Директорға өлең шығар дегенде есіме бір оқиға түсіп кеткені, кезінде мектеп оқып жүріп 9 сыныпта-ау деймін мен директорға өлең шығарып, содан бүкіл мектепке таралып, мен екенін біліп қалып, Мектептен шығарып жібере жаздағаны бар. Ол мына өлең еді:
Директор (Абайша)
Қара киімді, денелі қара сақалды
Қатал, жауыз, аямас тірі жанды
Үсті-басы тап-таза, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды
Дем алысы – айқай мен тәртіптілік
Қас жауымыз, директор келіп , әлек салды.
Басындағы қалпағын оқшырайтып
Есі кеткен өштерін бізден алды,
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда
Мектептің екі қабат, үй шайқалды
Сабақты дұрыс бермеген мұғалімдер
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран ақын
Титығы құруына аз-ақ қалды
Құр жібер мына антұрған директор шалды.