+1 дауыс
8.0k көрілді

Қазір ғаламторда, әлеуметтік желілерде мына сурет қызықты тақырыпқа айналыпты. Сізге қазір көйлек қандай түсте көрініп тұр? Адамның көңіл күйіне қарай түсі әр түрлі көрінеді дейді-мыс. Маған көк және қара боп көрінеді, ал кейбіреулер айтады ақ және алтын түсті сызықтармен көрінеді деп. АҚШ психологтарының зерттеуі бойынша адамдардың 74%-на ақ, 26%-на көк боп көрінеді екен.  Өз басым сене алмадым. Қасымда сұрайтын адам да жоқ. Кәдімгі суреттің түсі қалай өзгереді?  Сіздерге қандай түс боп көрінеді? 

 

Көзіңіз көйлекте көк, қара түстерді көруде ме?))
А???????? Қазақша ойлап жаздыңыз ба мына сөйлемді?
Орысша ойлап қазақша жаздым.
Бәсе))))))

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Маған ақ және алтын түс көрініп тұр.....

Сонымен көйлектің түсін неге әрқалай қабылдаймыз?

Ақ сары түсті көрген адам көйлектің көк екенін көргенде ендігәрі оны ақ сары етіп көрмейді. Яғни, барлығы ситуацияны қалай қабылдайтыныңызға байланысты.

Суретке қарағанда миыңыз көз алдында не тұрғанын анықтауға кіріседі. Жарықты, суреттегі түстерді бір-бірімен біріктіре қарап, ми «маңызды» факторды анықтайды. Соның нәтижесінде сіз көйлекті не ақ түсте не көк түсте көресіз.

Шындығында, көйлек – көк түсті. Ал сіздің болмысты қабылдаудың нәтижесі көйлекті қандай түсте көретініңізге әсер етеді.

+1 дауыс
Маған көк және алтын түс көрініп тұр.
+1 дауыс
Көк пен қара түс боп көрініп тұр.
0 дауыс
Ақ жəне ашық қоңыр түсті болып көрініп тұр. Мен жатақханадағы қыздардан сұрап шықтым. Ерінбей)) 5қыздың үшеуі ақ түс ПЕН ҚОҢЫР ТҮСТІ көрді. Ал екеуі көк түс көрді
ак,көк алтын сары
+1 дауыс
Қызық, мен ең басында қарағанда ақ және сары түс болды, бірақ қайтадан қарап қалып едім, көгілдір болып, қайттан ақ болып кетті)
+1 дауыс
Ақ, алтын сары болып тұр.
+1 дауыс
Интернетте осы көйлекті көп айтып кетті ғой. Мүлдем сенбеп едім, айналамдағы адамдарға менен басқаша көрінетін болып шықты. Шынымен, қызық. Әр адамның көзіндегі жарықты қабылдауы әр түрлі болғандықтан солай көрінеді деп жатқан жаңалықтарда. Фотошоппен суреттің жарығын күшейтсе алтын сызықты ақ көйлек боп шығады. Маған көк көйлек боп көрінді. Ал жарнама ма, емес пе, ол жағын біле алмадым...
Иә, көк көйлек))
+1 дауыс
Шындығында көйлек көк түсті екен, бірақ көпшілігі ақ және сары түстер аралас дейді. Мен басында көк-қара көргенмін , біраз уақыттан кейін ақ-сары , одан кейін қайта көк пен қара түстерді көріп тұрмын. Мектепте  көпшілігі көк және қара түстерді көреді екен , 4 бала мен сияқты біресе былай , біресе былай көреді))
0 дауыс
Сапасыз түсірлген сурет осылай болады
0 дауыс
Мен басында мән бермеп едім бұл суретке. Қасымдағы адамдардың ойын естігеннен кейін таңғала бастадым.
0 дауыс
Маған алтын түс және ақ түс көрініп тұр.
...