0 дауыс
10.6k көрілді
Депрессия  мен стресстың айырмашылығы неде?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Стресс пен депрессияның айырмашылығы мынада: стресс бұл -адамның болған жағдайға қатты бір көңіл-күйімен жауабы..Мен оны былай түсіндірейін :адамның жақын туысы қайтыс болғанда қатты көңіл күйге беріледі.Ол кезде адам көп күші жұмсалып,батарейкасы отырған сияқты күйге жетеді.Ал,депрессия осы стресстен кейін туындайтын жағдай.Ол енді осы жұмсалған көп күш орнына келгенге дейінгі аралықта дамиды.Адам сондай бір қиналып,күйзеліп жүрген сәті.Ол орта есеппен 2 апта не оданда көпке жалғасуы мүмкін.Сондықтан депрессия тереңдеп кетпес үшін адам өзін қолға алуы керек.Әйтпесе соңы дәрігердің араласуынсыз бітпейтін жағдайға жетеді.
–1 дауыс
Депрессия (лат. depressio — көңілсіздак, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күй жағдайы.

Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.  стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.
–1 дауыс
Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күй жағдайы.

Стресс ( ағыл.stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.

Стресс үш кезеңнен тұрады:
1)үрейлену- жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқауіспетті сезім пайда болады;
2)төзімділік– жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3)әлсіреу– бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация(бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғығабатырады.
+1 дауыс
Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.

Депрессия (лат. depressio — көңілсіздак, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күи жағдайы.

Толығырақ-https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%82%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%81

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BF%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%81%D0%B8%D1%8F_(%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F)

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
0 дауыс
6 жауап
Белгісіз 6.10.2014 Денсаулық сұрақ қойды
...