+1 дауыс
512 көрілді
Интернеттегі арзан бағалы айфондар алаяқтардың әрекеті емес пе?
Мысалы.. дерек көз!
мысалы осы сайттағы яндекс директ жарнамасындағы айфон.
Яндекс дирекс қолданушының интернетте нені жиі іздегеніне байланысты тауарды Сж бетіне шығарады. Менің жағдайымда Айфон көрінген жоқ. Бағасынан екі есе төмен айфон көрген болсаңыз Қытайылқ!

1 жауап

0 дауыс
Еліміздегі ең арзан Айфон Шымкентте сатылды. Оңтүстікте пысық кәсіпкер әлемге әйгілі смартфондарды болмашы ақшаға сатып келген.

Мәселен, құны 120 мың теңгеден асатын Айфон-5 20 мың теңге тұрса, ал жаңа үлгідегі Айфон-6 бар болғаны 25 900 теңгеден сатылған. Кәсіпкер мұндай құйтырқылыққа елдің қаражатын аяғаннан емес, өз қалтасын аңқау жұрттың есебінен қампайтқысы келгеннен барған. Себебі, мұндағы бар тауар Айфонның көшірмесі ғана. Оның ұялы телефон сататын бутигінен 40-қа жуық жалған тауар тәркіленіп алынды. Сапасыз затты түпнұсқа деп, бірнеше жыл бойы оңай олжаға батып келген кәсіпкерге 80 мың теңге айыппұл салынды. Ал қытайлық Айфонды сатуды жалғастыратын болса, келесі жолы темір тордың ар жағынан бір-ақ шығуы әбден мүмкін.

Сондықтан абай болған жөн.
...