0 дауыс
441 көрілді
Талай ғасыр бойы өзінің қадір-қасиетін жоймаған қазақ тілі күні бүгінде елеусіз қалып бара жатыр. Қай жағынан қарасақта орыс тілі қазақ тілінен басым түсуде. Қалалық жерлерде қазақтардың өздері орысша сөйлеседі. Менің жалпы бұл мәселе бойынша мынандай өзімнің ұсыныстарым бар: барлық мемлекеттік мекемелер,мектептер,жоғарғы оқу орындар,балабақшалар қазақшаға 100 пайызға ауысқаны жөн. Сонымен қатар адамдар жұмыс орнында,қоғамдық жерлерде қазақша сөйлеуге міндетті болғаны тілдің дамуына көп үлес қосады деп ойлаймын. Жалпы алып қарағанда әр Қазақстан тұрғыны 100 пайыз қазақшаға ауысуы үшін оларға курстар дайындап, оларды оқытып, содан кейін мынандай заң шығарғаны дұрыс деп ойлаймын: әр Қазақстан тұрғыны қазақша білуге және таза сөйлеуге міндетті. Жалпы қорытып айтар болсам: мұның барлығы әр сөзінде ерекше мағына бар  ана тіліміздің болашағы үшін! Менің бұл пікірмді басқаша түсінбеулеріңізді сұраймын! Егер тіліміз өркендесе, бұл ата-бабамыздың осы уақытқа дейінгі тіл туралы айтып кеткен өсиеттерінің нәтежесі деп ойлаймын! Менің бұл ойыма пікірлеріңізді қоссаңыздар жақсы болар еді.

9 жауап

0 дауыс
Назарбаев атамыз оны айтты. Енді тек өзімізге байланысты. Бірте-бірте ол да болады. Қазақша еркін сөйлеу үшін жастар ең алдымен өздеріміз сөйлеуіміз керек.
0 дауыс
Әлбетте, тіл мәселесі ол бүкіл халықтың мәселесі, ол кеше де болды, бүгін де бар.Онымен қанша күресіп келе жатырмыз, бірақ әлі де қанша күресуіміз керек. Бірден алып Қазақстан тұрғыны қазақша сөйлеуге, білуге міндетті деп шорт кесуге болмайды, оған бірте бірте жетерміз. Бір орыс қазақша сөйлесе таңқалып бәріміз мақтаймыз, несіне мақтаймыз?мемлекеттік тілді білгені үшін бе?Мемлекеттік мекемеге хабарлассаң бір жан қазақша сөйлемейді, Жақында Қазақтелекомға хабарласқам, қазақ тілін таңдау үшін бірді басыңыз деді, ал бірді бастым, қоңырауға орыс жауап берді, сонда несіне қазақ тілін таңдадым?Тіл еркіндігі деген тағы бар біреуді міндеттеу қазіргі замандікі емес, ешкім ешкімге бағынбайды.Әркімнің санасына берілетін нәрсе, ана сүтімен берілген ана тілін, туған тілін білмесе, тіпті сөзім жоқ, оның барлығы қайдан бастау алады?әрине отбасынан!
0 дауыс
Сөйлеуге міндеттіміз.
Кім бастар екен деп күтіп отыру шәрт емес. Оны біз бастауымыз керек. Аз-аздан тама көл болар дегеніндей. Бірде мен қазақ тілінде сөйлесем, бірде сен қазақ тілінде сөйлесең солай-солай көбейіп бара береді.
0 дауыс
"Әр қазақ менің жалғызым" Сабыр Адай. Тура сол сияқты, әр сөзді орынды айтсақ, мысалы, "привет" емес, "сәлем" деп. Барлығы жай нәрселерден басталады. Сондықтан тілді дамытудың қажеті жоқ, ол тіл дамып болған. Тек пайдаға жарату керек. Сол жағын қолға алсақ, оңды іс болар еді.
0 дауыс
Дұрыс айтасың ертеден келе жатқан ана тілімізді ғана қолданып жүргеніміз бәрімізге жақсы ғой.
0 дауыс
Қазір өзге ұлттың адамдары қазақша үйреніп,қазақша сөйлесуге тырысып жүр. Ал кей қазақтар өз тілінде сөйлегісі келмей жүр. Оған Алматыға келіп көзім жетті. Қазақ қазақ тілін көтермесе басқалардан не күтеміз? Қазақтардың жүрегіндегі париоттық сезімді ояту керек.
0 дауыс
Оның бәрі халыққа байланысты ғой.... Бәрінен бұрын ана тілімізде мінсіз, таза сөйлей білейік!!!!
0 дауыс
ҚАзақ тілі барлық салада қолданылу керек. Банкоматта, ұялы телефонда қазақ тілін таңдаған дұрыс.
0 дауыс
Латын әліпбиіне көшу керек олда өз пайдасын тигізеді.Және Жоғарыда отқандарды қазақтандыру қажет.Алдыңғы дөңгелек қаяқа бұрылса артқысыда сол жақа бұрылады емеспе
...