0 дауыс
3.7k көрілді
Бала есінің дамытуға арналған жаттығулар тауып бериниздерши

Зейінді бала мақала туралы туып берсениздер?

Сациометрия әдісін окушыларға калай  жүргізуге болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл социометрия әдісін өзім практикада қолданған едім. Үлгісін көріңіз, егерде бұл ссылка ашпаса, почтанызды беріңіз, сол жерге жіберіп бере аламын.



minbai_k@mail.ru osygan jiberersiz! kop rahmet sizge!
Оқасы жоқ. Жібердім, барды ма?
иа келди рахмет сизге!!
+1 дауыс
«Бес санына шапалақта»

Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.

Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»

«Бұл не қылған дыбыс»

Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.

Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.

Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.

4 -5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

«Тында да айт»

Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер.

ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.

Ойын барысы:

Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.

ІІ-нұсқа.

Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.

«Зейінді дыңда»

Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.

Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.

«Шапалақта»

Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету.

Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.

Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, ба-р тек қане «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен б-р ойыннан шығады.

«Естігенде шапалақта»

Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.

ІІ –нұсқа

Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу.

«Бірінші дыбысты ата»

Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.

Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.

«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.

«Ұйқтама, сөзді тез ата»

Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.

Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы

Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.

«Қайтала»

Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Құралдар: даңғыра, дауылпаз.

Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.

«Сөзді айқтап көмектес»

Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.

Құралдар: Заттық суреттер

Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.

«Дыбыс қайда тығылды»

Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.

Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.

«Тізбек »

Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.

Құралдар: Заттық суреттер

Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан

«Суретті таңда»

Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.

Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бір-неше суреттер.

Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарапалсын. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)

«Суретті тіз»

Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.

Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.

(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ

(П) – пальто, піл, пияз, парақ, парта. Т.б

«Дыбысты ата»

Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.

Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер

Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіріед

«Керікті сөзді көрсет және ата»

Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с – з, с – ц, ш – ж, ч – щ, с – ш, з – ж, ц – ч, с – щ, л – р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету

Ойын барысы:

Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу

С Асқат пен Мақсат

Жамап – жасқап,

Жасапты он шақты аспап,

Соның ішіндегі

Ақ сапты аспабы

Жап – жақсы аспап

З Сыздық судан сүлік сүзді,

Сыздықтың сүлік салмасын үзді.

Салмадан сүлік сытылып шығып,

Суға түсіп, сумаңдап жүзді.

«Кім жақсы тыңдайды?»

Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету.

Ойын барысы:

1 – нұсқа.

Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).

Сөздер: шапка, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.

Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.

2 – нұсқа.

Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.

3 – нұсқа.

Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді.

Дерек: http://sabaq.kz/341/%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80-%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D0%B6%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%93%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%80-%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96/
...