0 дауыс
5.4k көрілді
Өте сирек кездесетін.Мағынал болса тіпті керемет еді.

4 жауап

0 дауыс
Бразилияда футболдан өткен әлем чемпионаты кезінде дүниеге келген 200-ге жуық аргентиналық сәбиге Мэсси есімі беріліпті. Ал Буэнос-Айрес пен ел астанасында шамамен 100 балаға Лионель, тағы сонша нәрестеге Леонелия аттары қойылған екен. Елімізде де дүние есігін алғаш ашқан сәбилерге алуан түрлі аттар азан шақыртылып қойылып жатады. Тіпті ата-аналар өз балаларын ЭКСПО, Шырша, Окилахон, Бриллиант деп атап, елді таңқалдырға жағдайлар да кездескен еді. Жігіттер квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов тұңғышының есімін таңдауға үлкен жауапкершілікпен келген екен. Бүгінде үшке толған еркесінің атын отағасы өзі мүше топ репертуарындағы Айқаракөз әнімен байланыстырыпты. Ондағы мақсат, ұмытыла бастаған халық әндерін дәріптей отырып, қызыма елде жоқ ерекше есім беру еді -дейді ол. БАҒЛАН ӘБДІРАЙЫМОВ, "Жігіттер" тобының мүшесі: Менің ойымша шариғаттың маңайынан алып қойған дұрыс. Одан кейін осы біздің алаш зиялыларынан есімдерін алып қойған дұрыс. Қазіргі қоғамда қазақ еліне еңбегін сіңіріп жатқан жақсы тұлғалы азаматтардың есімдерін алып қойған дұрыс деп ойлаймын. Статистика агенттігінің мәліметінше, былтырғы жылы дүние есігін ашқан 2500 астам сәбидің есімі азан шақыртылып Ерасыл қойылыпты. 4300-ге жуық қыз балаға ата-анасы Айзере есімін таңдаған. Бұдан бөлек Әлихан, Нұрислам, Санжар, Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина есімдері де жиі қойылыпты. Салыстырмалы түрде осыдан 10 жыл бұрын Бекзат, Мейрамбек, Азамат және Аружан, Диана, Дильназ есімдері нәрестелерге көп қойылған екен. Жалпы, балаға атты кімнің қойғаны абзал деген сұрақ төңірегінде даудамай көп. Бірі бұл арғы өмірде баласына қойылған есім үшін сұралатын әке-шешенің міндеті десе, енді біреулері жолы үлкен ата-әжесі қойсын деп ырымдап жатады. Бірінші қызымды енем қойды, екінші папам қойды ұлымды. Әке-шеше, себебі әр ата-ана ертең ана өмірде өзінің баласының атына жауапты Балалардың өзі қойған дұрыс. Себебі біз қойсақ басқадай ат қоямыз, ол кейінгі жастарға ұнамауы мүмкін. Сондықтан 9 ай көтерген анасы мен әкесі ақылдасып қойсын. Имамдардың айтуынша, балаға мәнді де мағыналы ат қою бірінші кезекте әкесінің міндеті. Есімі қисынсыз қойылған азаматтарға есейе келе өз аттарын ауыстыруға рұқсат етіледі екен. Сонмен қатар бүлдіршіндерге адамзат баласына қастандық жасаған тарихи тұлғалардың есімдерін қоюға тыйым салынады. Себебі әрбір ат болашақ адам өміріне тікелей әсер етеді -дейді діни қызметкерлер. МЫРЗАХМЕТ ЖҮЗЕЙ, наиб имам: Атты таңдау әке құқығына таңдалып берілді дейді. Себебеі пәленше ұлы пәленше дегенде әкесінің аты міндетті түрде қосылады. Ал енді ерлі-зайыпты екеуара келіссе немесе үлкен ата-ананы сыйлап, ат қоюды сол кісілерге тапсырса, нұр үстіне нұр. Өйткені "Ынтымақ қайда барасын? Бақыт қайда барасын? -Бірлікке барам" -деген. Осы бірлікте, ынтымақта өмір сүрген бала бақытты өмір сүреді. Әдетінше, ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады. Сәбидің атын кім қойса да, ғұмыр-жасын Алла берсін деп тілейік. - See more at: http://www.31.kz/video/show/id/3098/show/ib#sthash.G7y62svB.dpuf
0 дауыс
Ұл нәрестелердің арасында ең көп тараған есімдер:
Ерасыл – 1255 бала, Диас – 880,  Нұрасыл – 837, Әлихан – 771, Мирас – 737, Максим – 674, Бейбарыс – 647, Ар­тем – 638, Санжар – 626, Нұрислам – 624, Азамат – 608, Никита – 589, Кирилл – 569, Ислам – 560, Александр – 550, Нұрдәулет – 505, Дамир – 493, Руслан – 461, Даниил – 457, Әмір – 443, Арсен – 434, Дмитрий – 432, Әділет – 428, Бекзат – 421, Ернұр – 419, Алдияр – 415, Роман – 407, Илья – 399, Бекарыс – 391, Тимур – 388.
Қыздар арасында: Аружан – 1709, Кәусар – 1098, Аяулым – 1087, Диана – 905, Алина – 816, Әмина – 805, Мәдина – 762, Нұрай – 759, Айша – 721, Дарья – 689, Айзере – 667, Анастасия – 666, Сабина – 656, Жан­сая – 607, Жанерке – 607, Назерке – 583, София және Іңкәр – 573, Аяжан – 567, Айым – 563, Виктория – 561, Арайлым – 546, Мерей – 531, Анель – 503, Айдана – 495, Дильназ – 492, Милана – 474, Ақерке – 431, Екатерина – 426, Малика – 418.
0 дауыс

Ғайни(қыз есімі) араб тілінен аударғанда - бар әлемнің билеушісі деген ұғымды білдіреді.

0 дауыс
Менің ойымша Ельнара деген есім әдемі естіледі
...