0 дауыс
35.1k көрілді
<p>
    <span style="font-family:courier new,courier,monospace;"><span style="font-size:14px;">Жақында екі бала суға түсіп жатқан кезде найзағай соғып, қайтыс болғанын естіген шығарсыздар. Өте өкінішті жағдай. Енді осы найзағай туралы айтып берсеңіздер екен. Қандай жағдайларда қайда түседі, қалай қорғану керек т.с.с. </span></span></p>

5 жауап

+4 дауыс

Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд.. Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жеткілікті (кернеулігі 1 Мв/м) электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек.

Қаупі

Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.

Найзағайға қалай дайындалу керек

Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орасты орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады. Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м. Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.     

Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз. Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.

+3 дауыс
Меніңше: Найзағайдан екі бала қайтыс болғаны РАС. Негізі Найзағай өте қауіпті болғанмен не үшін жарқылдайды? Найзағай ең алдымен жанбыр жауып болған соң бұл ақ болса найзағай жарқылдамайды, ал бұлт қара болса найзағайдын жарқылдайтыны белгілі. Найзағайдан қорғану үшін үйге қашып кету мұң емес. Өйткені үйде компьютер, теледидар дегендердін антенасы бар. Егер найзағай біреудін антенасына тисе сол үйдін адамдары мерт болады. Өйткені ол тоқ Теледидарға қатты әсер етті. Ал қалай қорғану керек болса. Ол үшін найзағай жарқылдап жатқан кезде: Үйдегі бүкіл заттарды өшіріп тастау керек сонда ғана әсерін тигізе алмайды. Найзағай тек ТОҚҚА қарай жылжиды!
+3 дауыс
Uialy telefonynyzdy sondiriniz,

Metalldan jasalgan konstruksialardan jane tok symdarynan aulak juriniz,

Uide tereze jauyp, barlyk elektropriborlardy owiriniz,

Liftke minbegeniniz abzal(turyp kaluynyz mumkin),

Jalgyz turgan taldardyn astyna turmanyz(ol naizagai tartady(gromootvod sekildi)),

Suga tuspeniz, su- tokty jaksy otkizedi.
0 дауыс
Найзағайдан қорғау аспабын орнатамыз!
мына әдіріс бойынша қабарласуларыңызға болады  [email protected]
тел-87073881880 , 87754710686
0 дауыс
Адамының шашы да найзағай тартады.
...