0 дауыс
8.7k көрілді
Иран мен Ауғанстан

Иран мен Ауғанстан мемлекетінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары,ерекшеліктері .

Қытай реформаларына сипаттама беру

Сіздерден тұшымды жауап күтемін,алдын-ала рахмет!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ауғанстан (пуштунша: افغانستان‎ , дари: افغانستان, Afġānestān), толық ресми атауы — Ауғанстан Ислам Республикасы[2](пуштунша: د افغانستان اسلامي جمهوریت‎ , дари: جمهوری اسلامی افغانستان) — теңізге тікелей шыға алмайтын, Орта Шығыстағымемлекет. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі. 1978 жылдан бастап елде азамат соғысы жүріп жатыр.

Батысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Пәкістанмен, солтүстігінде Түркіменстанмен, Өзбекстанмен жәнеТәжікстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Үндістанмен (дұрысында Үндістан, Қытай және Пәкістан таласатын Джамму және Кашмир аумағымен) шектеседі.

Ауғанстан Батыс пен Шығыс түйісетін жерде орналасқан. Ежелгі сауда мен көші-қон орталығы болып табылады. Оның геосаяси жағдайы — бір жағынан Оңтүстік және Орталық Азияда, екінші жағынан Таяу Шығыста орналасуы, сол аймақта орналасқан елдердің арасындағы саяси және мәдени қатынастарында, маңызды рөл атқарады.

Этимология

«Ауғанстан» атауы қазақ тілінде «ауғандар елі» деген мағына береді.

Атаудың пайда болуы[өңдеу]

Атаудың бірінші буыны — «ауған», «ауғани» — түркі сөзінен құралған, яғни ауып кеткен, жасырынған деген мағынаны береді. Бірақ ауғандар өздерін олай атамайды, олардың өз аты «пуштундар». Атаудың соңғы буыны — «-стан» деген жұрнақ парсы тілінде «орын, ел» деген мағына береді.

«Ауғандар» деген термин халық атауы ретінде, исламдық кезеңнен бастап қолданылады. Кейбір ғалымдардың пікірінше «ауған» деген сөз алғаш рет тарихта 982 жылы пайда болған; сол кезде ауған деп, Инд өзені бойындағы таулардың батысында өмір сүрген тайпаларды айтқан.[6]

1333 жылы Кабулда болған Марокколық саяхатшы Ибн Баттута былай айтқан:

«Біз, бұрын ірі қала болған, Кабулға саяхат жасадық. Қазіргі кезде онда өздерін ауғандармыз деп атайтын, парсы тайпалары өмір сүреді».

— Nancy Hatch Dupree - The Story of Kabul (Mongols)

«Ираника энциклопедиясында»:[7]

«Этнологиялық көзқараспен айтқанда, «ауғандық» термині — пуштундардың парсы тіліндегі атауы. Бұл термин Ауғанстаннан шығып басқа жақтарға да кең таралған, өйткені қазіргі кезде пуштун тайпалық одағы саны жағынан да, саяси жағынан да бұл елде ең маңызды болып саналады».

Сонымен қатар, түсініктемесінде:

«Avagānā» деген атаумен бұл этникалық топ, алғаш рет б.з.б VI ғ. Varāha Mihira деген үнділік астрономның «Brihat-samhita» еңбегінде аталған.

Бұл ақпаратты пуштундық әдебиет те қолдайды, мысалы XVII ғ. Хушаль-хан Хаттак[8], өз еңбегінде пуштунша былай жазған:

«Арабтар бұны біледі, және римдіктер де біледі: ауғандар дегеніміз ол — пуштундар, ал пуштундар — ауғандар!»

«Ауғанстан» терминін XVI ғасырда Бабыр император да қолданған: ол кезде бұл атаумен пуштундар өмір сүрген Кабулдың оңтүстік жерлері аталған.[9]

1808 жылы Ауғанстанда британдық дипломатиялық миссияны басқарған, сэр Монстюарт Элфинстон, өзінің «Account of the Kingdom of Cabul and its Dependencies in Persia and India» деген кітабында, ауғандар өздерін Иосифтің үшінші ұлы Ауғаннан бастау алатын, еврейлік рудың ұрпағымыз деп санайды, деп жазған. Бірақ, сол кезде Эльфинстон бұл теорияның расталмағандығын жазған.

XIX ғасырға дейін атау пуштундардың дәстүрлі жерлерін атау үшін ғана қолданылған. Өйткені ол кездерде ел «Кабул корольдігі»[10] деген атаумен танымал болған. Елдің басқа жерлерінде әр кезеңде әртүрлі тәуелсіз елдер болған, мысалы XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген «Балх корольдігін» айтуға болады.[11]

Ақыры, ел кеңейіп, билік орталықтандырылғанда, ауғандық басшылар корольдікке «Ауғанстан» деген атауды қабылдады. «Ауғанстан» деген есім корольдіктің атауы ретінде қолданылғандығын 1857 жылы Фридрих Энгельс[12] айтқан. Ол атау ел Ұлыбританиядан толықтай тәуелсіздік алғанда және оны әлемдік қауымдастық мойындағанда ресми түрде қолданыла бастады. Және ол атау Ауғанстанның 1923 жылғы Конституциясымен бекітілді.[13]

Географиясы[өңдеу]

 Толық мақаласы: Ауғанстан географиясы

Жер бедері[өңдеу]

Ауғанстан территориясы Иран таулы қыратының солтүстік-шығысында орналасқан. Елдің көп бөлігін таулар мен олардың арасындағы алқаптар алып жатыр.[14]

Елдің солтүстігінде Бактрия жазығы орналасқан, оның ішінде Қарақұмның жалғасы болып табылатын құмды-сазды шөл жатыр. Оның оңтүстігі мен шығысын таулы жүйелер көмкеріп жатыр: Сафедкох (=Ақ таулар) және Сиахкок (=қара таулар) деген жоталардан тұратын — Паропамиз және Гиндукуш таулары.

Оңтүстігінде Орта-ауғандық таулар мен Газни-Қандағар қыраты орналасқан. Батысында, Иранмен шекаралас, Наомид (=үмітсіздік шөлі) үстірті мен Систан ойпаты жатыр. Елдің қиыр оңтүстігін Гауди-Зира ойпаты, Дешті Марго (=өлім шөлі) сазды-тасты шөлі, Гармсер және Регистан құмды шөлдері алып жатыр.

Гиндукуштың батысында биіктігі 3000-4000 м Хазараджат таулы қыраты бар. Пәкістанмен шекаралас аумағында елдің ең биік нүктесі — Ношак тауы орналасқан (биіктігі 7492 м).

Сурет галереясы

Таулы пейзаж

 

Ауғанстан ландшафты

 

Елдің солтүстік-батысы

 

Елдің шығысы

Климаты[өңдеу]

Ауғанстанның климаты континентті субтропикті, қысы суық, жазы ыстық және құрғақ. Орташа температурасы мен жауын-шашын мөлшері өзгеріп отырады: қыста +8-ден -20°C-ге дейін және одан да төмен, жазда +32-ден 0 °C-ге дейін жетеді. Жылына шөлді аймақта жауын-шашын мөлшері 40-50 мм, қыраттарда — 200-250 мм,Гиндукуштың жел жақ беткейінде — 400-600 мм, оңтүстік-шығысында Үнді мұхитынан келетін муссонның әсерінен 800 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашынныңмаксимумы қыс пен көктем мезгілдерінде түседі. 3,000-5,000 м биіктіктерде қар жамылғысы 6-8 ай жатады, одан жоғары — мұздықтар.

Геологиялық құрылымы[өңдеу]

Тұран платформасының оңтүстік аймағына жататын, Бактрия жазығын қоспағанда, Ауғанстанның территориясы негізінен Алпі-Гималай қозғалмалы белдеуінде орналасқан.

Өзендері мен су қоймалары[өңдеу]

Индке құятын, Кабулдан басқа, өзендердің барлығы ағынсыз. Олардың ішіндегі ең ірілері — елдің солтүстік шекарасымен ағатын Әмудария, жер суаруға алынатынГерируд, және Систан ойпатына Фарахруд, Хашруд, Харутруд өзендерімен бірге құятын Гильменд, олар тұщы сулы Хамун көлін құрайды. Өзендер негізінен қар суымен және мұздықтар суымен қоректенеді. Жазытықтардағы өзендердің суы көктемде молайып, жазда тартылып қалады. Таулы өзендердің гидроэнергопотенциалды қасиеті бар. Көп аудандарда жер асты сулары сумен жабдықтау мен суару көзі болып табылады.

Пайдалы қазбалары[өңдеу]

Ауғанстанның жер асты қойнауы пайдалы қазбаларға бай, бірақ шеткері таулы аймақтарда орналасқандықтан оларды өндіру өте қиын.

Тас көмір мен бағалы металлдар кені, берилл, күкірт, тұз, мәрмәр, лазурит, барит, целестин кендері бар. Мұнай, табиғи газ, гипс кен ошағы кездеседі. Мыс, темір,марганец ен орындары зерттелген.

Кабулдың жанындағы Айнак мыс кені, Еуразиядағы ең ірі кен ошағы болып саналады (кен қоры 240 млн т., құрамы 2,3% (2006 ж. бағалау)). Және Кабулдың маңында Хаджигек темір кен орны бар (кен қоры 428 млн т., құрамы 62-68%), ол оңтүстіказиялық аймақтағы ең ірісі.[15]

Тарихы[өңдеу]

 Толық мақаласы: Ауғанстан тарихы
Көп ғасырлар бойы АуғанстанПарсы империясының шығыс бөлігі болды. Сол кезден бері иран мәдениетінің бір бөлшегі болып табылады.

Ауғанстан — тарихы тереңде жатқан мемлекет. Ең алғашқы адамдар Ауғанстанның территориясында, шамамен 5000 жыл бұрын пайда болды, және бұл аймақтағы ауылдық қауым әлемдегі ең алғашқылардың бірі.[16][17]

Зороастризм Ауғанстанның территориясында б.з.б. 1800-800 ж.ж. пайда болған, ал Заратустра Балхта өмір сүрген.[18][19] Бұл аймақта, зороастризмнің гүлденген шағында, ежелгі шығыс иран тілдерінде сөйлеген (мысалы, авеста тілі). Б.з.б. VI ғ. ортасында,Ахеменидтер Ауғанстанды Парсы патшалығының құрамына кіргізді.

Ахеменидтер империясы б.з.д. 330 жылы Ескендір Зұлқарнайынның соққысынан құлап, Ауғанстан Ескендірдің империясының құрамына енді. Ескендір Зұлқарнайынның империясы ыдырағаннан кейін Ауғанстан Селевкидтер мемлекетінің бөлігі болды. Олар б.з.д. 305 ж. дейін елді биледі, Буддизм аймақтағы басты дінге айналды.

Грек-бактрия патшалығының гүлденген шағы

Кейін аймақ Грек-бактрия патшалығының бөлігі болды. Сақтар үнді-гректерді б.з.б. II ғ. Ауғанстаннан қуып шықты. Грек-бактрия патшалығы б.з.д. 125 ж. дейін өмір сүрді.

I ғ. Парфия империясы Ауғанстанды жаулап алды. Б.з. II ғ. орта-аяғында Кушан империясының орталығы қазіргі Ауғанстанда орналасқан, олар будда мәдениетінің қомқоршысы болды. III ғ. Кушандарды Сасанидтер әскері талқандады.[20] Бірақ, өздерін кушандармыз деп атайтын (белгілі болғандай Сасанидтер) басшылар елдің бір бөлшегін басқауын жалғастыра берді.[21] Ақырында кушандарды ғұндар толықтай талқандап, V ғ. бірінші жартысында бұл аймақта эфталиттер өз мемлекетін құрды.[22] Эфталиттердісасан патшасы Хұсрау I және 557 жылы Түркі қағанатының әскерлері талқандады. Алайда, эфталиттер мен кушандардың ұрпақтарыКабулистанда кішігірім мемлекетін құра алды, оны соңында мұсылмандық басшылар Саффаридтер жаулап, кейін ел Саманидтержәне Газневидтер мемлекеттерінің құрамына кірді.

Исламдық және моңғолдық кезең[өңдеу]

Ауғанстан — Араб халифатының шығыс бөлігі (750 жыл).

VII ғ. Ауғанстанның батыс бөлігін арабтар жаулап алып, өз мәдениеті мен жаңа дін — исламды әкелді. Бірақ ислам біржола тек X ғасырда, аймақ Саманидтер империясының құрамына енгенде ғана, орнықты.][23]

X ғасырда елге Орта Азиядан түркілер келді. Ауғанстан аумағында және Иранның, Орта Азияның, Үндістанның бір бөлігінде Газневид империясы (астанасы — Газни қ.) пайда болды. Ғылым мен мәдениеттің гүлденуі басталды.[23]

XII ғасырда жергілікті ауғандық Гуридтер династиясы күшейіп, өз билігіне Ауғанстан мен көршілес территорияларды біріктірді. XIII ғ.басында Гуридтерді Хорезмдер жаулап алды.

XIII ғасырда аумаққа Шыңғысхан басып кірді.[23] Ауғанстан Моңғол империясының құрамына кіріп, оның орнына моңғолдарға бағынатын Курттар әулетінің мемлекеті өмір сүрді. Ауғанстан екі моңғол ұлыстарының шекарасында орналасты — Хулагу мемлекетімен Шағатай ұлысы. XIV ғасырдың екінші жартысында Ауғанстан Әмір Темірдің империясының құрамына кірді. Ал оның өлімінен соң, бұл жерді Тимуридтер басқарды. Олардың арасында ең танымалы Ұлы Моғолдар империясын құрған, Кабул билеушісі Бабыр.

XVI-XVII ғасырларда Ауғанстан территориясы үшін Сефевидтік Иран мен Үндістандық Ұлы Моғолдар империясы тартысты.

Хотаки әулеті[өңдеу]

 Толық мақалалары: Хотаки әулеті және Ауған хандықтары

XVIII ғасырда Ауғанстан Парсы империясы, ирандық Сефевидтер әулетінің құрамына кірді. Персияның әлсіреуінен кейін және бірнеше көтерілістерден кейін ауғандықтар тәуелсіз патшалықтар құрды, олар — Қандағар және Герат. Қандағар патшалығы Мир Уәйс негізін қалаған, пуштундық Хотаки әулетінің қол астында болды.1722 жылы ауған әскерлері Персияға қарсы жорық жасап, оның астанасы Исфаханды жаулап алды, бірақ кейін Нәдір-шахтан жеңіліп қалды.

Содан кейін Нәдір-шах өз билігін Ауғанстанға жүргізді. Бірақ оның билігі онда тұрақсыз болып, 1747 жылы Сефевидтер империясы құлады.

Дуррани мемлекеті[өңдеу]

Дуррани империясының гүлденген шағы
 Толық мақалалары: Дуррани мемлекеті және Ауған хандықтары

Дуррани империясын 1747 жылы Қандағарда әскери командир Ахмад-шах Дуррани құрды. Ол алғашқы біртұтас ауған мемлекеті болды. Алайда оның мұрагерлерінің кезінде, империя бірнеше жеке патшалықтарға ыдырап кетті. Олар: Пешавар, Кабул, Қандағар және Герат патшалықтары.

Қазіргі тарихы[өңдеу]
Ағылшын-ауған соғысы[өңдеу]

 Толық мақалалары: Үлкен ойын және Ағылшын-ауған соғысы

Еуразия материгіндегі стратегиялық орнына байланысты, Ауғанстан сол кездегі ірі державалар Британ және Ресей империясыныңсоғыс алаңына айналады. Бұл шайқас «Үлкен ойын» деген атау алған. Ауғанстанды жауламақшы болып, Британ ипериясы бірнеше рет соғыс ісін жүргізген. Бірақ 1919 жылы 9 тамызда Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындаға мәжбүр болды.

Ауғанстан патшалығы[өңдеу]

Король Аманулланың Берлинеге барған шағы. Бұл сапардан кейін Ауғанстан мен Германияның стратегиялық әріптестігі бастау алды
 Толық мақалалары: Ауғанстан патшалығы және Ауғанстан әмірлігі

РКФСР Ауғанстанды ең алғаш мойындап, 1919 жылдан бастап Ресей Федерациясымен дипломатилық қарым-қатынас орнатуда.

Алғашқы республика және Дәуіт диктатурасы

 Толық мақаласы: Ауғанстан Республикасы (Дәуіт диктатурасы)

1973 жылы 17 шілдеде Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс болды. Монархия құлап, елде республика жарияланды. Бұл тарихи кезең саяси тұрақсыздықпен сипатталады. Президент Мұхаммед Дәуіт реформа жасап, елді модернизацияламақшы болды, бірақ ақыр аяғында оны істей алмады.

Сәуір революциясы

 Толық мақаласы: Сәуір революциясы

Елде 1978 жылы сәуірде революция басталды. Приезидент Мұхаммед Дәуіт отбасымен бірге өлтіріліп, билікке коммунистік «Ауғанстанның халық-демократиялық партиясы» (АХДП) келді.

Ауғанстан Демократиялық Республикасы. Азамат соғысының басталуы[өңдеу]

 Толық мақалалары: Ауғанстан Демократиялық Республикасы, Ауғанстан соғысы 1979-1989, және Ауғанстандағы азамат соғысы
Әмин сарайы
Ауғанстандағы Кеңес әскерлері

1978 жылы сәуірде, Сәуір революциясынан кейін, Ауғанстан Демократиялық Республикасы жарияланды. Елбасы болып Нұр Мұхаммед Тараки, ал Революциялық кеңестің төрағасы болып Хафизулла Әмин сайланды. Басшылық радикалды реформа жасауды қолға алды, әсіресе секуляризация бойынша. Бірақ, ол дәстүрлі ауған қоғамының наразылығына ұшырады. Елде Азамат соғысыбасталды. Сөйтіп басқарушы партия АХДП екі фракцияға бөлінді — Хальк және Парчам, олардың өзі билікке талас жүргізді. Нұр Мұхаммед Тараки өлтіріліп, ел басшысы болып Хафизулла Әмин сайланды. КСРО-да Әминді сенімсіз адам, ол кез келген уақытта Батысқа бет бұрып кетуі мүмкін деп санады.

Сондықтан кеңестік билік Әминді тақтан тайдыртып, көтерілісшілерді басу үшін коммунистік басшылыққа көмек көрсету мақсатымен елге әскерін енгізуге шешім қабылдады. Қорытындысында, КСРО әлі күнге дейін жалғасып жатқан азаматтық соғысқа араласты. АҚШ-тың ресми мәлімдемесі бойынша: КСРО Ауғанстанға басып кіріп, оны жауап алды деп айыптады. Президенттік сарайда кеңестік спецназбен ұрыс жүрап жатқанда Әмин қайтыс болып, Революциялық кеңестің төрағасы орнына Бабрак Кармаль келді.

Кеңестік әскерлерге қарсы ауғандық мұджахедтер соғысты. Кейіннен оларға АҚШ, Қытай және т.б. елдер қаржылай жәрдем, қару-жарақ, оның ішінде көбінесе «Стингер» ракеталы кешенімен көмек көрсетті. Қарсыластық аяқталмаған соң, аяғында КСРО өз әскерін Ауғанстаннан алып шықты.

1986 жылы 4 мамырда АХДП ОК-нің шешімі бойынша Б. Кармаль «денсаулығына байланысты» жұмысынан босады. Оның орнынан кетуі, КСРО-да билікке Горбачевтің келуіне тікелей байланысты. 1 қазанда Ауғанстан Демократиялық Республикасының Рефолюциялық кеңесінің жаңа төрағасы болып Мұхаммед Наджибулла сайланды. Бір айдан соң, 30 қарашада, Сәуір революциясы кезінде алынып тасталған президент статусы жаңа Лойя джирга конституциясы бойынша, қайта қалпына келтіріліп, Мұхаммед Наджибулла президент болды. Кеңестік әскерлер 1989 жылы елден шығарылыд. Кеңес Одағының әскері кеткен соң (1989), Наджибулла төрт жыл бойы билікте болды.

Талибтердің билікке келуі[өңдеу]

 Толық мақалалары: Ауғанстан Ислам Әмірлігі, Талибан, және «Мызғымас бостандық» операциясы
Талибан қозғалысы байрағы
Талибтер Гератта, 2001 жылдың шілдесі

1989 жылы елден кеңес әскері кеткен соң, азамат соғысы аяқталған жоқ, керісінше жаңа күшпен жалғасты. Елдің солтүстігінде далалық командирлер тобы Солтүстік алянс ұйымын құрды. 1992 жылы көтерілісшілер Кабулге басып кіріп, Ауғанстан Демократиялық Республикасы өмір сүруін тоқтатты. Ахмад Шах Масуд пен Гүлбеддин Хекматияр билікке таласып жатқанда екі жақты артиллерияКабулды оқтын астына алды. Сөйтіп, ауғандық мәдени және тарихи ескерткіштерінің көбі қиратылды.[24] Сол кезде оңтүстікте «Талибан» қозғалысы өріс алып жатты. Негізінен талибтердің көбі ұлты бойынша пуштундар болды, сондықтан олар өздерін пуштун халқының мүддесін қорғаушылармыз деп жариялады. Олардың мақсаты Ауғанстанда радикалды ислам мемлекетін құру еді.

1996 жылы талибтер елдің көп бөлігін бақылауында ұстады. Қыркүйекте Кабул жауланған соң, Мұхаммед Наджибулла өлтірілді, алСолтүстік альянс елдің солтүстігіндегі шекаралық аймақтарына ығысты. Талибтердің билігі басқа діндегілерге қысым жасаумен (атап айтқанда, әлемдік қауымдастықтың, соның ішінде мұсылмандық елдердің қарсылығына қарамастан, талибтер Бамиан Буддаларын«кәпірлердің пұттары» деп, жарып жіберді) және қатігездікпен (мысалы, ұрылардың қолын кесті, әйелдер мен қыздарға мектепке баруға және қасында ер адам болмаса далаға да шығуға тыйым салынды және т.б.) ерекшеленді[25].

1980 жылдардың[26] аяғынан бастап, Ауғанстанда есірткі өндіру белең алды. 1999 жылы талибтердің билігі кезінде, апиын өнімі рекордық дәрежеге жетіп, 4600 тоннаны құрады[27]. В 2000 году из-за сильной засухи было собрано 3275 тонны опиумного мака[28]. 2000 жылы қатты құрғақшылық кезінде 3275 тонна көкнәр тұқымы жиналды. Сол жылы әлемдік қауымдастықтың қысымы бойынша[29], талибтер өз бақылауындағы аумақтарына көкнәр өсіруге тыйым салды. Қорытындысында 2001 жылы Ауғанстанда рекордтық төмен өнім жиналды: Солтүстік альянстың бақылауындағы Бадахшан провинциясында барлығы 185 тонна апиын жиналды.[30]

Халықаралық террорист Усама бен Ладен 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракттан кейін, талибтік Ауғанстанда баспана тапты. Ол Ауғанстанға АҚШ әскерінің басып кіруіне себеп болды. Бірақ кейбір журналисттер: АҚШ әскерінің басып кіруінің себебі, АҚШ шарты бойынша салынатын Трансауған құбырына (ТАПИ, Түркіменстан — Ауғанстан — Пәкістан — Үндістан) талибтердің қарсы болуы. АҚШ 11 қыркүйектегі оқиғалардан жарты жыл бұрын, Ауғанстанға күшпен ену жоспарын құрып қойған, — деген пікір айтқан.[31]

2001 жылдан бері жалғасып жатқан Ауғанстан соғысы[өңдеу]

 Толық мақаласы: Ауғанстан соғысы (2001 жылдан бастап)

«Мызғымас бостандық» операциясы кезінде, 2002 жылдың басында талибтер режимі құлады. Бірақ «Талибан» қозғалысы толықтай жойылған жоқ. Негізгі күштері Вазиристан таулы аудандарына кетті, ал қалғандары Ауғанстан мен Пәкістан территорияларында партизандық соғыс жүргізуде.

Ауғанстан Республикасы

Талибтер режимі құлаған соң, қазіргі Ауғанстан Республикасы жарияланды. 2001 жылы желтоқсанда ауған саяси қайраткерлерінің Бонн конференциясында Хамид Карзай Ауғанстанның өтпелі әкімшілігінің басшылығына қойылды. 2002 жылы шілдеде Лойя джирга (Ауғанстанның барлық халықтарының, тайпаларының және топтарының басшылары кіретін Жоғарғы кеңес) оны елдің уақытша президенті қылды. 2004 жылы жаңа Конституция қабылданып, бірінші президенттік сайлау өткенде, Хамид Карзай жеңіске жетті.

2009 жылдың 20 тамызында елде кезекті президенттік сайлау өтіп, тағы жеңіске Хамид Карзай жетті.[32]

Бұған қарамастан, елде бұрынғыдай азаматтық соғыс жалғасуда, бірақ енді Ауғанстандағы халықаралық көмек көрсету күшінің (ISAF) қатысуымен бірге болып жатыр.

Мемлекеттік рәміздері

Ауғанстан туы
 Толық мақаласы: Ауғанстан туы

Қазіргі ту 2004 жылы қабылданған. Байрақ тігінен орналасқан үш түстен (қара, қызыл және жасыл) құралған. Дәл ортасында, яғни қызыл түстің ортасында Ауғанстанның мемлекеттік эмблемасы бейнеленген. Қара түс тарихи өткенді - британдық отарлаушылармен күресті көрсетеді, қызыл түс - бостандық үшін төгілген қан, жасыл түс - исламның дәстүрлі түсі. Жалау пропорциясы - 7:10.

Елтаңбасы
 Толық мақаласы: Ауғанстан елтаңбасы

Ауғанстанның елтаңбасы мемлекеттің құрылуынан бастап, өмір сүріп келеді. Гербте масақпен көмкерілген мінберлі мешіт орналасқан. Мешітке Ауғанстанның екі туы тақап қойылған. Жоғарғы жағында күннің сәулесімен жарқыраған ислам сенімінің белгісі - Шаһада бейнеленген, оның астында тәкбір («Аллаһ ұлық» жазуы) орналасқан. Мешіт астында - 1298 жыл деген дата жазылған, яғни ислам күнтізбесі бойынша 1919 жыл, елдің тәуелсіздік алған кезі. Елтаңба Ауғанстанның туында да бейнеленген.

Әнұраны[өңдеу]

 Толық мақаласы: Ауғанстан әнұраны

Қазіргі әнұран 2006 жылы қабылданған. Гимн сөзі пушту тілінде орындалады, оның ішінде тәкбір («Аллаһ ұлық» жазуы) айтылып, Ауғанстанда өмір сүретін барлық халықтар аталады.

Билік жүйесі[өңдеу]

1973 жылға дейін Ауғанстанда монархиялық билік орнады. 1973 жылы әскери төңкеріс болып,"республика" жарияланды. 1978 жылы тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін де Ауғанстанда азамат соғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшыратты.

1997–1998 жылы Қазақстан Республикасының үкіметі Ауғанстандағы қазақтарды көшіріп әкелген болатын.

Шаруашылығы[өңдеу]

Ауғанстан — аграрлы ел. Экономикасының негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Жалалабад каналы мен Сарда су қоймасы бар. Қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндіріледі.

Ауғанстан өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-механикалық зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солтүстік шекарасында газ құбыры тартылған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіпорындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа негізінен қаракөл елтірісі менжүн шығарылады.[33]

Тағы қараңыз

Ауғанстан телевизиясы
Ауғанстан Ұлттық футбол құрама командасы
Ауғанстан қалаларының тізімі

Дереккөздер[өңдеу]

Жоғарыға көтеріліңіз↑ Afghanistan. The World Factbook. Central Intelligence Agency (13 желтоқсан 2007).
↑ Мынаған өту:a b Атлас мира. Государства и территории мира. Справочные сведения. — 14: Роскартография, 2010. — ISBN 978-5-85120-295.
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Census.gov Country Rank. Countries and Areas Ranked by Population: 2013. U.S. Department of Commerce (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2013.Тексерілді, 9 мамыр 2013.
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Department of Economic and Social Affairs Population Division (2009). «World Population Prospects, Table A.1» (.PDF).
↑ Мынаған өту:a b Afghanistan. International Monetary Fund. Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 тамыз 2011. Тексерілді, 1 қазан 2009.
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Morgenstierne, G. (1999). "AFGHĀN". Encyclopaedia of Islam (CD-ROM Edition v. 1.0 ed.). Leiden, The Netherlands: Koninklijke Brill NV.
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Ch. M. Kieffer [www.iranica.com/newsite/articles/v1f5/v1f5a037.html «Afghan»]. «Afghanistan: iv. Ethnography» (2006).
Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Afghan Poetry Of The 17th Century: Selections from the Poems of Khushal Khan Khattak», extract from «Passion of the Afghan» by Khushal Khan Khattak; translated by C. Biddulph, London, 1890
Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Transactions of the year 908» by Zāhir ud-Dīn Mohammad Bābur in Bāburnāma, translated by John Leyden, Oxford University Press: 1921.
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Elphinstone, M., «Account of the Kingdom of Cabul and its Dependencies in Persia and India», London 1815; published by Longman, Hurst, Rees, Orme & Brown
Жоғарыға көтеріліңіз↑ E. Bowen, «A New & Accurate Map of Persia» in A Complete System Of Geography, Printed for W. Innys, R. Ware [etc.], London 1747
Жоғарыға көтеріліңіз↑ MECW Volume 18, p. 40; The New American Cyclopaedia — Vol. I, 1858
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Afghanistan’s Constitution of 1923 under King Amanullah Khan (English translation).
Жоғарыға көтеріліңіз↑ География Афганистана
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Афганистан. Ру — Костыль для Карзая
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Sites in Perspective, chapter 3 of Nancy Hatch Dupree, An Historical Guide To Afghanistan.
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Afghanistan, Microsoft Encarta Online Encyclopedia 2006 (specifically John Ford Shroder, B.S., M.S., Ph.D. Regents Professor of Geography and Geology, University of Nebraska. Editor, Himalaya to the Sea: Geology, Geomorphology, and the Quaternary and other books).
Жоғарыға көтеріліңіз↑ The history of Afghanistan, Ghandara.com website
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Afghanistan: Achaemenid dynasty rule, Ancient Classical History, about.com
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Dani, A. H. and B. A. Litvinsky. «The Kushano-Sasanian Kingdom». In: History of civilizations of Central Asia, Volume III. The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750. Litvinsky, B. A., ed., 1996. Paris: UNESCO Publishing, pp. 103—118. ISBN 92-3-103211-9
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Zeimal, E. V. «The Kidarite Kingdom in Central Asia». In: History of civilizations of Central Asia, Volume III. The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750. Litvinsky, B. A., ed., 1996, Paris: UNESCO Publishing, pp. 119—133. ISBN 92-3-103211-9
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Litvinsky, B. A. «The Hephthalite Empire». In: History of civilizations of Central Asia, Volume III. The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750. Litvinsky, B. A., ed., 1996, Paris: UNESCO Publishing, pp. 135—162. ISBN 92-3-103211-9
↑ Мынаған өту:a b c Он-лайн энциклопедия «Кругосвет»: История Афганистана
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Афганистан: Ностальгия по «Талибану»? — Фергана. Ру
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Исламский Эмират Афганистан: тоталитарный режим рубежа XXI века.
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Хайдар Махмадиев. Нельзя преуменьшать опасность, исходящую от производства наркотиков в Афганистане  (Тексерілді 25 мамырдың 2013)
Жоғарыға көтеріліңіз↑ PRESS CONFERENCE ON AFGHANISTAN OPIUM SURVEY 2004  (Тексерілді 7 қазанның 2011)
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Афганистан — крупнейший в мире поставщик опиума-сырца
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Екатерина Туранова. Афганистан. История одного наркогосударства. meast.ru  (Тексерілді 7 қазанның 2011)
Жоғарыға көтеріліңіз↑ World Drug Report — archive
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Антинаркотический фронт
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Afghanistan Election Data
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Балалар Энциклопедиясы, II- том

 

Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км². Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%),әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.

Табиғаты

Иран Армян таулы қыратының оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солтүстік Иран (Эльбурс, Түрікмен — Хорасан), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығысы Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат) таулары, ортасында Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солтүстік-батысын Оңтүстік Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы, оңтүстікн — Гермезир шөлі алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік.

Қаңтардағы орташа температура 2°С-тан 19,4°С-қа дейін, шілде айында 29,4 — 32,5°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 500 мм. Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50 — 60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері —Карун, Сефидруд, Гильменд, Қиыр солтүстігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Таулы аудандарда көптеген көлдер кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы қазындылары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б.

Тарихы

Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673–672 ж. қазіргі Иранның солтүстік-батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616–605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды.

Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ. Ахемен әулеті). Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзеннен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады (қ. Кир ІІ, Дарий І).

Ахемен әулеті мемлекетін б.з.б. 330 ж. Александр Македонский талқандады. Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғасырдың орта тұсынан бастап Парфия патшалығына бағынды. 224 ж. Парфия мемлекеті құлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті құрылды. Сасани әулеті мемлекеті Оңтүстік Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды. Византияға қауіп төндірді, Түрік қағанатымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулеті мемлекеті арабтардың шабуылынан құлап, 7 ғасырдың 2-жартысында Иран Араб халифаты құрамына қосылды.

8 ғасырда Араб халифатының билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах халифат астанасын Бағдадқа көшірді. Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад халифаты құрамында болып, мәдени және экон. дамуды басынан кешірді. 9 — 10 ғасырларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер құрылды. Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады. Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иран Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі текті Ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді (қ. Ғазнауи әулеті). 11 ғасырда Иранға түрік-оғыздар (салжұқ) басып кіре бастады. Көп ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды және көрші елдерді басып алып салжұқтар мемлекетін құрды. 12 ғасырда салжұқтар бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаїы Текеш басып алды.

1220 — 56 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ильхандар мемлекетін құрды. 14 ғасырдың 30-жылдары ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 — 93 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қарақойлы мемлекеті құрылды. 16 ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 — 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін құрды. 17 — 18 ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, Әзірбайжандар, күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғасырдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еур. мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. 19 ғасырдың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің билігі күшейіп кетті.

19 ғасырдың аяғына таман Иран еур. мемлекеттердің жартылай отарына айнала бастады. 1901 ж. ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909 ж. бірлескен ағылшын-парсы мұнай компаниясы құрылды. Елдің солтүстігіне Ресей, оңтүстігіне Ұлыбритания қожалық ете бастады. 1905 — 11 ж. елде шетелдіктерге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті. Оның барысында конституция жарияланып, меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер жойылды. Бірақ 1918 ж. ағылшындар бүкіл Иранды басып алып, 1919 ж. оны кіріптарлық шарттарға қол қоюға мәжбүр етті. Елде ағылшын үстемдігіне қарсы жаңа толқулар басталды. 1921 ж. 21 ақпанда әскерилер Реза ханның басшылығымен мемл. төңкеріс ұйымдастырып, жаңа үкімет құрды. Жаңа үкімет халықтың қысымымен 1919 ж. ағылшын-парсы шартын жойылды деп жариялады. Армияға сүйенген Реза хан Орталықтың билігін күшейту үшін сепаратистік пиғылдағы Иран ақсүйектерімен үздіксіз күрес жүргізді. 1925 ж. 31 қазанда 5-меджлис Каджар әулетін тақтан түсті деп жариялады, 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы Реза ханды Реза шаї Пехлеви деп жариялады.

Елде нарықтық қатынастар тез дами бастады. Халықтың мәдени және тұрмыстық өмірінде көптеген өзгерістер болып өтті. Алайда, 1929 — 33 ж. болған дүниежүз. экономикалық дағдарыс Иран экономикасын тұралатып тастады. Халықтың тұрмысы нашарлап, елде толқулар басталды. Ол толқулар күшпен басылып отырды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында Иранға одақтастар әскерлері енгізілді (1941 ж. тамызда ағылшын және кеңес әскерлері, 1942 ж. аяғына таман АҚШ әскерлері). 1941 ж. 16 қыркүйекте Реза шаї тақтан өз еркімен бас тартып, орнына баласы Мұхаммед Реза Пехлеви шаї болды. 1942 ж. 29 қаңтарда Иран КСРО және Ұлыбританиямемлекеттерімен одақтастық туралы шартқа қол қойды. 1943 ж. 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына араласқан жоқ.

Тегеран конференциясы кезінде 1943 ж. 1 желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері Иранға территориялық тұтастығын сақтауға әзір екендіктерін мәлімдеді. Соғыстан кейін Иран үкіметі Батыс елдерімен тығыз байланыс орнатты. 1953 ж. ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан М.Мосаддық үкіметі құлатылды. Иран шаһы М.Р. Пехлевидің көмегімен АҚШ елдің ішкі өміріне белсене араласа бастады. Ел 1955 ж. АҚШ-пен әскери келісімдер жасасты, 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978 — 79 ж. халықтың шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит дінбасылары басқарды. 1979 ж. 11 ақпанда болған революция нәтижесінде шаї үкіметі құлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р.Хомейни келді. Саяси партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстың иелігіндегі барлық компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО блогынан шығып, Блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болып енді.

1980–1990 ж. болған иран-ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700 млрд. АҚШ долларынан астам) зардаптар әкелді (қ. Иран — Ирак соғысы). Қазіргі кезде Иран үкіметі Батыс елдері қолданып отырған оқшаулау саясаты ықпалын бәсеңдету үшін белсенді сыртқы саясат жүргізуде.

Экономикасы

Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері. Мемл. кірістің 1/3 және экспорттың 90%-ына жуығы осы салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. т-ға жуық мұнай, 58 млрд. м3 газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экон. байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті құрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді.

Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тұрғындар үшін бидай, күріш, қант, өсімдік майы, т.б. шеттен (жыл сайын 2 млрд. АҚШ долл-на) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады. Ұлттық байлықтың 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы ауыл шаруашылығынан, қалғаны қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд. АҚШ доллары түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ доллар көлемінде, жан басына шаққанда — 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі — жұмыссыздық (3,5 млн. адам). Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен — азық-түлік өнімдері (30%), машина, құрал-жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания,Италия, араб елдері, Түркия, Қазақстанмен дипломатиялық және экономикалық байланыс 1992 ж. орнады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі рет (1992; 1996) Иранда болып қайтты. Сол кезегінде Иран басшылары да (1993 ж. А.Хашеми Рафсанджани, 1998 ж. М.Хатами) Қазақстанда болды. Екі жақ арасында 40-қа жуық келісімдерге қол қойылған, соның ішінде ең маңыздылары мұнай мен газды Иран арқылы шетке шығару, жаңа астанадағы құрылысқа Иран жағының қатысуы, Каспий тенізі мәртебесін шешу, т.б. мәселелер. 2002 ж. Алматы — Тегеран бағытында темір жол байланысы орнатылды.

Әдебиеті

Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі тобына жататын халықтар (парсы, тәжік, ауған, күрд, т.б.) мен түркі тілінде сөйлейтін (өзбек, түрікмен, Әзірбайжан, түрік) халықтардың әдебиеті арқылы қалыптасты. Иран әдебиетінің классикалық дәуірін (7 — 16 ғасырлар) парсы не парсы-тәжік әдебиеті деп атанды.

Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты басып алған соң (7 ғасыр), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы тіліндегі құнды шығармалар араб тіліне аударылды (“Қалила мен Димна”, т.б.). Парсы тіліндегі әдебиет, әсіресе, Рудаки (860 — 941) тұсында толық қалыптасты, кейін Фирдауси (940 — 1020 ж.ш.) “Шаһнама” эпопеясын жазды. Көрнекті ақын әрі ғалым Омар Хайям (1048 ж. ш. т. — 1122 жылдан кейін) сол заманның әлеум. болмысын жырлады. Әзірбайжан ақыны Низамидің (1141 —1209) “Бестік” (“Хамса”) атты шығармасы жазылған кезден бастап Иран әдебиетінде адамгершілік тақырыбы өріс алды. Иран әдебиетінің гүлденген кезі — 13 — 14 ғасырлар. Бұл кезде Закани, ибн-Ямин, Сағди, Хафиз сияқты атақты ақындар шықты.

Иран революциясы (1905 — 11) және азаматтық қозғалыс (1918 — 21) кезінде А.Фарахани, М.Кермани, М.Т. Бехар, т.б. ақындар демокр. идеяның жыршысы болды. Бұл кезде С.Хедаяттың “Қаңғыбас төбет” (1943), “Азғындық” (1944) әңгімелер жинақтары мен “Хаджи аға” повесі (1945), Б.Алевидің “Елу үш” (1942), “Түрме жазбалары” (1941) сияқты түнек жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Ирандағы әлеуметтік проблемаларды көрсеткен Ускуидің “Періште жылағанда” (1963), Саркоштың “Көз жасының зары” (1965), А.М. Афганидің “Аху-ханумның күйеуі” (1962), т.б. роман-повестері жарияланды. Иран әдебиетінен “Парсы ертегілері” (1958), Омар Хайям рубаилары (1965), Сағдидың “Бустан” дастаны (1970), т.б. қазақ тіліне аударылды.

Өнері

Иран территориясында неолит дәуіріне жататын, қабырғалары өрнектелген егіншілік құрылыстары, адам және жануарлар бейнелері, әшекейлі қыш ыдыстар (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Хұзыстан, Курдстан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған, асыл металдан жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді. Иран жерінде сақтар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол сақталған (қ. Бехистун сына жазуы, т.б.). Сасани әулеті дәуірінде (3 — 7 ғасырлар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды (мыс., Нишапур қаласы шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау, жартастарға рельеф қашау елеулі орын алды. Алтын, күміс, қола және әйнектен әр түрлі бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ғасырда арабтардың ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы мешіттер, медреселер, күмбездер пайда болды. 1305 — 13 ж. осы дәуірдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Ольджейту-Ходабенде кесенесі (сәулетші Әли шаї) тұрғызылды. 14 ғасырдан кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет салу дамыды.

15 ғасырда Иран миниатюрасының өркендеуіне Герат мектебі үлкен әсер етті. 16 — 17 ғасырларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан (Риза Аббаси, т.б.) мектептері миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді. 18 — 19 ғасырларда еур. өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған алғашқы туындылар өмірге келді. 20 ғасырда жаңа типті архитектуралық құрылыстар салына бастады. Иранның жаңа архитектуралық мұралары қазіргі стиль мен ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған. 20 ғасырдың басынан мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Сән және қосалқы өнердің дәстүрлі түрлері сақталған.

Кәсіби және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар. Иран музыкасы, негізінен, монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі. Халық музыкасының теснифа (баллада), теране (жергілікті әуен), қасида (ода), ғазел (лирикалық ән) түрлері көп тараған. Музыкалық аспаптары: саз, тар (ішекті), кеманча (әшекті-ысқылы), керней, зурна (үрлемелі), зарб (соқпалы). Арабтар жаулап алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб мәдениетінің ықпалы тиді. 9 ғасырдан бастап сарай өнері дамып, халық арасында мутребтердің (әнші-бишілер) даңқы жойылды. 19 ғасырдың 2-жартысынан Иран музыкасына еур. муз мәдениеті әсер етті. 20 ғасырдың 20-жылдары композитор әрі шебер орындаушы, Тегеран университетінің профессоры Әли Наги Уәзири ұлттық музыканы оқып-үйренудің негізін салды, музыкалық теориясынан оқулық жазып, Тегеранда музыкалық мектебін ашты. Иранда Рудаки атынд. Опера және балет театры (1967, Тегеран), Телевизия балет труппасы, филармония (1953), 2 симф. оркестр жұмыс істейді.

Театр өнерінің негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр. Ежелгі базигер театры жайлы деректер сақталған. Пантомима, көлеңке және қуыршақ театрлары болған. 10 ғасырда пайда болған мистерия діни ғұрып шахсей-вахсейдің құрамына енді. 17 — 18 ғасырларда ол трагедиялық мистерия түрлерінің бірі — тазийенің негізін қалады. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін кезбе актерлер — масқарапаздар өнер көрсетіп келді. 1911 — 12 ж. еур. театрлар тәжірибелерін пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 ж. Иранның комедия театры ашылды. Бұл театрларды құруда актер Сейед Әли Нәсірдің еңбегі зор. 1929 жылдан бастап әйел актерлер көріне бастады.

1930 — 40 ж. театр репертуарларынан өңделген Батыс Еуропа драмалары мен мелодрамалар орын алды. 1940 жылдан Иран театры дағдарысқа ұшырады, 1960 жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті. 1963 ж. Тегеранда кәсіби актерлер дайындайтын драм. студия ашылды. Тегеранда “25-шахривар”, “Касра”, “Нәсір”, “Жамейе Барбод”, Мешхедте Ұлттық театр, Исфаһанда “Сепахан”, Хамаданда “Були” театрлары жұмыс істеді. 1968 жылдан бастап Ширазда театр фестивалы өткізіліп тұрды. 1973 ж. осы фестивальға Қазақ драма театрының труппасы қатысып, Ш.Айтматовтың “Ана — Жер-ана” спектаклін көрсетті.

1930 ж. тұңғыш “Әб аби” атты фарстық фильм (реж. Эханиян), 1934 ж. дыбысты “Лор қызы” фильмі (реж. А.Х. Сепента) түсірілді. 20 ғасырдың 40-жылдарына дейін, көбінесе, шетелдік фильмдер көрсетіліп келді. 1946 ж. Тегеранда “Митра-фильм” киностудиясы құрылды. 1960 — 1970 ж. музыкалық комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге құрылған фильмдер қойылды. Тегеранда 1955 жылдан халықар., 1970 жылдан ұлттық кинофестивальдер өткізіліп тұрады. Иран кинематографиясының дамуына реж. И.Кушан, М.Мисагие, Мохтасем, М.Мохсени, С.Ясеми, Ш.Рафия елеулі үлес қосты.[1]

Иран 30 останға бөлінеді:

Батыс
Әзірбайжан
Шығыс
Әзірбайжан
Ардебиль
Гилян
Мазендеран
Зенджан
Күрдістан
Қазвин
Тегеран
Керманшаһ
Һамадан
Илам
Лурестан
Меркези
Құм
Хузистан
Чехармехаль
және Бахтиария
Кохгилуйе және
Бойерахмед
Альборз
Исфахан
Семнан
Гүлстан
Солтүстік
Хорасан
Хорасан
-Резави
Оңтүстік
Хорасан
Йезд
Керман
Бушир
Хормозган
Фарс
Систан
және
Белуджистан

Tегеран
Құм
Маркази
Қазвин
Гилан
Ардабил
Занчан
Шығыс Әзірбайжан
Батыс Әзірбайжан
Күрдістан
Һамадан
Керманшаһ
Илам
Лұрстан
Хузистан

Чахормақал ва Бахтиёри
Кугилуя у Буйир-аҳмад
Бушеһр
Парс
Құрмұзған
Сейістан у Белуджстан
Керман
Язд
Исфаған
Симнон
Мазандаран
Гүлстан
Солтүстік Хорасан
Ризауи Хорасан
Оңтүстік Хорасан

Дереккөздер

 Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...