0 дауыс
461 көрілді
8 наурыз мейрамына анаңызға не сыйламақшысыз?

Әр жылы сыйлап тұрасыз ба?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Төлеген Айбергенов ағамыздың осы бір өлең жолдарын оқи отырыңыздар.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

8 науарызда  өзіміздің отбасымыздың салтына айналып кетті деуге болады. Анамыз демалып, бар қызметті біз немес бауарларым жасайды да, кешкісін әрқайсысымыз өз сыйлығымызды ұсынамыз. Осы жолы көөөөөөөп гүл алғым келіп отыр. ))) (себебі өзім гүлді қатты жақсы көрем))))))
0 дауыс
Біз үнемі анамыз нені қатты алғысы келіп жүр соны біраз күн бұрын біліп алып содан соң сыйлайтынбыз. Ол кезде папамыз көмектесетін. Баламыз ғой ол кезде. Ақша жинаймыз ол жетпейді. Ал қазір шəкірт ақыға қолдан келгенше əперуге тырысып жүрміз.

Ыдысқа отырғызылған гүл əперу ойымда бар. Көлемі үлкен болса. Мəселен орхидея, əйел бақыты, т.б.
0 дауыс
Негізі қолдан жасалған бұйым қымбат дейді ғой. Мен қолдан әр түрлі сыйлық және әзілдер құрып береміз. Бұған анамыз риза болып қалады. Осылай анамызды жыл сайын құантып тұрамыз.
0 дауыс
Қандай зат берсең де, арзан болсын, қымбат болсын,  шын көңілден ұсынылған сыйлықтың орны ерекше...
...