0 дауыс
35.2k көрілді
Алемге әйгілі Уффици галереясын құрған Медичи әулетінын өкілі?

2 жауап

0 дауыс
Қай сыныптікі? Сыныбын жазу керек еді. Сізге барлық сынып бойынша барлық 60 сұрақтың жауабын жазамын. Ескерту: бұлар орысша. Бірақ жауабы бір. Қарап көріңіз

http://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fzolotoe-runo.org%2Fotvety%2Fzolotoe-runo-2015-3-4-klass-otvety

http://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fzolotoe-runo.org%2Fotvety%2Fzolotoe-runo-2015-5-6-klass-otvety

http://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fzolotoe-runo.org%2Fotvety%2Fzolotoe-runo-2015-7-8-klass-otvety

http://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fzolotoe-runo.org%2Fotvety%2Fzolotoe-runo-2015-9-11-klass-otvety

Осының ішінде сізге керек сыныптың "Алтын Жабағы" ойын сайысының 60 сұраққа жауабы бар.
0 дауыс


Козимо Медичи. Портрет авторы Джакопо Понтормо, 1518—1519
Ортағасырлық Италияның саяси және экономикалық өмірінде Медичилер әулеті өшпес із қалдырды. Әулет мүшелері XV ғасырда Еуропадағы ең ірі сауда-банктік компания құрды. Медичилер біраз үзілістермен Флоренцияда 1434 жылдан 1737 жылға дейін билік құрды. XIV ғасырда «қоңды халықтар» қатарына жататын медичилер феодалдық ақсүйектерге қарсы белсенді күрес жүргізді.
Әулеттің негізін қалаушы Сальвастро Медичи чомпилер  көтерілісінөзінің саяси және экономикалық жағдайын нығайту үшін пайдалана білді. Әулет барлық алым-салық жүйесін өз қолына шоғырландырды. Флоренция қала-мемлекетіндегі барлық басшылық қызметке Медичилер әулетіне адал берілген адамдар тағайындалды. Әулет сауда-банк қызметін кеңейтті, тіпті Рим папасының банктік істерін жүргізді. Медичилер Брюггеде, Лондонмен Париждежәне т. б. қалаларда өз компаниясының филиалын (бөлімшелерін) ашты.
Альбицилер әулетімен күресте жеңіске жеткен Козимо Медичи 1434 жылы Флоренцияның жеке-дара билеушісіне айналды. Ол республикалық өкіметке арка сүйеді. Медичйлер кедейлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға айтарлыктай көңіл бөлді. Байларға алым-салықты көбейтіп, кедейлерге салынатын салықты жеңілдетіп отырды. Әулет қаладағы құрылысты ұлғайтып, еңбекші халықты жұмыспен қамтамасыз етті.
Медичилер оқымыстылар мен өнер қайраткерлеріне қамқорлық жасап отырды. ӘсіресеЛоренцо Медичибилігі (1469-1492) кезінде Флоренцияның аты бүкіл әлемге әйгілі болды. Лоренцоның өзі әрі оқымысты, әрі ақын, әрі өнер жанкүйері еді. Оның ғылым-білімге, көркемөнерге деген қамқорлығы білікті де шебер өкімет билігімен ұштасып отырды. Оның ішкі саясаты Флоренцияны қайта өркендеу мәдениетінің ең ірі орталығына айналдырды.
...