0 дауыс
32.0k көрілді
Металдардың табиғаттағы маңызы туралы реферат керек тауып бериниздерши отинем

3 жауап

0 дауыс
Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай, тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалды. Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі металдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді.»
Тас ғасырында-ақ алғашқы табылған металдар сом күйдегі тума алтын мен күміс болатын. «Металдар» деген сөздің өзі ертедегі гректің осыған үндес «іздеу» деген сөзінен шығуы мүмкін. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстарынан бөліп алуды үйренді. Мәселен, мыс біздің заманымызға дейінгі ІV мыңжылдықта алынса, келесі ІІІ мыңжылдықта оның орнына мысқа қарағанда беріктеу қоланы қолдана бастады. Сөйтіп, мыс дәуірінің орнын қола дәуірі басты.
Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды.
Біздің заманымыздың бас кезінде небәрі жеті металл белгілі болса, ХVІІІ ғасырда оның оң жетісі ашылды.
Басқа металдарды алу үшін ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің дамуы қажет еді. Бұл процесс күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мәселен, ядролық реакциялардың көмегімен табиғатта кездеспейтін көптеген радиоактивті жасанды элементтер алынды [1].
Сілтілік және сілтілік-жер металдарға литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций, магний, кальций, барий жатады. Бұл металдар – ең белсенді металдар, күшті тотықсыздандырғыштар.
Натрий – арабша «натрун», грекше «табиғи сода» деген мағынаны білдіреді. Кальций «кальцис» - әк деген мағынаны білдіреді. Калий арабша «поташ», ол ертеде күл ретінде белгілі болған. Ол минералды тыңайтқыш ретінде қолданған. Калий – өсімдіктерді қоректендіру үшін қолданылатын маңызды элемент. Калий теріні күйдіреді, көзге өте аз мөлшері түссе соқыр болып қалады, сондықтан онымен жұмыс істегенде ұқыпты болу керек. Натрийді, калийді, кальцийді, литийді 1807 – 1808 жылдары ағылшын ғалымы Гемфри Дэви зерттеп ашқан.
Темір (Ғе-феррум) – адам қоғамымен бірге туып, бірге жасасып келе жатқан элемент. 1749 жылы Сібір ұстасы Енисейден сом темірді тапқан. Темір адамды алғашқы құрал мен қару-жарақтан бастап бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген жасампаз металл. Адамның денесі мен қанында 3 грамм темір болады. Қанның қызыл түсті болуы гемоглобинге байланысты. Темір иондары болмаса гемоглобин түзілмейді. Сондықтан, өкпеден жасушаларға оттек тасымалданбайды.
Алтын (Аu-аурум) – латынша аурум сөзі «таңертеңгі таң шапағы» деген мағынаны білдіреді. Ертедегі қазақтар алтынды күнге теңеген. «Күн – көк жүзінің патшасы болса, алтын – жердегі тіршілік иесінің патшасы» деп ұқты. Ол негізгі тауар айналым құралы болды. Барлық зат, бұйым, мол байлықтың өлшемі алтын болды. Ең жоғарғы жетістік, ерліктерді алтынға балады және сонымен марапаттаған. Алтын үшін қиян-кескі ұрыстар, қан төгістер болды.
Күміс (Аg-аргентум). Санскрит тілінде ашық ақ түс деген мағынаны білдіреді. Күміс адамзат баласына алтын мен мыстан кейін таныс болған. Өте ертедегі күміс ыдыс – Ур қаласындағы күміс құмыра. Күміс ыдыста құйылған су көпке дейін бұзылмайды. Себебі, күміс иондары судағы бактерияларды жояды. Құрамында күміс иондары бар минералды сулар асқазан ауруын жазатын бірден-бір дәрі. Қазақ күмісті айға теңеген. Күміс тұрмыста бұйымдар, әшекейлік заттар үшін қолданылады [2].
Сынап (Нg-хидраргирум) – латыншадан аударғанда «күміс суы» деген мағынаны білдіреді. Ол ақ түсті сұйық металл. Ертеде «Сыр» киноварь деген минералдан өндірген. Бөлме температурасында буланады, буы өте улы. Көптеген металдар сынапта еріп, амальгама түзеді. Ертедегі ата-бабаларымыз сынапты ем үшін халық медицинасында пайдаланған.
Мыс (Сu-купрум). Жерорта теңізіндегі Кипр аралында көп кені болғандықтан осындай ат берілген. Мыс – қызғылт түсті, жұмсақ металл. Иілгіш, созылғыш, электр тоғын жақсы өткізеді. Мыстың қоспалары, әсіресе, қола мен жез тұрмыста кеңінен қолданылады. Ертедегі ата-бабаларымыз оның емдік қасиетін білген. Аяғы сынған түйеге қамырға орап мысты жегізгенде, ол түйе екі-үш күннен кейін жазылып кетіпті. Сондай-ақ, мыстан алғаш тұрмыс құралдарын жасап, оның жұмсақ қасиетін білген соң, басқа металдармен қосып, құйма түрінде пайдаланса, қаттылық қасиетінің артатынын білді. Кейіннен темірдің ашылуы мысты пайдалануды тұрмыстан ығыстырып шығарды.
Қалайы (Sn-станнум) – адамзат баласына ертеден таныс металл. Қалайының мыспен құймасы (қола) б.з.д. 6 мыңыншы жылдарда белгілі болған. Қалайы ерте кезден тұрмыстық бұйымдар, әсемдік заттар, қару жасауда қолданылған. Қалайы – күміс түсті ақ металл. Оны жайып, жұқа фольга жасауға болады.
Қола – мыстың әр түрлі элементтер (қалайы, алюминий, берилий, қорғасын) қосылған қорытпасы. Ол әр түрлі болып келеді. Қышқыл әсерінен жасылдау, қою қызыл-қоңыр, кейде қара түске дейін өзгереді. Оны химиялық тәсілмен бояуға, алтын жалатуға, әрі жалтыратуға болады.
Жез – құрамында 50 пайызға жуық мырыш пен басқа элементтер бар мыстың қорытпасы. Бұлар таза мыстан берік, қатты әрі коррозияға тұрақты. Ерте заманнан бері қазақтар жезді құман, қоңырау, ер-тұрман, қамшы т.б. бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданып келеді. Жездің иілгіштік, созылғыштық қасиетін әдемілікпен байланыстыра теңеп, «Жез қармақтай майысып», «Жез таңдай, күміс көмей», «Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім» деп ән-жырға қосқан.
Қазіргі адамзат қоғамының дамуы үшін металдардың маңызы орасан зор. Бүгінгі күндері таңғажайып қасиеттері бар синтетикалық заттардың сан алуан түрі өмірге келгеніне қарамастан, металдар осы заманғы техникаға қажетті ең маңызды конструкциялық материал болып отыр. Олар автомобильдердің, ұшақтардың, ракеталардың, станоктардың, өте дәл құралдардың және электрондық техниканың негізі болып саналады. Металдар – құрылыстың, технологиялық конструкциялардың, химиялық реакторлардың, құбырлардың, мұнай өндіретін мұнаралардың және т.б. негізгі өзегі. Қазіргі кезде техникада 40-тан астам металдар кеңінен қолданылады [3].
Металдар жай заттар ғана емес, олар химиялық элементтер. Осы элементтер тірі және өлі табиғаттың аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жердің беткі қабаты – литосфера: алюминий, темір, кальций, магний, натрий, калий қосылыстарынан тұрады. Бұл химиялық элементтер оттек пен кремнийді қоса алғанда Жер массасының 99%-ін құрайды. Теңіздер мен мұхиттардың суында натрий, магний, кальций, стронций, алтын, т.б. металдардың катиондары бар.
Металдар биосферада да орасан зор қызмет атқарады. Кальций сүйек ұлпасының негізін құрайды, темір қандағы гемоглобиннің, ал магний жасыл өсімдіктер хлорофилінің құрамына кіреді. Тірі организмдегі ең маңызды процестер: зат алмасу, оттек тасымалдау, фотосинтез металдардың қатысуымен жүреді.
Алайда, адамдар металдарды ойланбастан, қалай болса солай қолданса, олар пайданың орнына зиянын тигізетін болады. Көптеген металдардың қосылыстары улы. Мысалы, қорғасын, сынап, стронций және кадмий тұздары. Радиоактивті металдардың, олардың қосылыстарының тірі клеткаларды бұзып жіберетін қасиеттері бар. Өнеркәсіптердің, әскери және ғарыштық технологияның қалдықтары түрінде табиғатта жинақталған металл қоқыстары адамдарға және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді. Сондықтан металдар да адам қолымен жасалған басқа заттар тәрізді орынсыз қолданылса, абайламай жұмсалса, аса қауіпті болып саналады
0 дауыс
Металдар жəне оның қосылыстарының табиғаттағы жəне тірі ағзалардағы рөлі  тақырыбына реферат тауып бере аласынба срочно
0 дауыс
Литий,  мырыш және алюминий металдары берілген.Осы металдардың оттекпен ,хлормен және күкіртпен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар  көкектесініздерші бүгінге 24.0918
...