+1 дауыс
901 көрілді
Сыныптастарымның қателігін бетіне айтқаным дұрыспа ?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі демекші, кейде өзіміз білместен достарымызды ренжітіп қоятын сәттер болады. Бір қызығы, оларды не үшін ренжіткенімізді білмейміз. Мұндай жағдайға тап болмас үшін әр нәрсенің орнын білу керек. Ұстазым Күләш Ахмет айтқандай, сынды мақтамен бауыздағандай етіп жеткізе білудің маңызы зор. Сол кезде сынды қабылдаушы жақ ренжімейді, әрі қателігіне меңзегеніңіз үшін алғыс білдіреді.

Мысалы, сыныптасыңыз Шерханның жейдесінің жағасы кірлеп қалғанын көрдіңіз. Шамасы мұны өзі байқамаған. Есесіне, өзгелер бірден байқап, оны «кір-қожалақ» деп мазақтауда. Оған бұл туралы қалай айтамыз? Және айтқан дұрыс па? Негізі бұл сіздің шаруаңыз емес. Жуынғысы келмей ме, өзі білсін. Бірақ, көп ұзамай сыныптастарыңыз оны көзінше мазақтай бастауы мүмкін. Яғни, қалай да болсын айту керек! Ал, мақтамен бауыздағандай етіп қалай айтуға болады?

Біріншіден, ащы шындықты ешкім жоқ жерде айтқан жөн. Екіншіден, көмектесу мақсатында ғана. Үшіншіден,нәтиже болатындай етіп жеткізген дұрыс. Қиялыңызды іске қосыңыз: «Шерхан, жағама қарап жіберші. Кірлеп қалған сияқты. Барлығы біртүрлі қарайды. Таңертең жуынуға еріндім. Таза ма екен? Қызық жағдай. Мүмкін, менің көңіліме келмес үшін солай айтып тұрған шығарсың? Бүгін сен де жуынуға ерінген сияқтысың ғой. Сенің де жағаң кірлеп қалыпты».

Бұл тұспалыңызды Шерхан секілді досыңыз бірден түсінеді деп ойлаймын. Әрі ренжи қоймайтыны анық.

Алайда, айтуға болмайтын шындық бар. Мысалы, Бауыржанның бойы қысқа болса, мұны қайта-қайта есіне салудың қажеті жоқ. Кемшілігін өзі де біліп, алаңдап жүрген болар.

Бұдан шығатын қорытынды: шындықты бір нәрсені өзгерте алатын кезде ғана айтқан жөн. Және мүмкіндігінше көңілге тимейтіндей етіп жеткізу керек.

Егер өзгеріс енгізу мүмкін болмаса, шындық тек маңдайға қадалған шөгірмен бірдей болмақ. Ал мұның не керегі бар?
0 дауыс
Меніңше дұрыс. Бірақ бетке айтудың жөні осы екен деп "былш" еткізсе салмай, аздап сыпайылықты да ұмытпау керек. Сыныптастарыңыз оларға жамандық ойламайтыныңызды түсінуі керек.
0 дауыс
Дұрыс деп ойламын. Іште сақтап күндердің бір күні сол қателігін қазбалап, есіне түсіргенше, бірден айтып салған дұрыс.
+1 дауыс
Қателікті бетке айтқан дұрыс бірақ көпшіліктің алдында емес. Жеке қалған кезде ол ұялмайтын етіп түсіндіріңіз. Басқаға күлкі болып қалмауына назар аударыңыз.
zhanar996 маған сіздің айтқан пікірлеріңідің бәрі ұнайды.Менің ойымдағын жазасыз
Рахмеееет)) қуантып қойдыңыз ғой)))
+1 дауыс
Жеке қалғанда өзіне сыр секілді етіп мінін айта білген дұрыс.
Дұрыс айтады, кемшілігін айтып дұрыстағын келсе, жеке өзіне айту керек, көпшіліктің алдында позорын шашпай)
0 дауыс
Бетке айтқан дұрыс емес. Неге? Себебі ол өмірлік жолдастарың. Бірге оқыдыңдар. Кейін жаманатты болып кетесің. Сондықтан тыныш жүрген дұрыс. Кейін бітпейтін өсекке қалуың мүмкін.
0 дауыс
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады деген. Сондықтан мінді бетке айтқан дұрыс деп ойлаймын. Бірақ бірден айқайлап айтқан, әрине, дұрыс емес. Жайлап түсіндіру қажет.
0 дауыс
Жақсы жағы да бар,
жаман жағы да бар...
Жақсы жағы неге сол сөздi, сол кезде айтпадым екен деп өкiнесiң. Жаман жағы ешкiмге жақпайсың...

Ұқсас сұрақтар

...