+1 дауыс
380 көрілді

3 жауап

0 дауыс
Жоқ. Біздің ауылда қазақтың шапанның қадір-қасиетін жақсы ұстайды. Ауылымның адамдары кешке қарай барлығы жаурамас үшін шапан киеді. Аты - Байқадам(Саудакент)
0 дауыс

Меніңше, бұрынғыдай қастерлемесек те, қадірін жоғалтып ала қойған жоқпыз.

0 дауыс
Әбдіби, осы бір сұрақ мені де мазалайды.Қазіргі уақытта ең бір құнсыз дүние қазақтың шапаны болып барады.Тойда болса да,жаназада болса да иығыңа шапан жаба салатын әдет пайда болды.Алғаш кезде ұлтымыздың  бір дәстүрін марапаттағандай қуанышты әсерде болушы едім,қазір қорқа бастадым. Себебі ұлттық шапанымыз да,кәдігімгі құдалық киттің кебін киіп бара жатырған сияқты көріне бастады. Кейбір жерлерде сол шапандарды сөгіп-қиып құрақ құрап отырғандарды көрдім.Үйлерінде жиналып қалған, оны сондай жолменен пысық жеңгелеріміз іске асырып жатады. Кей жерлерде Үлкен ағаларымыз иығына жапқан шапанды саханадан түспей жатып жолай біреулерге бере салады,болмаса шопырына бере салады.Бұлардың бәрі өзіміздің Қазақтың үлкендері,Ал біз шапан жапқан шетелдіктер не істейтұғынын бір Аллам білсін. Осы,Қазақ шапаны деп отырғандарымыздың өзі, қазақша ма деген де ой келеді.Қазақша шапан дегеннен гөрі әртіс шапан дегенге келетін сияқты.Жалпы осындай оқалы қазақ шапандары болған, хандар,билер,ірі байлар  киген,бірақ жалпы халықтық емес.Шапандардың жалпы қолданысқа енбеуінің де бірден-бір себебі осы. себебі елдің бәрі әртіс емес қой саханадағы.Шапандар шекпен,бешпет,камзол түрінде күнделікті тұрмысқа лайықталып тігілсе қолданысқа алынып сұранысқа ие болар маеді деп ойлаймын.
Дұрыс айтасыз АҒА. Қазір шапандар тіптен сыйлық орнында беріліп жатыр ғой, Құны сондай төмендеп кеткені емеспе???
...