізді арттырып, бензинге не таксиге кететін ақшаны үнемдейсіз.

Ұялмау тәсілі

Туған күніңіз келе жатқанда достарыңыз бен туыстарыңыз қандай сыйлық қалайтыңызды сұрап қоймайды. Маған ештеңе керек жоқ", "Мен үшін сендердің келгендерің сыйлық", "Өздерің біліңдер" дегенше, нақты ашық тапсырыс жасаңыз. Біріншіден, сіз қонақтарыңыз үшін сыйлық таңдау деген үлкен мәселені шешіп бересіз. Екіншіден, бұрыннан бері қалап жүрген затыңызға қол жеткізе аласыз.

Шығармашылық тәсіл

Өзіңіздің қолыңыздан келетін дүниені еш уақытта сатып алмаңыз. Достарға арналған ашық хаттар, тәтті торттар, тоқылған жылы шұлық, handmade сөмке, аксессуарлар, үйге арналған түрлі ұсақ-түйектерді өзіңіз-ақ оңайлықпен жасай аласыз.

Үнемдеу теріңізді төгіп, еңбек етіп алған ақшаңызды сақтап қалудың бірден-бір амалы. Оны ұсақ-түйекке босқа шашқанша, армандарыңыздың орындалуына құртыңыз. Бірақ үнемдеуде де артық кетіп қалмаңыз, арзан бағалар мен сапасыз тауарларға емес, ақшаңызға үнемі қадағалау жүргізуге мән бөліңіз.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
18 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
6 жауап
+1 дауыс
3 жауап
...