+1 дауыс
1.2k көрілді
Бізде Қазақстанда неге туризм саласы тұралап тұр?

4 жауап

+3 дауыс
Менің ойымша Қазақстанда туризмді дамытуға жағдайлар жоқ сияқты. Мысалы туристерді қызықтыратындар:

1. Табиғаты демалуға қолайлы, әсем жерлер (мыс: Кариб аралдары, Анталия)

2. Көне мәдени ескерткіштер (мыс: Мысыр пирамидалары деген сияқты)

3. Экстримальді спорт түрлері (мыс: Альпі таулары, түрлі сарқырамалар т.б.)

4. Таңғалдыратын жаңа типтегі құрылыстар, зәулім ғимараттар (мыс: Дубай, Нью йорк)

5. Жергілікті аборигендердің салт-дәстүрі өмірі (мыс: бушмендер, папуастар) ....тағы басқалар ғой. бұлардың біреуі де Қазақстанда жоқ, туристерді немізбен қызықтырамыз...
өте қате жауап!!!!!!!
+1 дауыс
Менің ойымша туризмді дамытуға болады, ол үшін ең алдымен бизнесмендерді қолдау қажет. Ал қазірде оларды мемлекет жарылқап жатыр деп айта алмаймын. Ал бизмесмендер туризмді дамытудың орнына, қалайда болса, (халықты алдап болсын) өз салған қаражатын бірнеше айда еселеп алғысы келеді. Жарнамалаудыда жақсы білмейді.
0 дауыс
Себебі дұрыс насихатталып жатқан жоқ. Дұрыс насихатталған күннің өзінде де, жол жоқ, таза емес, қонақ үйлер, т.б. керекті ғимараттар керек. Ал оған меніңше ақша бөлінді. Оны аузым кінәлі бірақ жоғарыдағылар жеп қойған шығар.
0 дауыс
Бізде ештеме жоққой, мұнайды сорып жатқасын жер беті сулары мұнайдың орынына сіңіп кетіп жатыр, сондықтан жер бетіне шөп шықпай, жаңбыр жаумай құрғақшылық топырақ борап ауылшаруашылығына кері әсерін тигізіп жатыр. енді кеш бәріне өткенді кері қайтару мүмкін емес. Бірде Қонаев ағамыз айтқан екен Нұрсұлтан ағамызға: сен жер үстіндегі байлықты көрмейсін ау сен жер астынан іздейсін деген екен.

Ұқсас сұрақтар

...