Өз пікірімді қалдырып кетсем деп отырмын;
Негізі қызғанған дұрыс. Ерлі зайыптылар өз жарын қызғанбаса жан - жануардан айырмашылығы болмай қалады емес пе? Құран кәрімде де аяттар бар емес пе. Жарларыңды қызғаныңдар деген. Қызғаныш ол жақсы көргеннің және біреуге бергісі келмейтінінің дәлелі.
Дегенменде орынсыз қызғану, болмашы әрекетке қызғанышпен қарау психикалық ауытқуға алып келуі мүмкін. Қатты қызғанамын деп екінші жартыңның бас бостандығына тежеу жасап, соңында айырылып жататын жайттар кездесіп жатады. Шектен тыс қызғаншақ адамдар күнделікті стрессте жүреді. Ешбір шешімін таба алмай тұңғиыққа батып кетеді. Себебі ми құрылысы циклдық түрде бір ойды қайта қайта айналдыра бергенде, яғни түрлі ойлар, "Кіммен жүр екен, Қайда жүр екен, Не истеп жатыр екен, Неге ұзақ хабарласпайды, Не себепті маған олай айтты т с с" түрлі ойлармен өз - өзін іштей кеміріп, телміріп рухани азғындап жүрек ауруы, түрлі жүйке аурулары, ұйқысыздық және түрлі қауіпті дерттерге шалдығуы әбден мүмкін.
Сол себепті қызғану керек бірақ адамға, және қарым қатынас кезінде сенім орнату ең жақсы шешім болып табылады. Екі адам арасында сенімді арттыру мықты шешім болып табылады. Сізге сәттілік жеке өміріңізде.
Жауап ұнап жатса бағалауды ұмытпағайсыз.