0 дауыс
1.5k көрілді
Зейінді бала"  туралы мақала туып или жазып бериниздерши?
сұрағыңызды өңдемесеңіз, кішкене ыңғайсыз болып кеткен жоқ па)))))
ой кешириниз кате кете жазылып кетипты
Зейінді бала туралы макала тауып бере аласиздарма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты  зейіннің  саңы лауы байқала бастайды. Ырықты  зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі   талаптарды  орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің  айтқанын тыңдай білуге баулу т.б.).

            Мектеп жасына дейінгі  балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше  орын алады.  Ойын  арқылы бала түрлі объектілерді  көреді, естиді, байқай   алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға  назар аудара  бастайды.  Балаларда   зейіннің түрлі  қасиеттері  (көлемі, бөлінуі,  тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардлың бәрі  үлкендердің  басшылығымен  жетіледі.

            Мектеп  оқушылардың  зейінін оқу тәрбие  процесінің  талаптарына  байланысты  жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын  негізгі  орын болса, мұғалім – балалардың  зейінін  тәрбиелейтін  негізгі тұлға. Бұрын  ойыннан басқаға  көңіл  бөлмей  келген бала оқуға  бірден беріліп кетпейді, сабақтың  басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың  аялғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да  осыдан. Бала да ырықсыз зейіннен бсымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне  де байланысты. Мәселен,  бірінші  класс оқушылары  түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең  негізгі міндеті – есеп  шығаруды ұмытып кетеді.  Бұл жастағы  балалардың  зейініндегі  екінші бір  ерекшелік – зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім  осы  жағдайды есінде  қатты  ұстағаны  дұрыс.  Ол сабақты  бала  ұғымына  түсінікті, тіл жағынан  жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше  пайдаланса, бала зейіні бір  объектіге  тұрақтала түседі де, зейіннің  бөлінуі  кемитін болады. Оқушы   зейіні  негізінен  сабақ үстінде  тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бюала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын  толғандырмайды.  Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды. Зейін  тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске алатын  кейбір  шаралары  мына  төмендегілер:

            1.  Бірінші сыныптан бастап  оқушыларды зейінділікке  әдеттендіру,  оларда зейіннің   жоғары  түрлерін дамыту естен  шықпайтын болсын. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский былай деген: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар,  оларды қызықтыра  қоймайтын тапсырмалаларды да  бұлжытпай  орындауды  талап ету   керек,  бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп  жібермей, екі жағын  теңестіру  арқылы  еріксіз зейінді тудырып  отырумен қатар, белсенді  зейін  балада  шамалы болғанына қарамастан  оны жаттықтырып  отыру керек».Сонда бала зейінді болып өседі
Коп рахмет сизге!!!!!!
...