+1 дауыс
12.9k көрілді
Найзағай адамға не себепті түседі?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Балақай, найзағай деген не? 

Найзағай – бұлттар, не бұлт пен жер арасында болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Ұзындығы - бірнеше километр. Найзағай - атмосфералық құбылыс. 

Ол қалай пайда болады? 

Бұл құбылыс кезінде бұлттарда және бұлттар мен жер арасында электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғады. Кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. 

Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады. 

Найзағай қауіпті ме? 

Әрине қауіпті. Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді. Бұл - күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары. Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. 

Найзағай түскенде ағаш жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі - өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемде найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа түседі. 

Найзағай кезінде не істеу керек? 

Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжаса, демалысты кейінге қалдыруға тура келеді.Егер найзағай болатынын сезсең, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықта. 

Найзағайдың алыс-жақындығын қалай анықтауға болады? 

Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай сирейді. Ал егер дыбыс азайса, онда найзағай жақындап келе жатқандығы. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. 

Найзағай кезінде не істеуге болмайды? 

Егер ауылдық жерде тұратын болсаң, терезені, есікті, құбырларды жапқаның дұрыс.Телефонмен де сөйлесуге болмайды. 

Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындауға болмайды. Теледидар, радионы және басқа да электрлі қондырғыларды тоқтан ажырату керек. 

Найзағайдан қалай қорғануға болады? 

Егер табиғат аясында болсаң, қысқа ағаштардың арасын паналау қажет. Биік ағаштардың қасына, әсіресе қайыңның, еменге тығылуға болмайды. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмау керек. 
Жазық далада немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатуға болмайды. Егер найзағай дауылы спортпен айналысу барысында болса, жаттығуды дереу тоқтатқаның дұрыс. Металлдан жасалған заттардан алыс тұру керек. Мысалы, велосипед, мұз ойғыш. 

Балақай, найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең екенін ұмытпа. 

Дерек көзі http://balapan.kaztrk.kz/

+1 дауыс
Энергия тартады.Найзағай ойнағанда қолға телефон алмау керек дейтіні сол.
–2 дауыс
Найзағай адамға өзінен өзі түсе салмайды. Егер адамның қалтасында найзағай таттатын қуатты энергия болса, найзағай тартатын өзге заттар болса, адамға найзағай түседі. Адамнан бөлек басқа нәрселерге де найзағай көп түседі. Мысалы: аттың жалына, ортасы қуыс ағашқа.
+1 дауыс
Адам темірден алыс болуы тиіс. Сонда түспейді.
0 дауыс
Аспандағы зарядтардың соғылуынан,бұл табиғат құбылысы
0 дауыс
Соңғы кезде найзағай адамға көп түсетін болды.оның себебі: қалта телефондарынан.
...