Шашыңыздың түсуі қалыпты жағдай. Күніне адамның 150 шашы түседі екен. Ерінбесеңіз санап көріңіз, егер асып кетсе демек емдеу керек деген сөз... Сонымен,
Қазіргі таңда сусабындардың түр-түрі шығуда. Оларда химиялық қоспалар көп, бір газеттен оқып едім кәдімгі "Пантин" сусабынымен жуған бір бойжеткен шашынан айырылып қалғанға ұқсайды. Сондықтан сақтаныңыз, сусабындарды көп пайдаланбауға, әр жуған сайын бір-ақ рет жууға онда да аз мөлшерде шаш терісін ғана, ұшына жақпаңыз, шашыңызды шайғанда ол ұшына қарай ағады сол да жеткілікті болады. Сонымен қатар шашым түспесін десеңіз әр жуған сайын 1 сағат бұрын шашыңызға жұмыртқа, пияздың сөлін, зәйтүн майын. майсана майын, (осылардың кез келгенін) жағып полиэтилен қағазбен жауып, сыртынан жылы орамалмен орап қойыңыз. Уақыты болғанда жоғарыда айтқандай сусабынның аз мөлшерімен жуып тастаңыз. Анда-санда айранмен жуып тұрсаңыз да артық болмас еді. Тағы бір айта кетерлік жай, кәдімгі пияздың қабығын суға қайнатып сүзіп алып тастап суыған соң шашыңызды шайсаңыз шашыңызды түсірмеумен қатар тез өсіретін қасиеті бар екен.