+1 дауыс
1.0k көрілді
Өмірде алып адамдар болған ба?
Неге минус қойды түсінбеймін, әркім өз ойындағы сұрақты қоюға болады емеспе?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине болған оған дәлел мыналар. https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTQr1WTwNVvHVbLcaZzXht8TEOUoBffNRYDZFlAogziTjK6TfcG https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQUn4eDyfCI8K5BAwNObUDiBtEl93YYhqj0k2_39_iB9I_O4MUgjQ
+2 дауыс


Ақиқатында бұрынырақта мұндай алыптар болған. Оны тарих деректері қуаттап отыр. Әр жерден табылып жатқан археологиялық қазбалар мен сүйек қаңқалары алыптардың болғанын жоққа шығармайды. Сонымен…

1821 жылы АҚШ-тың Теннесси штатында құлаған тас қабырғаның астынан археологтар екі адамның сүйек қаңқасын тапқан. Бойы 2 метр 15 см болатын бұл азаматтар осын­да жерленген болып шықты. Алайда «мұндай бойшаң жігіттер өмірде жетерлік қой» деп ол уа­қытта ешкім де таңырқай қой­маған. Алайда 1879 жылы Вис­консинеде, 1883 жылы Ютада, 1885 жылы Пенсильванияда табылған адамның бас сүйектері мен бойының ұзындығы олардың шын мәнінде таңғаларлық «тұлғалар» екенін байқатқан. Бір қызығы, олар біреу емес, бейітті қазғанда бірнешеуінің қатар жер­ленгені белгілі болған. Бойлары да 2-2, 15 метр төңірегінде. Алайда олар кімдер, шын мәнінде де­ректер аз.

1930 жылдары Австралияның Басарст қаласының маңайында қа­зан шұңқырларды қазу бары­сында алып адамның аяғы табыл­ған. Антропологтар бұл таңға­лар­лық қаңқаларды мегантропустар деп жорамалдаған. Олардың бойы да адам шошырлық. 210 см-дан 365 сантиметрге дейін барады. Қаз­ба зерттеушілері мұның Қы­тайда табылған «дәулердің» сүйек­терімен шамалас келетінін анық­таған. Археологтар Қытай ги­ганттарының бойы 3-3,5 метр, ал салмағының 400 келі тартқанын айтады. Ал Австралиядан табылған алып адамдардың жанында темір, пышақ пен балта және тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар бірге көмілген. Ал ол заттардың салмағы да адам шошырлық, 9 келіден жоғары салмақ тартатын тұр­мыстық заттардың ұзындығы да 1 метрден асады. Бір метрден аса­тын, салмағы 9 келілік жабдықты көтеріп, жұмысқа пайдаланып көріңіз. Ауыр емес пе…

1985 жылы Австралияның осы аумағын зерттеген антро­по­ло­гия­лық экспедиция қазан шұңқыр­лар­ды тағы да үш метрге дейін қа­зып, қызық олжаға кезіккен. Зерт­тей келгенде, мегантропустар тісінің 42-67 сантиметр аралы­ғында екенін анықтаған. Зерттеу­шілер мұндай тісі бар алып адамның салмағы мен бойы қан­­ша­лықты болатынын да есеп­теп шығарған. Мұндай жағ­дайда «дәулердің» бойы 7,5 метр болып, салмағы 370 келі тартатыны анық­талған. Зерттеу нәтижелері көр­сеткендей, алып тұлғалы аза­маттардың осыдан 9 миллион жыл бұрын өмір сүргені анық­талды.

Қазақ ертегілерінде кездесетін Таусоғарлар мен Көлтаусарларды осылардың бой-бітімімен салыс­тырып көріңіз. «Ертеде алып адамдар болған ба?». Бұл сауалға жауапты жер шарының әр шұң­қы­рынан табылып жатқан осын­дай оқиғалардың дерегі-ақ жауап бере алады.

1979 жылы Мегалонг Вэллиде таулы аймақтың тұрғындары тас­тың бетінде ізі қалған бес саусақ­тың табын аңғарған. Оның көмескі түрде бедерленген ізі 17 сан­ти­метрдей екені белгілі болған. Ал алақанның табы толық түскен жағдайда оның жалпы мөлшері 60 см болатынын ғалымдар есептеп шығарған. Бұдан шығатын қо­рытынды: алыптың бойының ұзын­дығы шамамен 6 метрдей бол­ған. Ал Малгоа тауының ау­мағында да бойы 6 метрлік, сау­сағының ұзындығы – 60, алақа­нының ені – 17 см болатын алып­тардың ізі табылған. Ал бұл дәулердің қадамының арасы 130 см болған көрінеді. Миллиондаған жылдар бойы сақталған бұл құпия іздер туралы ғылым сан-саққа жүгіртсе де, олардың кім екені туралы нақтылық жоқ. Демек, алып адамдарды зерттеуге әлі де антропологтардың жүрегі дауа­ла­май тұрғанын жасыруға болмайды. Өйткені миллиондаған жылдардың жаңғырығы бүгінге анық жетіп жатыр деу қиын. Австралия абори­гендері бұл аймақтың алғашқы тұрғындары болды деу сенімсіз. Алыптар өмір сүрген аймақта аборигендерден де бұрын «Тау­соғарлар» болған.

1877 жылдары Невада шта­тының маңайындағы сарқырап аққан өзенде алтын шаятындар борсыған топырақтың астынан шошайып тұрған бір затты көреді. Оны қазып алғанда адамның аяқ сүйегі болып шыққан және оның жақсы сақталғаны белгілі болды. Табылған олжаны мамандар мен дәрігерлер жіті тексеріп қарағанда, бұл адамның аяғы екендігі дәлел­денген. Ең таңғаларлығы, алып дәудің аяғының өлшем бірлігі 97 см екендігі анықталған. Демек, антропологтар есептеп шығар­ғандай, оның бойының ұзындығы 3 метр 60 см болып шыққан. Ди­нозаврлар дәуірінде өмір сүрген бұл алыптың басқа сүйектерін іздеу мақсатында арнайы экс­педиция жіберілсе де, олар дерекке сеп боларлық ештеңе таппаған.

Жалпы, дәу адамдар туралы деректер әлемнің әр қиырынан қылаң беріп отырады. 1936 жылы неміс палеонтолог – антропологы Ларсон Коль Орталық Африканың Элайзи өзені жағалауынан «бауыр­ластар зиратында» бірге көмілген 12 қаңқаны тапқан. Бойының ұзындығы 350-375 см аралығында болған және олардың астыңғы- үстіңгі жақ сүйектерінің кей­бірінде екі қатардан тістер бол­ған.

Сонымен қатар екінші дү­ниежүзілік соғыс кезінде Польша территориясының аумағында атыл­ғандарды көму кезінде та­былған белгісіз адамның орасан зор бас сүйегі талайларды таңғал­дырған. Оның биіктігі 55 сан­тиметрдей екені белгілі болған. Бұл бүгінгі замандастарымыздың басынан 3 есе үлкен. Ал ғаламды таңғалдырған белгісіз адамның бойының ұзындығы зерттей кел­генде 3,5 метрді құрайтыны нақ­таланған.

Жалпы, ойда-жоқта табылған бас сүйектерге қатысты аңызға бергісіз әңгімелер өте көп. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары АҚШ жұртына «Бүгін кешке» деген бағдарламамен таныс болған Сандерсон бір механизатормен әңгіме-дүкен барысында қызық оқиғаны айтады. 1950 жылы тракторымен жер қопарып жүрген ол жер астынан адам сүйектерін кездестіреді. Өлшеп қарағанда бас сүйектің биіктігі – 58 см, ал ені – 30 сан­тиметрге жеткен. Маман­дар­дың айтуына қарағанда, бұл алып­тардың да тістері екі қатарлы бол­ған. Олардың омыртқасы мен бақай, бас сүйектері бүгінгілерге қарағанда үш есе үлкен. Тіпті тізеден төменге қарайғы ұзын­дық­тың өзі 150 сантиметрді құраған.

Алайда алып адамдарға қа­тысты әңгімелердің барлығы да ақи­қат деп атауға келмейді. Ықы­лым заманнан бүгінгі өркениетке жеткен бір аңыз бар: XVI ғасырдың басында бойы ғаламат үлкен біреудің сүйегі табылған. Бұл Рим генералы Мариуспен тайталаста жеңіліске ұшыраған Галли тай­пасының көсемі, кимврлер ко­ро­лінің сүйегі деген ақпарат тара­тылды. Николя Абико 1613 жылы «кимврлер королінің сүйегі туралы диссертация» деген зерттеу еңбегін жарыққа шығарды. Алайда оның бұл еңбегі көпшілікке аса мәлім болған жоқ. Бірақ «Галли тайпа­сының көсемі, кимврлер королінің сүйегі» делініп келген болжамның көп ұзамай күлі көкке ұшты. Қа­зіргі заман тарихы мұражайында қойылған король сүйегіне әбден үңілген зерттеуші ғалым бұл жерде бір қулық пен қауесет деректің жат­қанын аңғарады. Ақырында аталған қаңқа корольдің емес, мамонттар дәуіріне дейін өмір сүрген белгісіз алып жануардың сүйегі болып шыққан. Көсемін сыйлаған жергілікті халық өз королінің даңқын асыру үшін алып жануардың сүйегін пайда­лан­ған. Бүкіл әлемге танылған қаңқаны 1842 жылы әлемнің танымал антрополог ғалымдары қарап, Николя Абико болжамының ақиқатқа негізделгенін жақтап шыққан. Сөйтіп, «король сүйегі … алып жануардыкі» болып шық­қан.

Алайда алып адамдардың бар­лығы да аңыздан туған деу сенімсіз. 1950 жылдары Түркияның оңтүстік шығысындағы жол жөндеу жұ­мыстары кезінде, Евфрат өзенінің маңайында орасан зор екі алыптың сүйегін тапқан. Екеуінің жамбас сүйектерінің ұзындығының өзі 120 сантиметрге жеткен көрінеді. Осы алыптарды сатып алған АҚШ-тың Техас штатындағы мұражайдың директоры Джо Тейлор барлық ғылыми ережелерге сәйкес қос сүйекті зерттеп шығып, мынандай қорытындыға келген: олардың бойы шамамен 5 метрге жуық, ал саусақтарының ұзындығы – 1,8 метр. 1935 жылы голланд архео­логы Ральф фон Кенигсвальд Гонконг маңайынан табылған адам тістерінің қазір ұрпақтарымен салыстырғанда 5 есе үлкен екенін атап көрсетеді. Ғалым олардың салмағы 400 келі, ал бойы 5 метр екенін атап көрсетеді. Мұндай мысалдар көп. Алыптарға қатысты ең соңғы археологиялық қазбалар 2000 жылы Грузияның Удабно селосынан табылған.

Алайда алып адамдардың бол­ғаны аңыз ба, ақиқат па? Ғылым бұл жөнінде әлі де нақты бір пі­кірге келе алмайды. Десек те, жер бетінде өмір сүрген «дәулер» ту­ралы деректер дүниенің әр қиы­рынан табылған. Бірақ бұл бүгінгі күнде аңыз ғана…

Дерек көз: http://mongolianislam.mn/kz/
0 дауыс
ғылым оларды мойындаса дйназаурлер заманы деген сандрақтары ашылып қалады,одан қалса дарвйнның сандрақтары ашылады,айналып келіп қуранй кәримге хадистерге треліп турған соң олар мойындауға шарасыз,ал бул ақиқаттар ар мусылманға таңсық емес,уиткені бундай деректер оларға мың бес жуз жыл бурын айтылған。
...