Шыңғысханның тегі қазақ және ол қазақтың Үш Жүзінің кенжесі Кіші жүз (Алшын, Бекарыс)- оның кенжесі Он екі ата Байұлы – оның кенжесі Адайдың – оның қарашаңырағы, яғни «Мұңал ошақтың» иесі Мұңал руынан екендігі дауға жатпайды. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Бұл шындықты бүгін мойындай алмасаңдар, ертең мойындайсыңдар; ертең мойындай алмасаңдар, арғы күні мойындайсыңдар; арғы күні мойындай алмасаңдар, оның арғы күні мойындайсыңдар. Түптің түбінде бәрібір мойындайтын боласыңдар. Мұндай жағдай (жаттың ықпалымен аталарынан адасып қалу) қазақ тарихында бұрында да сан рет болған. Бәрінде де бүкіл әлем Қаз ағаларына (Қазаққа) қайта оралып отырған. Атам қазақтың "Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар" деген мақалы осыдан қалған. Бәрің бірдей Дарвин айтқандай "маймылға" бала болып кетпесеңдер, мен айтқан тұжырымға күні ертең-ақ келесіңдер. Ол күн алыс емес.
Шыңғыс хан қазақтың ата салтымен жерленген. Сондықтан, Атамыздың моласында он метр ақ матадан (кебіннен) басқа ештеңе жоқ. Осындай қарапайым дүниеге де бастарыңның жетпегені өте өкінішті, Әрине! Мұндай пікірлердің туындауы Сіздердің Атам Қазақтың Ата салтын білмейтіндіктеріңнің салдары екендігі даусыз.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім. Маңғыстаудан