+1 дауыс
3.3k көрілді
Жеңгесі бикешіне қандай әдемі аттар қойса болады? Жақсы әрі ерекше аттар болса, жазыңыздаршы.

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине, біріншіден бикештің болмысына қарай қояды.

Бикеш өжет болса, қайсар қыз, батыр қыз,

Бикеш үлбіреген нәзік болса, сән қыз, іңкәр қыз, маржан қыз

Кенже қыз болса, ерке қыз, еркежан, кенжем, кенжегүл,

Сұлу болса, ажарлым, сұлу, аққу, әдемі- ай, әсем- ай

Бикештің есіміне қарай бұрмалап алу, мысалы, Айгүл- айгөлек, Нұрай- Нұрайым, Алтын- Алтын қыз, Нұргүл- Ақнұр, Аққу- бақ құсым, Шынар- Шынарым, Гүлназ- Гүлім, Гауhар- Гауhартас т.б
0 дауыс
Еркежан,Еркем,Сұлуым,Ботагөз,Ботам т.б есіме түспей тұрғаны қалғанын кейін жазармын
0 дауыс
Еркеқыз, қалқатай, сұлуым, т.б.
0 дауыс
Шырайлым, Қызғалда, Сымбат,  Гүлім  деген есімдер де тамаша!!!
0 дауыс
Адемi, Арайлым, Каракоз, Инкарим, Татти кыз,
+1 дауыс
Сылқым, Кербез, Ақкенже, Ажарлым, Еркешім, Айбейне және тағы басқалай да атай беруге болады. Түрі, мінезіне қарай.
0 дауыс
Айым, Әппақ қыз, Қарагөз, Сұлушаш, Ерке, Бикеш
...