0 дауыс
14.0k көрілді
Күн неге байланысты тұтылады?
Нағыз жақсы жауапқа ЖЖ бас!

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Күннің тұтылуы

Ғарыш кемелерінің көмегімен Жердің Күн мен ғарыш кемесі арасына орналасуына байланысты пайда болатын Күннің тұтылуын байқауға мүмкіндік туды. Ай кеңістікке Күн мен Айдың сыртқы жанамасы арқылы түзілетін конустық көлеңке түсіреді, оның төбесі Ай ортасынан 368 – 380 мың км қашықтықта болады. Сондықтан конустық көлеңке Айдан 363 – 406 км қашықтықтағы Жерге дейін жетеді. Ай көлеңкесінің Жерге түсетін диаметр 270 км. Бұл – Күн толық тұтылатын ең үлкен аймақ. Осы аймақта Ай Күнді түгелдей тасалайды. Конус төбесінің арғы жағындағы аймақта бақыланған Айдың бұрыштық диаметрі Күн диаметрінен кіші болады да Ай Күн дискісінің ортасын тасалап, оның шетінен жарық сақина қалады. Мұны Күннің сақина тәрізді тұтылуы дейді. Айдың орбита бойымен қозғалуы және Жердің өз осінен айналуы салдарынан Ай көлеңкесі Жер бетімен батыстан шығысқа қарай шамамен 1 км/с жылдамдықпен жылжып отырады. Күн мен Айға жүргізілген ішкі жанама шала көлеңке конусын шамамен 3500 км радиуспен шектейді. Осыдан Күннің шала тұтылуы байқалады. Күн шала тұтылған кезде Күн дискісі толық тасаланбайды. Күннің шала тұтылуы 2 сағатқа дейін созылады. Толық Күн тұтылуды бақылаудың ғылыми маңызы зор. Өйткені толық Күн тұтылу кезінде Ай Күнді ғана тасалап қоймай, жер атмосферасын да көмескілендіріп, күн тәжі мен хромосферасын бақылауға кедергі болатын себептерді жояды. Жердің шала көлеңкесінен өткендегі Айдың бірте-бірте көмескілену дәрежесі баяу жүреді, көзге онша байқала қоймайды.

Күн тұтылу үшін Ай, жаңа ай кезінде өзінің түйіндерінің біреуінің қасында болу керек.
+1 дауыс
Ай күнді толық тосып қойғанда күн тұтылуы болады.


+1 дауыс
Айдың көлеңкесінде қалып қояды, яғни ай жер мен күннің арасында болады ды ай өз көлеңкесін жерге түсіреді,
+1 дауыс
Ай мен күннің қосылуы күннің тұтылуы деп аталады. Ол 4 жылда бір рет болады
+1 дауыс
Ай күнннің бетін жерге сәуле түсірмейтіндей ғылып жауап қалады
0 дауыс
Ай күнді тосып қойғанда күн тұтылуы болады
...