0 дауыс
1.3k көрілді
Қазақстанда қүрастырылатын машиналардың тізімі керек еді

1 жауап

0 дауыс

Қазақстандық автокөлік бизнесі Ассоциациясы (ҚАБА) таяуда өткен жылдың қорытындысын жа­са­ды. Еліміздегі ресми автодилерлер 2010 жылы 22 409 көлік өткіз­ген. Яғни, сатылым 2009 жылмен салыстыр­ғанда 14,5 пайыз­ға артық. Қалай десек те, бұл еліміздегі автокөлік делдалдары­ның 2010 жылға жасаған жоспарынан әл­деқайда жоғары.

– Қазақстандық автокөлік нарығы соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді. Бұл нарықтың дағ­да­рыстан шыққанын көрсетеді. Са­тыл­ған көліктердің басым бөлігі Қазақстанда құрастырылған маши­на­ларға тиесілі, – деді ҚАБА президенті Арсений Сидоров.

2010 жылы сатылым көлемі бойынша үш бірінші орынды Lada, Тоyоtа және Uz-DАЕWОО брендтері бөліскен. Қазақстанда және Ресейде құрастырылған Lada ав­токө­ліктері байырғыдай көшбас­шылық танытып отыр – 2009 жыл­мен салыстырғанда сатылым өсімі 28 пайыз және 5 125 машинаны құрайды. Екінші орын­ды жапондық Тоyota бренді берік ұстанды. Алайда Тоyota көліктерінің алдыңғы жылмен салыстырғанда сатылымы 5 пайызға төмендеді. Тізім бойынша келесі орында тұрған Uz-DАЕWОО сатылымы 2009 жылмен салыстырғанда 39 пайызға артты.

Тізімдегі төртінші орынды сатылымдары 2009 жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға азайып, 1 430 бірлікті құраған ресейлік УАЗ бренді иеленіп отыр. Рейтингтің ондығын 576 автокөлік сатқан, Қазақ­станда құрастырылған Сһеvrolet бренді қорытын­дылайды. 2009 жылмен салыстырғанда Сһеvrolet өзінің сатылымдарын 27 пайызға арттырған.

2010 жылы 8 364 автокөлікті сатып өткізген «БИПЭК АВТО» компаниясы дилерлер арасында Қазақстан нарығының көшбасшысы атанды. Екінші орынды ауыр және жеңіл жүк техникасын қоса есептегенде 3 804 бірлікті өткізген «Вираж» компаниясы, үшінші орынды 3183 автокөлік өткізген «МЕRCUR Auto LTD» компаниясы иеленіп отыр. Төртінші орында сатылымдары 2564 машинадан тұратын «Астана Моторс» ҚМК тұр. Бесінші орынға 2010 жылы 960 көлік сатқан «Аllur Auto» компаниясы жайғасты.

ҚАБА мәлімдегендей, 2010 жыл отандық автоқұрастырушы өндірістердің пайда болуымен ерекшеленеді. Қостанай қаласында «Агромашхолдинг Қазақстан» АҚ негізінде Оңтүстік Кореялық жол талғамас SsangYong көліктерінің өндірісі іске қосылды. Оның алғашқы өнеркәсіптік топтамасы өз тұтынушыларын Қазақстаннан жылдам тапқан. Оған қоса Алматыда жапондық «Isusu» және «Itochu» компаниялары, сонымен қатар «СВС» қазақстандық топпен ұйымдастырылған Isusu жүк көліктерін құрастыру бойынша автомекеме құрылды.

– Өткен жыл Қазақстанның бүкіл автобизнесі үшін жемісті болды, еліміздің қарқынды ин­дус­триалды дамуының мемлекеттік бағдарламасы шең­берінде экономиканың алуан түрлі салаларында бірқатар авто­құрастырушы өндірістер іске қосылды. Автокөліктерді Қазақстанда жасау олардың тұтынушылар үшін баға­сын төмендетуге және қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жоғары технологиялық өндірістер отандық эконо­ми­каның индустриалды әлеуетін арттыру бағдарла­ма­сы­на елеулі үлес қосады. – деп атап көрсетті «Аllur Аutо» автокомпаниялар тобының бас директоры Андрей Лаврентьев.

Автокөлік делдалдары Қазақстанда құрастырыл­ған көліктерді несиелей 4-5 пайызға жеңіл екендігін айтады.

1 шілдеден бастап Кедендік одақ күшіне енген кезде Ресейдегі белгілі брэндтер біздің рынокқа енетін болады. Дегенмен, жергілікті автокөлік дилерлеріне Қазақстан да тарлық етеді. Сондықтан олар да Ресей нарығына шығуды көздеп отыр.

Баспасөз мәслихатында корпоративтік сатылым­дардың да ұлғайғаны сөз болды.

– Бұл да экономикалық ахуалдың тұрақталып келе жатқанын айғақтайды. Қазақстандық компаниялар мен мекемелердің өздеріне қызмет көліктерін сатып алуға әлеуеті жетеді, – дейді автокөлік сатумен айналысатын компания өкілдері.

 

ҚазАқпарат - Қазақстанда құрастырылған SsangYong Nomad көліктері жақын арада Ресейде сатылатын болады, деп хабарлады  AllurGroup автомобиль компаниялары тобының баспасөз қызметінен.

Компанияда атап өткендей, бұл үшін экспорттың түрлі амалдары қарастырылыпты.

«Бұл мәселені оңтүстік кореялық серіктесіміздің қатысуымен шештік. Яғни Nomad көліктерін SsangYong Motor Company компаниясы бізден сатып алып, кейін оны Ресейге тасымалдаумен айналысады. Бұл тиімді шешім деп ойлаймын. Осылайша Nomad көлігінің сапасына Ресейдегі серіктестіктер сенетін концерн жауап береді», - деді AllurGroup президенті Андрей Лаврентьев.

SsangYong Nomad көлігінің негізгі артықшылығы ол CKD әдісімен құрастырылған, бағасы да бәсекеге қабілетті.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын  SsangYong Motor Company-дың  Ресейдегі өкілі - «ДЦ СанЙонг» Қазақстанда құрастырылатын оңтүстіккореялық маркілі көліктер Ресей нарығына шықпайтынын айтқан.  Оған «ДЦ СанЙонг» брендтің Ресейдегі жалғыз өкілі және «SsangYong» тауарлы белгісі лицензиясының иесі» болуы негіз болған.

 

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы бойынша жұмыс сапары барысында Талғар ауданы Колхозшы ауылында орналасқан Hyundai AutoTrans автокөлік құрастыру кәсіпорнын аралады. Мемлекет басшысы өндірістік цехтардың жұмысымен танысып, жұмысшылармен және компания өкілдерімен әңгімелесті. Елбасы «Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясының Hyundai AutoTrans автокөлік құрастыру кәсіпорнында жасалған ең алғашқы автобусқа естелік ретінде өз қолтаңбасын қалдырды.

«Астана Моторс» Қазақ мотор ком­па­ния­сы 2011 жылдан бастап Hyundai ком­мер­циялық техникасын ірі бөлшекті құрас­тырудың SKD4 жүйесі бойынша шағын тонналы жүк автокөліктерін шығаруды қол­ға алып келеді. Бұл жоба Қазақстан Рес­публикасы Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың 2010 жылғы сәуірдегі Оң­түс­тік Кореяға ресми сапары кезінде қол жеткі­зіл­ген сенімхаттардың арқасында жүзеге асты. Сол сапар барысында «Астана Моторс» ҚМК мен Hyundai Motor Co-ның арасында өзара келі­сім және ынты­мақ­тастық туралы, Hyundai маркалы жүк автокөліктері мен автобустарын Қазақ­стан­да ірі бөлшекті құрастыруды көздейтін меморандумға қол қойған болатын. Бүгінде Үдемелі индус­трия­лық-инно­ва­ция­лық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан құн 1 млрд теңгені құрайтын бұл жоба Қазақ­станның машина жасау өнеркәсібінің келелі бағыт­тарының бірінің дамуына елеулі үлесін қосуда. 2012 жылдың тамызында Hyundai AutoTrans зауыты SKD4 жүйесі бойынша анағұрлым жоғары технологиялық дең­гей­дегі 19 және 28 орындығы бар Hyundai County жолаушылар автобусын өнді­руге кіріседі, ол жерде кузовты бояу, әйнектерін ор­нату, салонын құрастыру, орын­дықтары мен тағы басқаларын орнату қарас­ты­ры­ла­ды. Сонымен қатар Қазақ­стан­ның өн­дірістегі үлесі 30%-ға өседі.

«Астана Моторс» ҚМК президенті Нұрлан Смағұлов Мемлекет басшысына компанияның жоспарына сәйкес, 2012 жылы 1000-нан астам автомобиль шыға­ры­латынын, оның 400-ден астамы Бела­русь Республикасына, Ресей Феде­ра­ция­сына және Орталық Азия елдеріне экспортталатынын баяндады.

Бұл жоба бойынша 60-тан астам жұ­мыс орны ашылып отырса, 2015 жылға қарай автокөлік өндіру және басқаруға маманданатын қосымша 200 жұмыс орны ашылмақ. Компания қалқа жаб­дық­та­ры­ның модельдік желісін кеңейту үшін ха­лықаралық тәжірибе мен қазақстандық тұ­тынушылардың қажеттілігін зерттеуде. Оңтүстік Корея өндірушілерімен бірге өнім­дер сапа тексерілуінен өтеді. Осы­лай­ша, автокөлік құрастырушы Hyundai AutoTrans кәсіпорны шығарған өнімдер халықаралық «HQS-2000» сапа бақылауы жүйесі бойынша және қазақстандық сертификаттау және қозғалыс қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бақылау бойынша Нyundai Мotor Сompany компаниясы тара­пынан мақұлданды. Өндірілген техника сәйкестік сертификаты мен СТ-KZ сер­ти­фи­катын алу үшін зертханалық сынақтар мен жол тестілерінен өтеді. Қазақстанда құрастырылған техника барлық әлемдік стандарттарға жауап берді және Қазақ­стан­ның шағын және орта бизнес өкіл­дерінің сеніміне ие болды.

Компания басшылығының айтуынша, автокөліктің қосалқы бөлшектерін отандық зауыттардан сатып алуға мүдделі. Бұрын­да­ры Шымкентте автокөлік дөңгелектерін жасайтын зауыт болған, қазір ол жоқ. Егер осындай қажетті өнімдер қайтадан шыға­рылса, оларды сатып алуға дайын екенін жеткізді. Қазіргі кезде бұл зауыт акку­му­ля­тор, орындықтар, өзге де қосалқы бөл­шек­тер шығаратын отандық зауыттармен ынтымақтасып жұмыс істеп жатыр.

Жұмысшылар шеберлік пен тәжірибе шыңдайтын осындай зауытта істейтінін мақтаныш тұтады. Зауыт қызметкерлерінен көлікті қанша уақытта құрастыратынын сұрағанымызда, «екі сағатта» деп жауап қатты. Бұл керемет емес пе!? Бүгін көлік құ­рас­тырған қазақтың ертең төл нақыш, ұлттық брендпен мотор шығаратынына сеніміміз мол. Қазірдің өзінде елде құрас­ты­рылған көліктер БелАЗ, МАЗ, «Беларус» тракторларының отанының нарығын жаулай бастады десек артық айтпаспыз.

Нұрлан Смағұлов, _«А stana GROUP» холдингінің президенті:

– Нарықта өз орнын ала бастаған біздің зауытымыздың болашағы зор. Елбасы кәсіпорынның жұмысына көңілі толғанын, «20 жыл бұрын сендер маған отандық техникаларды, отандық авто­бус­тарды шығарып, жаңа Астананы са­ламыз дегенде сенбеген едіңдер. Қазір оның бәрі жүзеге асып жатыр» дегенді айтты. Осыларды іске асырып отырған Елбасымыз ұлы адам. Мем­лекеттің отан­дық өндіріс орын­да­рын да­мытуға көңіл бөлуі бізге үлкен қол­дау болып отыр. Өндірісті дамытуға кедергі болып отырған  еш­қан­дай мәселе жоқ. Тек ерінбей жұмыс і істей беру керек. Қа­зір Қазақстанда шыға­рыл­ған жүк кө­лік­тері БелАЗ, МАЗ бен трактор шы­ғару зауыты сияқты ірі өнді­ріс орындары бар Беларусь нарығында да сұраныс табуда. Ал Ресейдің бұл бағытта өз сая­саты бар. Дегенмен олармен де қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақ­стандық менед­жмент пен қазақстандық кәсіпкерлер қазір бәсекелестікке қа­бі­летті бола бастады. Оған осы өндіріс орны айқын дәлел бола алады. Бұл біз үшін зор мақтаныш. Қазір біз бұрынғы кеңестік респуб­ли­ка­лар арасында ма­шина жасау саласында ең дамыған ел саналатын Беларусь мем­лекетіне  өз өнімдерімізді сатып жатыр­мыз. Елба­сы­ның бүгінгі сапары біздің көліктерге деген қызы­ғушылықты бұрынғыдан да арттыра түседі деп ойлаймын. Енді мемлекеттік субсидия өндірушіге емес, қазақстандық жүк көліктері мен авто­бус­тарын  сатып алушыларға жасалатын болады._

Шалқар Нұртілеуов, _Hyundai Auto Track&Bus кәсіпорнының директоры:

– Зауыт іске қосылған 1,5 жыл ішінде 600-ге жуық «Хьюндай» мар­калы жүк көліктерін шығарып үлгердік. Оның 50 пайызға жуығы экспортқа шығарылды. Біз ең алғашқы көлік­те­рімізді Беларусь еліне шығардық. Бұл елді таңдауымыз бекер емес. Себебі бұл Кедендік одақ аясындағы кедендік салықтардың болмауы, көптеген кеден­дік жеңілдіктердің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі күні Беларусь еліне айына 5 тоннаға дейін жүк көтеретін 50 жүк көлігін экспорттап отырмыз. Осы тамыз айында ауыр жүк көліктерін де экспорттадық. Бұл да біздің жетістігіміз деп айтсақ артық болмас. Осы тамыз айынан бастап бизнес жоспар бойынша өндіріс орнының екінші даму кезеңі басталды. Қала ішінде қатынайтын, қала­аралық 19 және 28 орындық Hyundai County модельді жолаушылар автобустарын шығарып жатырмыз. Бұл жерде баса айта кететін жайт, бұл үлгідегі автобустар Қазақстанда толық­қанды өндіріліп отырған көліктер бо­лып табылады. Нарықта өз орнын тап­қан осындай автобустардың құны 9 млн теңгеге жуық. Біз 1 тоннадан 10 тоннаға дейін жүк көтеретін 12-14 түрлі жүк көліктерінің модельдерін, сондай-ақ екі түрлі автобустарды шы­ға­рып жатырмыз. Біздің зауыт 2015 жыл­ға қарай 10 мың көлік шығаруды жоспарлап отыр._

...