0 дауыс
1.4k көрілді

Білем көп қойылған сұрақ, бірақ маған керек жауапты таба алмадым, интернеттенде іздедім, шықты бірақ олардың көбі мектепте айтылып қойған. Сондықтан өздеріңіз өлең шығара алсаңыздар, я болмаса интернетте жоқ өздеріңізге шығарған таныстыру болса өтінем жауап беріңіздерші,. Жасыма лайықты күрделірек болса жақсы болар еді. аты жөнім Рақымғазы Гүлжазира Бақытқызы. Суанмын елім Мырзагелді, анамның аты Торғын, Қызылеспе деген ауылда тұрам, бұның бәрін қосу керек демеймін. оныншы сыныпта оқимын

Нақты қайдансыз! Мен де Суанмын.
қуаныштымын...Жаркенттенмін, сіз?
Белгісіз
Мен де Жаркенттенмін. Осы сайттан әйтеуір бір Жаркенттікті таптымғой.

1 жауап

0 дауыс
Сәлем бердім, ағайын-жұрт армысыздар!

Көктемдей құлпырған қыз-келіншек бармысыздар!

Наурыз мерекесі құтты болсын

Әрқашан құлпырған ғой ару қыздар!

 

Бүгінгі қыз сыны сайысына

Келім едім, бақ сынай бүгін сынға

Атым менің Гүлжазира Бақытқызы

Тағы да армысыздар барша қызға!

 

Суанмын, руым Мырзагелді

Ел ішінде атақты, көпке үлгі.

Ұлы Жүзден боламын Ұлылардай

Жеңіп шығу ойымда, Алла қолдай!

 

Әділ қазы алқаларым даналардай

Әдім берер бағасын көп ойланбай

Келіп тұрмын мен бүгін бұл сайысқа

10- сыныбымның Күн нұрындай!

 

Әйтеуір ұйқаса ма, ұйқаспай ма құрадым. Өзіңіз де өңдеп алыңыз.
Рахмет жауабыңызға
Белгісіз
...