0 дауыс
20.2k көрілді
Отары бар мемлекет не деп аталады?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары. Егеменді мемлекеттермен қатар қазіргі кезде дүние жүзінде 30-дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршеңдігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол автономиялық құрылымнан (1994 ж.) өлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.
Тәуелді елдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1. Отарлар, яғни БҰҰ-ның тізіміне ресми түрде тіркелген тәуелді аумақтар, бұларға бостандық берілуі қатаң түрде талап етіледі.
2. Негізгі аумақтар деп сөз жүзінде аталатын, ал іс жүзінде отар жер, бірақ олар БҰҰ-ның тізіміне кірмеген. Себебі оларды басқарушы мемлекеттердің мәлімдеуінше, олар «теңізден арғы департаменттер немесе аумақтар», «еркін қауымдастықтағы мемлекеттер», т.б. болып табылады. Мұндай жерлер Мұхиттық аралдар мен Кариб теңізі алабында жиі кездеседі. Бұл елдердің барлығы дерлік жер аумағы және халқының саны жағынан шағын мемлекеттер.
БҰҰ-ның тізіміндегі ең ірі отарлық иелік — Намибия 1990 жылғы наурызда (халқы1,9млн) өз саяси дербестігін алды. 1976 жылдың ақпанында Испания иелігінде болған Батыс Сахара жері өз тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Батыс Сахарада 15 жылға созылған қарулы қақтығыстан кейін (ұлт-азаттық. «Полисарио» майданы, Марокко жөне Мавритания арасындағы кақтығыс),1991жылдың қыркүйек айынан бастап соғыс қимылдары ресми түрде тоқтатылып, келіссөз жүргізілді. Кейіннен Мавритания үкіметі өзінің оған деген аумақтық талаптарынан бас тартты. Бұл жерде енді БҰҰ-ның ұйымдастыруымен референдум (тәуелсіздік немесе Мароккомен интеграция) өткізілмекші. 1996жылдан бастап «Полисарио» майданы мен Марокко арасында тікелей келіссөздер ендігі жерде БҰҰ мандаты жүйесі тұрғысынан қайта жанданды. Бірақ əлі де толық бір мəмілеге келген жоқ, екі арада жəне бұл мәселеде Марокконың көршілес елдермен (Алжир, Ливия) арасындағы келіспеушіліктер бар.
Ал Сянган (Гонконг) мен Аомыньның (Макао) тағдыры өткен ғасырдың соңында анықталды. «Бір мемлекет — екі түрлі жүйе» ұстанымы негізінде ҚХР-дың құрамына енді. Қытай үкіметі Тайваньға да жоғарыда аталған ұстаным негізінде біртұтас мемлекет болып емір сүруді ұсынуда.
Жалпы отарларға келетін болсақ, олардың көбісін метрополия бірінші кезекте әскери-стратегиялық мақсатта пайдаланылуда. Сол сияқты отарлар олардың басқа да саяси-әлеуметтік және көліктік-экономикалық қызығушылық-тарын туғызуда. Сондықтан отаршыл-метрополиялар оларды мүмкіндігінше өз қолында ұстап тұруға тырысуда. Осы себепті де Испания мен Ұлыбритания арасындағы Гибралтардың мəртебесі туралы тартыстың шегі жоқ сияқты. АҚШ-тың көптеген әскери-әуе және әскери-теңіз базалары оның отар аралдарында және онымен қоса Ұлыбританияға қарайтын Үнді мұхитындағы Чагос архипелагының аралдарында (олардың ішінде Диего-Гарсия да бар) орналасқан. Сонымен қатар осы Гибралтар бұғазындағы Испанияға қарасты Перехилъ аралдары үшін Испания мен Марокко арасындағы талас та, мароккондық аумақта орналасқан испандық Сеута және Мелилья (бұларды 1640 жылы Испания жаулап алған) қалалары төңірегіндегі дау-дамай да өршіп тұр.
Франция өзінен шамамен 17000 км арақашықтықта орналасқан Полинезияны 1958 жылдан берi өзінің «теңізден арғы аумағы» деп жариялап, онда (Муруроа аралы) мұхит кеңістігінде əлі күнге дейін ракеталық-ядролық қаруын сынақтан өткізуін тоқтатпай отыр. (жұртшылыққа осыдан он шақты жыл бұрын мұндағы полигонда Францияның бірнеше дүркін ядролық жарылыстар жасағаны белгілі). Ал Францияның Оңтүстік Америкадағы тағы бір отары Француз Гвианасы «теңіздегi арғы департамент» болып саналады. Оның Куру қаласы маңында 1968 жылы салынған ғарыш орталығы мен ғарыш айлағын Франциямен қоса бірнеше Батыс Еуропа компаниялары да Жердің жасанды серіктерін ұшыруға бірлесіп пайдалануда.

Қазiргi саяси картадағы өзiн-өзi дербес басқара алмайтын аумақтар
(БҰҰ ресми сайты мəлiметтерi бойынша)

1. АҚШ-тың Тынық мұхиттық Кiшi аралдары.
Тынық мұхиттың алыстағы кiшi аралдары (АҚШ)
АҚШ-тың байырғы халықтары жоқ шет жердегi иелiктерi (Бейкер атолы, Джонстон атолы, Джервис атолы,  Хаулэнд атолы, Кингмен рифi, Мидуэй атолы, Пальмира атолы, Уэйк аралы кiредi)

2. Азор аралдары- Португалияның Атлант мұхитындағы автономды аймағы.

3. Аланд аралдары- Финляндияның халықаралық келiciм бойынша басқарылатын автономиялық провинциясы.

4. Америкалық Самоа- АҚШ-тың шет жердегi иелiгi ( қосылмағн аумақ, Шығыс Самоа деген атпен де белгiлi)

5. Ангилья- Ұлыбританияның шет жердегi иелiгi

6. Антиль аралдары (Нидерландтық
)- Нидерландтық Антиль аралдары: Нидерланд (Голландия) Карольдiгiнiң автономиялық аумағы; 2007 жылдың шiлдесiнен 3 жеке аумаққа бөлу жоспарланған.

7. Аомынь (Макао) Қытай Халық Республикасының арнаулы халықаралық келiсiм бойынша басқарылатын əкiмшiлiк ауданы.

8. Аруба- Нидерланд Карольдiгiнiң автономиялық аумағы.

9. Ашмор жəне Картье аралдары- Аустралияның халық тұрақты тұрмайтын сыртқы аумағы.

10. Әулие Елена аралдары- Ұлыбританияның шет жердегi иелiгi; сондай-ақ Тристанда Кунья Вознесения аралдарын қамтиды.
11. Батыс Сахара- Сахара Араб Демократиялық Республикасы:
көпшiлiк бөлiгiн Марокко жаулап алған, жəне бiрiктiрген.

12. Бермуд аралдары- Ұлыбританияның шет жердегi иелiгi.

13. Британияның Үндi мұхитындағы аумақтары- Ұлыбританияның шет жердегi аумақтары ( Чагос аралдарындағы)

14. Буве аралы- Норвегияның иелiгi.

15. Виргин Аралдары ( АҚШ)- Америка Құрама Штатының Виргин Аралдары: АҚШ-тың шет жердегi иелiгi ( қосылмаған аумақ)

16. Виргин аралдары (Британдық)- Британдық Виргин аралдары: Ұлыбританияның шет жердегi иелiгi.

17. Гваделупа- Францияның шет жердегi департаментi.

18. Гвиана- Француз Гвианасы: Францияның шет жердегi департаментi.

19. Гернси- Ұлыбританияның Норманд аралдарының бiр бөлiгiн қамтитын өз жерi.

20. Гибралтар- Ұлыбританияның шет жердегi аумағы.

21. Гонконг (Сянган)- Гонконг арнаулы əкiмшiлiк ауданы: Қытай Халық Республикасының арнаулы халықаралық келiciм бойынша басқарылатын əкiмшiлiк ауданы.

22. Гренландия- Данияның иелiгiндегi аумақ.
(автономиялық аумақ)

23. Гуам- АҚШ-тың шет жердегi иелiгi ( қосылмаған аумақ)

24. Джерси- Норманд аралдарының бiр бөлiгiн қамтитын Ұлыбританияның өз жерi.

25. Жаңа Каледония- Францияның шет жердегi иелiгi.

26. Кайман аралы- Ұлыбританияның шет жердегi иелiгi.

27. Канар аралы- Испанияның автономиялық қауымдастығы.

28. Клиппертон аралы- Францияның халық тұрақты тұрмайтын шет жердегi иелiгi.

29. Кокос аралы- Кокос (Килинг) аралдары: Аустралияның сыртқы аумағы.

30. Кук аралы- Жаң Зеландиямен бiрге еркiн ассоциациядағы өзiн- өзi басқаратын аумақ.

31. Мадейра аралы- Португалияның Атлант мұхиты аумағындағы автономиялық аумағы.

32. Майотта- Францияның шет жердегi аумағы.

33. Маржан теңiзiнiң аралдары- Аустралияның халық тұрақты тұрмайтын сыртқы аумақтары.

34. Мартиника- Францияның шет жердегi департаментi.

35. Мелилья- Испанияның Африкадағы автономиялық қаласы (Марокконың Жерорта теңiздiк жағалауы)

36. Монтсеррат- Ұлыбританияның шет жердегi аумағы.

37. Мэн аралы: Ұлыбританияның өз жерi.

38. Навасса аралы- АҚШ-тың байырғы халқы жоқ шет жердегi иелiгi; Гаити Республикасымен даулы аймақ,

39. Ниуэ- Жаңа Зеландиямен бiрге еркiн ассоциациядағы өзiн- өзi басқаратын аумақ.

40. Норфолк- Норфолк аралы: Аустралияның сыртқы аумағы.

41. Палестина- Палестина автономиясы. Палестина мемлекетi: Израиль жаулап алған аумақ Газа секторы мен Иордан өзенiнiң батыс жағалауын қамтиды.

42. Питкэрн- Ұлыбританияның шет жердегi иелiгi.

43. Пуэрто-Рико: Пуэрто-Рико қауымдастығы: АҚШ-тың шет жердегi иелiгi. ( қосылмаған аумақ)

44. Реюньон- Францияның шет жердегi департаментi.

45. Рождество аралы- Аустралияның сыртқы аумақтары.

46. Свалбарьд- Норвегияның халықаралық арнаулы келiсiмi бойынша басқарылатын аумағы; Шпицберген жəне Медвежий аралдары кiредi.

47. Cолтүстiк Мариана аралдары- Солтүстiк Мариана аралдары қауымдастығы (АҚШ) АҚШ-тың шет жердегi иелiгi.

48. Cен-Бартельми (теңiздiң ар жағындағы аумақ )- Францияның шет жердегi аумағы. Гваделупа құрамынан 2007 жылдың 21 ақпанында жеке аумақ болып бөлiнген.

49. Сен-Мартен (аралдың солтүстiк бөлiгi)- Францияның шет жердегi аумағы. Гваделупа құрамынан 2007 жылдың 21 ақпанында жеке аумақ болып бөлiнген.

50. Сен-Пьер жəне Микелон- Францияның шет жердегi аумағы.

51. Сеута- Испанияның Африкадағ автономиялық қаласы. ( Марокконың Жерортатеңiздiк жағалауы)

52. Теркс жəне Кайкос- Ұлыбританияның шет жердегi аумағы.

53. Токелау (Юнион)- Жаң Зеландияның тəуелдi аумағы.

54. Уоллис жəне Футуна аралдары Францияның шет жердегi аумағы.

55. Фарер аралдары- Данияның тəуелдi аумағы.

56. Фолкленд ( Мальвина) аралдары- Ұлыбританияның шет жердiгi аумағы. Аргентинамен даулы аймақ.

57. Француз Полинезиясы (теңiздiң ар жағындағы аумақ) Францияның шет жердегi аумағы.

58. Францияның оңтүстiк аумағы- Францияның Оңтүстiк жəне Антарктикалық аумақтары:
Францияның шет жердегi аумағы:
Үндi мұхитында шашырай орналасқан халық тұрақты тұрмайтын аралдар тобын құрайды.

59. Херд жəне Макдональд аралдары- Аустралияның халық тұрақты тұрмайтын сыртқы аумақтары.

60. Эпарсе аралдары
(Шашыранды аралдар) (ILES EPARSES)- Францияның шет жердегi аумақтары; Басас- да- Индия, Глорьез, Еуропа, Жуан-ди- Нова (Мадагаскармен даулы) жəне Тромлен (Маврийкимен даулы)
аралдары əкiмшiлiк жағынан Францияға бағыныңқы Оңтүстiк жəне Антарктикалық аумақтар.

61. Оңтүстiк Георгия жəне Оңтүстiк Сандвичевтер аралдары (теңiздiң ар жағындағы аумақ) Ұлыбританияның шет жердегi аумақтары. Аргентинамен даулы аймақ.

62. Ян- Майен аралы- Норвегияның иелiгi.
Белгісіз
Дүние жүзiндегi егемендiгi танылмаған мемлекеттер (БҰҰ ресми сайты мəлiметтерi бойынша)
Егемендiгi танылмаған мемлекеттер дүниежүзiнiң көптеген мемлекеттерi егемендi ел ретiнде қабылдамаған мемлекеттер:
 1. Абхазия- көптеген мемлекеттер Грузияның бiр бөлiгi деп таниды.

2. Вазиристан- ресми түрде Пəкiстанның бiр бөлiгi.

3. Галмудуг- ресми түрде Сомалидiң бiр бөлiгi.

4. Днестрь бойы- көптеген мемлекеттер Молдованың бiр бөлiгi деп таниды.

5. Косово- көптеген мемлекеттер Сербияның бiр бөлiгi деп таниды.
 
6. Пунтленд- ресми түрде Сомалидiң бiр бөлiгi.

7. Cолтүстiк Кипр Түрiк Республикасы- көптеген мемлекеттер Кипрдiң бiр бөлiгi деп таниды.

8. Сомалиленд- ресми түрде Сомалидiң бiр бөлiгi.
 
9. Тайвань немесе Қытай Республикасы көптеген мемлекеттер ҚХР-дың бiр бөлiгi деп таниды.

10. Тамил-Илам ресми түрде Шри-Ланканың бiр бөлiгi.

11. Таулы Карабах Республикасы- көптеген мемлекеттер Әзiрбайжанның бiр бөлiгi деп таниды.

12. Оңтүстiк Осетия- көптеген мемлекеттер Грузияның бiр бөлiгi деп таниды.
Белгісіз
+1 дауыс

Метрополия деп аталады. 

+1 дауыс
Қазіргі кезде «отар» деген сөз қолданыстан шығарылып, тәуелді жерлерді мемлекетке ассоциациялау деген атаумен басқару кең тараған. Сонымен, отар елдер: Солтүстік Ирландия, Норманд аралдары, Мэн аралы, Гибралтар, Бермуд, Гренландия, Мадейра, Балеар, Канар аралдары, Гваделупа, Гуантанамо, америкалық Самоа, Кук аралы және басқалар.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/interested/alemde-otar-memleketter-al-de-bar-ma-53156/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
0 дауыс
Метрополия дейді,ал отар елдерді колония дейді
0 дауыс
Метрополия деп аталады.Мсыалы Ресей сондай ел
0 дауыс
Мен түсінбедім отар деген сонда жаулап алған елдерді айта ма?
...