0 дауыс
1.9k көрілді
Мен 14 жастамын. бойым 160 см,салмағым 42 кг. адамдардың көбісі айтады: сен ап-арықсың,сенің фигуран моделдің фигурасы секілді-деп. Бірақ менің өзімнің фигурама көңілім толмайды. Адамның аяғын арықтатуға қандай жаттығулар бар?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Аяқты қалай арықтатуға болады?

Аяқ суреті. Қыз аяғы
Толық аяқтар көптеген қыздардың жанды мәселесі болып келеді. Сырт келбетінің басқа мүшелеріне көңілі толса да, аяқтарына көңілі толмайтындар өте көп. Және оларды арықтатып, сымбатын қайта қалпына келтіру үшін де біраз тер төгу қажет.

Күні бойы аяққа үлкен жүк түседі. Оған қоса биік өкшелі аяқ киімдерді ұнатсаңыз, мәселе одан бетер өршігеді. Аяқтардың сымбаты мен саулығын сақтап қалу үшін үлкен еңбек ету қажет. Әсіресе дене пішіміңіз толықтау болса.

Аяқтардың сымбатын қалпына келтіру

Әдемі әрі сымбатты аяқтарға жету жолындағы бірінші кезең тағам рационын реттеуден басталады. Арықтау үшін құнарлы тамақты тұтынуды азайту керек, өйткені май қыртыстары бөксе мен санды ғана емес, аяқта да жиналады. Дұрыс таңдалған диета тізе мен сан аймағындағы көлемді азайтуға көмектеседі.
Диетаға отырмас бұрын, тәжірибелі маманның кеңесін алған жөн. Ол адамның құрылыс ерекшеліктерін, ауруларын ескере отырып, арнайы тағам рационын тағайындайды. Осылайша жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Сауатты арықтау сіңімді ас пен табиғи өнімдерді тұтынуға негізделген, түрлі консерванттар мен дәмдеуіштер зат алмасу процесстерін бұзады, ал бұл өз кезегінде май қырыстарының пайда болуына әкеледі. Мақсатты түрде тағамдарды қақтап, қайнатып немесе буда пісіру қажет. Өйткені қуырылған тағам адамның жалпы ағзасына зиян. Бұл тәтті тағамдарға, газдалған сусындарға де байланысты.
Жаяу жүрудің аяқ денсаулығына қаншалықты пайдалы екені жайлы айтпаса да, түсінікті. Сондықтан жұмысқа ерте шығып, бір аялдама жаяу жүруді дағдыға айналдыруды ұсынамыз. Жүріс қарқынын да өзгертіп отыру қажет: бірде баяу, бірде тез жүріңіз. Мұндай жаттығу аяқ бұлшық еттеріне және жалпы пішініне өте жақсы әсер етеді.

жүгіру

Күнделікті күтім – әдемі әрі сымбатты аяқтарға жету жолындағы тағы бір кезең. Дәрігерлер кешкісін арқамен көлденең жатып, аяқтарды 90 градусқа көтеруді ұсынады. Мұндай рәсім қан құйылуын азайтып, бұлшық еттің жұмысын жақсартады.

Душ қабылдап жатқанда айналма қозғалыспен салқын су ағынын тобық аймағына бағыттап, біртіндеп аяқтың сан аймағына қарай көтеру ұсынылады. Душтан кейін аяқтың шаршағандығын басатын және терісін жұмсартатын кремдерді жағыңыз.

Аяқты қаптау – бұл да сымбатты пішінге ұмтылуда жасалатын амалдардың бірі. Қаптауға арналған құрам үшін бал, теңіз балдырлары, ұнтақталған кофе, йогурт, алма және сірке суын пайдалануға болады. Алдын ала тазартылған теріге қоспа жағылады, бұдан кейін аяқты ас қабықшасымен (пленкасымен) қаптайды. Бір сағат бойы тыныш, жылы жерде отыру қажет, содан кейін қоспа қалдығын сумен шайып тастайды.

Әрине, аяқтарға да, ағзаның жалпы жағдайына да зиянды әдеттер кері әсер етеді. Физикалық жаттығулар, салауатты өмір салтының аяқ бұлшық еттерінің тонуста болуына ықпалы зор. Отырып істейтін жұмыстар кезінде үзілістер жасап, әрлі-берлі жүріп, қан мен оттектің жасушалар мен мүшелерге дұрыс таралуын қамтамасыз етіп отыру керек.

Таза ауада серуендеу де аяқтардың сымбаттылығын сақтап, адамның иммунитетін жақсартады.

Аяқ сымбаттылығына арналған жаттығулар

Аяқ көлемін тез және дұрыс азайту үшін үйлестірілген тағам тұтыну жеткіліксіз. Оған қоса күнделікті аяқтарға физикалық жаттығулар жасап тұру да маңызды. Мысалы:

- арқаны барынша түзу ұстап, алма-кезек созылған аяқтармен отырып-тұру;

- жүресінен тұрып, кезекпе-кезек аяқтарды жоғары көтеру;

- арқамен жатып, алдымен бірінші аяқты, кейін екінші аяқты бірге 90 градусқа көтеру;

- осы қалыпта аяқтарды барынша бетке жететіндей сермеу;

- «велосипед» әдісі бөксе, сан мен тізе бұлшық еттерін қатайтуға көмектеседі;

- «қайшы»: аяқты екі жаққа айырып, айқыш-ұйқыш біріктіру;

- арқамен жатып, отырып, тізені екі жаққа айыру;

- аяқтың ұшында тұрып аяқпен айналма қозғалыс жасау;

- тұрған қалпы аяқты жан-жаққа сермеу;

- секіру.



Әсерін арттыру үшін кейбір жаттығуларды жасағанда кішігірім жүк қажет болуы мүмкін. Салмақ салу арқылы жаттығу жасау аяқтың тез арықтауын қамтамасыз етеді.
Салмақ әр бұлшық етке дұрыс түсуі үшін жаттығулар топтамасы сапалы үйлестірілуі керек. Мүмкіндігінше жаттығуларды он бес минуттық жүгірумен толықтырған жөн. Бұл арықтауды жеделдетуге көмектеседі.
Аяққа салмақ түсіру жаттығуларын арнайы маман тағайындағаны жөн, өйткені аса көп жаттығу желаяқ қыздардың пішініне ұқсатып жіберуі мүмкін. Бойы аласа қыздар мұндай аяқпен тіпті кіші көрініп қалады.
Сонымен қатар аяққа жасалатын косметикалық рәсімдердің де әсері зор. Олар аяқ терісін жұмсартып, саулығын арттырып, түрлі аурулардың пайда болуының алдын алады. Мұндай рәсімдерге массаж, депиляция, косметикалық құрылғыларды жағу, педикюрді жатқызуға болады. Массаж үшін самырсын жаңғағының немесе бадам майын пайдалану ұсынылады, өйткен бұлар аяқ ұлпасының қан айналымын жақсартатын қасиеттерге ие.

0 дауыс
Аяғынын сауына шүкіршілік етсей,ұят бұндай сөз айтып жатқанын.
0 дауыс
жугіріп,жаттыгу жасап)

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...