+1 дауыс
1.9k көрілді
Қарап отырсаң өмiр деген қиын, өмiрге келгенiңнен соң, жақсы, ешкiмнен кем өмiр сүрмей өткiң келедi... Қолдап тұрар адамың болмаса, көтерiлу қиын, аяғыңнан тарта бередi, тарта бередi. Ағайындарданда ешқандай пайда жоқ кездер болады, кейде ағайындар қолдайтындай жағдайларыда болмайды, кейбiреулерi көтерiлсең көре алмайды... Қатын алма, қайын ал дейдi ғой, әйтеуiр қайын жұртың мықты болса, күйеу баласы үшiн болмаса да, қызы үшiн қолдау көрсетедi ғой деймiн. Байлардыңда адамгершiлiгi молдарыда бар емес пе. Махаббат, махаббат дей берсеңде, ертең қыйналған кезде махаббатың көзге көрiнбей қалатын сияқты. Үйленгенде жағдайы жақсы, тектi, қысқасы бай жердiң қызын алғым келiп жүрген сыңайлы, онда тұрған әбестiгi жоқ сыңайлы маған. Әйтеуiр бiр қолдауларын көрсетiп жүредi ғой. Осыған недейсiздер? Ойым дұрыс па? Мұндай ой жалғыз емес сияқты, қәзiргi адамдарға қарағанда бұл, табиғаттың заңы болып қалғандай. Келiншегiң керемет сұлу болмаса да, сол қыз ,сол дене, сол мүше емес пе? @Jako ағасы сiздiңда ойыңызды бiлгiм келедi...

7 жауап

0 дауыс
Өте дұрыс, әрі ерінбей жазыпсыз. Ойыңыз дұрыс негізі. Мен өзімді айтып өтейін. Мен өзім бір қызды жақсы көремін. Ол қыз өте әдемі, адамгершіл, бір артық сөзі жоқ, өте жуас, әрі жақсы оқитын, әрі қарапайым қыз. Ол қыздың жалпы әл-әуқаты да өте жақсы. Ол қыздың мені жақсы көріп-көрмейтінін сол бойы біле алмай жүрмін. Менің қойған сұрақтарым естеріңізде болар! Сол жағдайдан кейін сол қызбен мені бірге қосып айтатын болды. Іштей қуанғаныммен, сырттай әй,әй деп қоямын. Жалпы арманым сол қыз жарым болса екен деймін. Өз басым бірақ оның жағдайына мүлде мән бермеппін.  Өзім де ер адам отбасын бағу керек деп ойлаймын. Мен бір жағдайда ғана қыздың жағдайына қараймын: артыңнан шұбалаңдаған сөз қалмас үшін. Ерінбей оқындарыңызға рахмет.
Отбасыңды қайын жұртың дәулеттi болса да бағасың ғой, өзiңнiң намысың үшiн. Олар жағдай жасуыңа көмекшi болады. Мен дәулеттi жердiң қызын алған көп жiгiттердi бiлемiн. Үйленгенде көлiк сыйлады, келiншегiнiң счетына ай сайын 200-мың тенге түседi әкесiнiң фабрикасынан. Бiр жағдай болып қалса, олардың бiр-ақ қоңырауыда... Абырой болмаса, артыңнан шұбалаңдаған сөз қалмайды...
Қандай абыройды айтып отырғаныңызды түсінбедім.
Менiң жасыма келгенiңде түсiнiп қаларсың...
))) ... ))) барлығы өз уақытымен.
+2 дауыс
Биік белестерге өз күшіңізбен шыққанға не жетсін. Болашақ жарыңыз ақылды болса екеуіңіз ақ жоқтан бар шығара аласыздар. Əкем ағаларыма қайын жұрттарыңа сыйлық сыйлап тұрыңдар немесе оларға керек кезінде қолдау көрсетіңдер. Бірақ өз жұртың тұрғанда ешнəрсе алушы болмаңдар деп тəрбиелеген. Сондықтан ба бұл сөзіңізге келісе алмаймын.
Өңдеудiң қажетi жоқ едi... Күшiк күйеу болатындай олардың үйiнде жасамаймын ғой. Ия дайынға таппындаумын өмiр соған үйреттi. Өмiр сондай адамдар бiр-бiрiн пайдаланумен өтедi. Кiшкене басты iстетiп жұмыс жасамасақ болмайтынға ұқсайды... Красота требует жертв деген сияқты ғой...
Өңдеу өңдемеу менің еркімдегі іс. Күшік күйеу дегенді сіз дұрыс түсінбеген екенсіз. Не болса да ақыл десе ақылы бар жігітсіз ғой. Бұл іс сізге жараспас. Тереңірек ойланып, басқа ой түйер деген үміттемін.
Ооой ұрса бермеңiзшi ендi. Ақылыңызды ескеретiн боламын.
Айттым ғой ақылды жігітсіз деп))
0 дауыс
Бұндайды жұрт есеппен отбасы құру дейді, не болмаса, күшік күйеу деген атаққа ие боласыз, оны өзіңіз жақсы біліп жазып тұрсыз.Кім не десе де өмір сіздікі , оны қалай сүрем десеңіз де өз еркіңіз, жұрт артыңыздан сөз айтар,бірақ олар сіз үшін өмір сүрмейді.Ойыңыз бір жағынан дұрыс, бір жағынан әрине, жігіттік тұрғыдан дұрыс емес. Қазіргі заманда өмір сүру қиын ол да рас, көмек беріп жатса, оны қабылдағанның еш әбестігі жоқ,себебі жарыңыздың ата - анасы сіздің де ата - анаңыз болады.Қыздар қалталы азаматтарға қызығады деп қыздарға көп кінә артады ғой жігіттер, заманның өзгергені болар жігіттер де қалталы қыздарға қарайды.
Күшiк күйеу басқа, басқа неге түсiнбейсiздер. Қәзiр адамдар қай кезде жаман сөз қылады бiлесiз бе? Басқа ұлттың қызы болса және қайын жұрттың таза адамдар болмаса. Қайын жұрты мықты болған жiгiттiң арқасынан iшi күйiп жамандамаса, басқалай жамандауы мүмкiн емес. Осы уақытқа дейiн қайын жұрты дәулеттi жiгiттiң артынан, жындыма неге байдың қызын алып жүр деген сөздi естiмеппiн )
+1 дауыс
Негізі ондайды жұрттан сұрап неғыласың, онымен өмір бойы тұратын өзің емеспе, өзің шеш... (ең бірінші балаларыңа жақсы ана бола ала ма?, өмір бойы онымен бірге тұра алатыныңа сенімдісің бе?)

нөрмәлні қыз болса ештемесі жоқ сияқты (ертең бетіңе басып жүрмесе болды ғой сен менің арқамда күн көріп отырсың деп)
0 дауыс
Жақсы, мәңгі сізбен бірге болатын жар алыңыз.
+2 дауыс
Сен егер намысты еркек болсаң басқаның байлығына қызығып бұлай жазбас едің, амал қанша.

Мен бірінші жаратушы Аллама сосын өзіме сеніп әрекет қыламын. Шүкір ешкімнен кем өмір сұріп жатқаным жоқ "таңғы ас тәңірден" деген  сөзді жадыма түйіп. Өмірдің махаббатсыз мәні жоқ...
Сендiк, сендiк )
Бұл мазағың ба сенің?
Қандай шындықты айтып тұрғаныңды бiлмедiм. Бала тудырғаннан соң асырайсың, ол сенiң намысың емес парызың, Ауылың сенiмен мақтанатындай не iстегенiңдi бiлмедiм, Ала жiптi аттамау, зат, бұйымды ұрламау намыс емес. Сол ауданда тұрғаныңнан соң әрине таныйды. Арақ пен Темекiнi ел жұрттан ұялғаныңнан қолданбай жүрген жоқсың, өзiң жақтырмағандықтан... Қарапайым адамсың ғой қысқасы, сенi мақтан тұтатындай ештеңе көрiп тұрған жоқпын...
Саған сөзімді бекерге шығын қылыппын.
Саған қандай адам тәрбие бергенін қайдам. Бидайдың арқасында күрмек су ішеді деуші еді. Сендейлер қалай жер басып жүр екен осы.
Iшiң ашыса тұз жала деген екен... Адамдармен қалай сөйлесу керек екенiнде бiлмейсiң ғой сен, мынандай көкiректiгiңмен еш жерге сыймайсың. Саған бiр ақ сөз айтайын. Сөзiңдi шығын қылған жоқсың, тек бiреуге намыс туралы насихат айтатындай жағдайға әлi жеткен жоқсың... Жасың 25-ке келдi, бiрақ бiтiрген дымыңда жоқ...
Өзің бір әртіс екенсің. Иа сендей сайқал ойлы адам болудан құдай сақтасын.
+2 дауыс
Қайынжұртың асырап жүрсе сен күшік күйеу болмай немене? Оданда өз еңбегінмен байымайсыңба? Қайынжұртың таңдай қақсын. Әйтпесе шығады ертең мен арқамда адам болдың деп
Байдың қызына үйленiп көрген бедiң?
Жоқ, бірақ таныс адамдар үйленген, әйелі не айтса соны орындап жүр. Соларға қарап айтқанымғой.
...