0 дауыс
16.4k көрілді
Эрозияны қалай емдеуге болады?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап


Эрозияны дәрі-дәрмек арқылы және дәрі-дәрмектің көмегінсіз (Мысалы: термиялық күйдіру, лазер, сұйық азот және т.б. арқылы) емдеуге болады.
Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектер арқылы емдеу. Дәрі-дәрмек арқылы емделгенде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады. Олар эрозияның пайда болу себептеріне әсер ету арқылы, зақымдалған жасушаларды қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Егер де эрозия қынаптың инфекциялық ауруының (хламидиоз, микоплазмоз) салдарынан пайда болса, алдымен осы ауруларды емдеп болып, кейін эрозияны емдеуге кірісу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Зақымдалған жасушаларды жылдам қалпына келтіру үшін вагиналды шамдар, ерітінділер, жақпа майлар белгіленуі мүмкін. Бұл дәрі-дәрмектер микробтарға қарсы әрекет етіп, жатыр мойнының шырышты қабықшасы жасушаларының жылдам қалыпқа келуіне септігін тигізеді.
Жатыр мойны эрозиясының бетіне жағылатын дәрі-дәрмектер зақымдалған жасушаларды сау жасушаларға алмастыру арқылы әсер етеді. Бұныхимиялық коагуляциядеп атайды. Алайда тек дәрігер ғана алынған сараптама көрсеткіштері бойынша дұрыс ем қабылдау жолы мен керекті дәрі-дәрмектерді белгілей алады.
Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектердің көмегінсіз емдеу. Бұл тәсіл жатыр мойнының шырышты қабықшысына төмендегі әрекеттер арқылы әсер етумен түсіндіріледі:
сұйық азот (криодеструкция);
лазерлі лоагуляция (лазермен күйдіру);
электр тогы ( күйдіру);
диатермокоагуляция (термиялық күйдіру);
жатыр мойны эрозиясын радио толқынмен емдеу.

Дерек көз: http://balana.kz/
0 дауыс
Эрозияны дәрігер гинеколог қана емдейді.Себебі, оны алдын ала емдік тампондар қойып кішкене бетін бері қаратып алады да,сосын күйдіреді немесе қазіргі уақытта лазермен емдейді көп жерде.Оны ертерақ емдемесе арты ракка айналады.
0 дауыс
Ракка айналган эрозиядан сон не болады?
0 дауыс
Эрозияны кызыл май свечасын жане қызыл май жидкий барго соны бинтке жағып астына койсан 1апта койып 1апта демалып тағы солай 3рет колдансан кетеді улкен болсада комектеседі эрозияны күйдірген сон котеру қиын дейт кейбіреулер
...