0 дауыс
2.7k көрілді
Сәлеметсіз бе! Сұрағым келгені, ұмытшақтық туралы. Бір нәрсені ойлап тұрып мысалы: "міне қказір осыны алып шығамын, немесе қойып кетемін" деп тұрып 1 минуттың ішінде ұмытып кетем, яғни манағы жасайын деп тұрған нәрсемді мүлдем ұмытып кетем. 1-2 күннен арғы күндерде не болғанын мүлде ұмытып қаламын. Ұмытшақтығым кесірінен жұмысыма кері әсерін тигізген сәттер болды. Нестеуге болады? Қандай ем-шаралар жақсы әсер етеді. Жауап күтем, рахмет!
Ұмтышқатық деп жаңадан сөз ойлап тапқанбысыз?
Амандаспайақ, сұрақты бірден қойыңыз! Сосын сұрақты дұрыс қойыңыз!

4 жауап

0 дауыс
Егер бала шағаңыз болса онда жүктілік кезде құрамында йоды бар тағамды аз пайдаланғаннан да болады.Терапевтке барыңыз сол маман басқа дәрігерге жолдама береді.Бірінші диагнозды біліп алыңыз дәріханада көптеген витаминдер бар сол ұмытшақтыққа қарсы
0 дауыс
Будильникке қойып жазып қой нестеу керек екені, ұмытып бара жатқанда сол уақытта шырылдап еске түсіреді, біртіндеп соған қалыптасасыз. Есте сақтау қабілетінді жаттықтыру керек, бұған қатысты аудиотренингтер интернетте толып тұр, сканвордтар шешіңіз, өлең тексттерін тез жаттап алуға тырысыңыз, контактідегі телефон номерлерін жаттап алып жүріңіз, жиі еске түсіріп, солай миды да жатықтыру керек. Кітап оқығаннан да адам миы жаттығады
0 дауыс
Қазір халықтың бәрі ғаламторға кіреді. Оның ішінде әлеуметтік желілерге өте көп уақытын құртады. Міне, осының бәрі есте сақтау қабілетін төмендетіп, ұмытшақтыққа алып келеді.
Кітаптар оқыңыз. Кітап көмектеседі. Шоколад, банан жеңіз. Майда-шүйдеге емес маңызды, пайдалы, керекті нәрселерге мән бере жүріңіз.
0 дауыс
Жұмыстың бәрін күнделікті тізім жазып, сол бойынша әрекет еткен дұрыс деп ойлаймын.
...