0 дауыс
2.0k көрілді
Өзге ғаламшарлықтар бар дегенге сенесізбе?

1 жауап

+1 дауыс
Ғаламшарлықтар Жерді мекен еткен бе?

Әлемде өзге ғаламшарлықтар жайлы оқиғалар көптеп кездеседі. Алайда оның шын-өтірігі ғылымда дәлелдене қойған жоқ. Бірақ әлемнің түкпір-түкпірінен табылып жатқан кейбір олжалар таңғалдырмай қоймайды.

Осы саланы зерттеп жүрген мамандардың пікіріне сенсек, өзге ғаламшарлықтарға жер әлем осыдан бірнеше ғасыр бұрын пана болған екен. Яғни кейбір ғалымдар «өзге ғаламшарлықтар адамзаттан жерді тартып алу үшін келеді» деп, «жауды жақындатып, атты тақымдатып», байбалам салып жатса, басқа зерттеушілер «олар жер шарын баяғыда-ақ мекен етіп кеткен» деген тұжырымды ұсынып жатыр...

Дропа тайпасы
Мұндай тұжырым сонау ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бол­ған екен. 1938 жылы Қытай ар­хеологы Чи Пу Тей өзінің шәкірт­терімен Тибет тауларының үңгір­леріне зерттеу жүргізеді. Зерттеу ба­­­­­­­­рысында олар пішіні адамдыкі­не ұқсамайтын қаңқа­ларды та­бады. Содан бас сүйектері әдет­те­гіден үлкен, ал денелері нәзік әрі жіңішке келген бұл қаңқалар өзге ғаламшарлықтарға тиесілі деген болжам жасайды. Олардың бұлай болжауына үңгір қабырғаларын­дағы күн мен айдың және аспан денелері салынған суреттерде негіз болса керек. Сондай-ақ ғалымдар сүйектердің жанынан не мақсатта қолданылғаны беймәлім, диаметрі 30 сантиметрге жететін, құрамы өзгеше дөңгелек тастарды табады. Осылардың барлығын ескере келе, ғалымдар бұл түсініксіз тіршілік иелері 12 мың жыл бұрын жер шарына ұшып келген «дропа тайпасы» болған деген тұжырым жасайды. Ал 60-жылдары Ресей және Амери­ка басылымдарына Тибет тау­ларынан табылған «дропа тай­пасы» жайлы деректер шыға бастайды. Алайда мұндай зерт­теу­дің болған-болмағаны белгісіз. Осындай жәдігерлердің табыл­ғандығын растайтын дәлелдердің болмауы осы оқиғаның болған­дығына күмәнмен қараушылар­дың санын көбейткен. Күмән­данушылардың қатарын азайтуға талпынған Қытай ғалымы Цум Ум Нуй өзге ғаламшарлықтардың дөңгелекшелерінде таңбаланған иероглифтердің мағынасын аша­ды. Ол дөңгелектерде дропа тай­пасы жайлы ақпараттың бар еке­нін, бұл тайпаның ғарыш кемесі жерге алыс планетадан ұшып келіп бұзылғанын, сол себепті де жерде қалып қойғанын жазады. Осындай негізсіз тұжырым­дары­мен ғылыми басылымдарға ма­қала жариялаған ғалым елдің сынына ұшырап, күлкіге қалады. Мұндайды көтере алмаған ғалым Жапонияға кетіп, сол жерде дүние салған екен. Қытайлықтар тарат­қан бұл оқиғаға өзге елдің ғалым­дары ойдан шығарылған аңыз деп қарайды. Тіпті зерт­теушілердің көбісі Цум Ум Нуй деген ғалым­ның болғандығына да күмән кел­тіреді. Десе де бұл аңыз көптеген елдердің қызығу­шы­лығын тудыр­ған көрінеді. Тіпті Мәскеу ға­лымдарының өзі Қытай елінен дөңгелек тастарды арнайы алды­рып, зерттеу жүргізіп, олар да табылған бұл жәдігерлердің жерге тиесілі еместігін дәлелдеген-мыс. Ал Австралия ғалымы Эрнест Венегер 1974 жылы осы жайттың шын-өтірігін нақтылау үшін Қытайға келеді. Бұл сапарында ел мұражайын аралап жүріп, құпия тастарды көзі шалып қалады. «Өзге ғаламшарлық жәдігерлерге» қызыққан ол орайын тауып, су­ретке түсіріп алады. Бірақ бұл тастар көп ұзамай мұражайдан ізім-қайым жоғалып кетеді. Со­лайша ғалымның суреті дәлелсіз құжат күйінде қалып қояды.
Жұрттың күлкісіне, ғалымдар­дың сынына ұшыраған қытайлық зерттеуші Цум Ум Нуйдың тұжы­ры­мына Неміс археологы Вальтер фон Мольтке кәміл сенеді. Оның пайымдауынша, дропа тайпасы­ның туған қонысы Сириус ғалам­шарының жанында болуы мүмкін. Қытайлық ғалымның еңбектерін жоққа шығармайтын зерттеуші бұл тайпаның түгелімен қырылып қалғанына еш сенбейді. Ол Қы­тайдың адам аяғы баспаған тау­ларында әлі де болса дропа тайпасының өкілі тіршілік етіп жүр деген ойда.
Осылайша құпиясы көп, дә­лелі жоқ бұл жайт көпшілік үшін аңыз деңгейінде қалып қоя бермек. Кім біледі, мүмкін, Қытай ғалымдары өзге ғаламшарлық­тардың құпиясын бұрын ашу үшін немесе басқа да бір себептермен шындықты жасырып, ақиқатты аңызға айналдырғысы келген болар. Ақиқаты қайсы, өтірігі қай­сы, анық білмеген соң бір­демені болжап білу мүмкін емес те шығар.
Мысырдан табылған мумия
Қытай жеріне өзге ғалам­шарлықтар осыдан 12 мың жыл бұрын келіп қоныстанған болса, Орталық Африка жеріне осыдан 500 жыл бұрын ұшып келген екен. 2009 жылы швейцариялық антро­полог Уго Дети бастаған зерттеу тобы Руанданың ну орманынан ежелгі тайпа мекен еткен қонысты табады. Зерттеу барысында ғалым­дар түсініксіз 200-ге тарта қаңқаны табады. Қытай жерінен табылған сүйектердің биіктігі бір метрден аспайтын болса, орман­нан табылған тіршілік иелерінің биіктігі 2 метрден асатын көрінеді. Бірақ сыртқы пішіндері бір-біріне ұқсас келген. Зерттеуші Уго Детидің сөзіне сенсек, олар жерге жіберілген өзге ғаламның жауын­герлері. Жерге қоныстанған олар өздеріне тапсырылған бұйрықты орындамай жатып, қырылып қалған. Олардың өліміне жердің тіршілік иелері емес, қандай да бір індет себеп болса керек. Зерттеу тобы бұл жауынгерлердің арасында аман қалғандары да бар болуы мүмкін деген ойда. Өйткені оларды жерге жеткізіп салған ғарыш кемесі әлі де табылмапты. Ғалымдар зерттеу жұмыстарының нақты қай маңда жүргізіліп жат­қанын айтудан үзілді-кесілді бас тартқан. Олар дүниені дүр сіл­кіндірер жаңалықтарға қол жет­кізбейінше, қарапайым халыққа бұл ескі қоныстың мекенжайын бергісі жоқ. Кім біледі, бұл да бір «атың шықпаса - жер өртенің» тәсілі шығар.
Мұндай тың жаңалықтарымен жер әлемді түрік ғалымдары да таң­ғалдыра алатын көрінеді. Сонау мұздық дәуіріне тиесілі өзге ғарыш иесінің қаңқасы түрік зерттеушілерінің қолына да түскен екен. Шыны табытқа салынып, бальзамдалған тіршілік иесінің бойы небары 1 метр 20 сантиметр. Ал денесінің түсі жасыл келген әрі қанаты бар-мыс. Адамға көбірек ұқсайтын бұл мумияның қанаты мен көздерінің үлкендігі, түсінің өзгешелігі түрік зерттеушілерінің санасын сан-саққа жүгіртуде.
Өзге ғаламшарлық «жәдігер­лер» сонау ежелгі Мысыр жерінен де табылған екен. Ол маңайдан табылған мумияның бойының ұзындығы екі жарым метрді құраған. Бір қызығы, мысырлық ақсүйектердің ескі мазарынан табылған бұл қаңқа адамның сүйектеріне ұқсамайтын болып шыққан. Ғалымдардың есебінше, бұл қаңқаның жасы 4 мың жылға жетіп қалады. Яғни кезінде адам­дармен қатар өмір сүрген бұл құпия тұлға өзге ғаламшарлық болуы әбден мүмкін. Оның аузының үлкендігі мен сөйлеу, есту, иіс сезу мүшелерінің мүлдем жоқтығы ғалымдарды сондай ойға жетелеп отыр. Сондай-ақ «ақсүйектің» жанынан тұрмысқа қажетті керек-жарақтары және өзге де, не сол заманның, не бү­гін­гі күннің сайманына ұқса­май­тын заттар табылған. Мазардан, соны­мен қатар дөңгелекшелер, тасқа қашалып салынған жұлдыз бен айдың суреттері, түрлі сыз­балар табылған. Бір айта кетерлік мә­селе, аталмыш мазар асқан шеберлікпен соғылған екен. Қа­бырғаларының беріктігі мен түзулігі сол кездегі мүмкіндіктің шектеусіз болғандығын айшықтай түссе керек. Демек, Мысыр пира­ми­даларының салынуына өзге ғаламшарлықтардың сеп­тескені шындыққа саятын се­кілді.
...