0 дауыс
3.0k көрілді
Қалқан құлақ туралы. Қалқан құлақты түзулеуге болады ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қалқан құлақ ең көп таралған косметикалық кемшілік болып саналады. Бұл туа біткен ерекшелік құрсақта даму кезеңінде қалыптасады. Медициналық тұрғыда ересек кезде қалқан құлақты тек хирургиялық жолмен жөндеуге болады. Соған қарамастан көптеген адамдарды бұл мәселені отасыз шешуге тырысады.

Қалқан құлақты отасыз жөндеу

Қалқан құлақты бала туылған сәттен бастап жөндеуге кірісу керек. Егер ата-ана осы мәселеге ден қойса, мұны отасыз шешуге де болады. 6 айға дейін сәбидің құлақ қалқаны арнайы силикон пішіннің көмегімен дұрыс қалыптасады. Мұндай қысқышты сәбиге жарты жыл тағып жүру керек болады. Емшектегі баланың шеміршегі түзетуге келетіндіктен, салпаң құлақ мәселесін ауыртпай және тиімді шешіледі.

5-7 жастан аспаған баланың да салпаң құлағын аздап түзетуге болады. Ол үшін оған әрдайым, әсіресе түн мезгілінде, құлағын басына қарай тартып тұратын арнайы созылмалы байлауыш, үшкіл орамал немесе жұқа қонымды бас киіп кигізіп қою керек. Егер мұндай амалдар көмектеспесе салпаң құлақты тек хирургиялық тәсілмен жөндеуге тура келеді.
Қалқан құлақты шаш үлгісімен жасыру
Егер есейгенде қалқан құлағыңызды жасырмақ болсаңыз, онда отасыз жалғыз амал – соған сай шаш үлгісін жасату. Әрине, мұндай әдіспен мәселені шешпейміз, бірақ дұрыс таңдалған шаш үлгісі салпаң құлақты жасыруға мүмкіндік береді.
Қалқан құлақты жасыру үшін скотч немесе пластырь қолданудың қажеті жоқ. Сіз әрдайым құлақ түбіндегі керілісті сезіп тұратын боласыз және ыңғайсызданып жүресіз. Сонымен қатар мұндай амалдардан теріде тітіркену пайда болуы мүмкін.
Шаштың төбеден құлаққа дейін кең жайылуына негізделген түрлі шаш үлгілері бар. Мұнда шаштың ұзындығы аса рөл ойнамайды, өйткені басты мақсат – қалқан құлақты жасыру. Қысқа шаш үлгісі ретінде жартылай ұзын асимметрия, қарапайым боб немесе «шапка» үлгісі жарайды. Бұлар проблемалы аймақты жасырып қана қоймай, бет әлпетіңіздің де көркін ашады. Алайда шаш тым қысқа болмауы тиіс, өйткені олар құлағыңызды жартылай болса да жауып тұруы тиіс.
Ұзын шашпен салпаң құлақты жасырмақ болсаңыз, шашыңызды төбеге қарай емес желкеге қарай өріңіз немесе буыңыз. Осылайша құлақ айналасындағы шаш біраз бос жатады және жартылай жауып тұрады. Егер шашыңызды төбеге түйгіңіз келсе, самай тұсындағы шашыңыздың бір бұрымын бос қалдырыңыз, ал кейін шаш үлгісін жасап болған соң, бұрымдарды құлағыңыздың үстіңгі жағын жауып тұратындай желкеге қарай бекітіңіз.
Қалқан құлақты жасыратын бірден-бір шаш үлгісі – градуировка. Қиғаш сызықпен қиылған бұрымдар сыртқа немесе ішке қарай жиналып, құлақты жауып тұрады.

Шаш үлгісінен басқа, салпаң құлақты бейсболка, үшкіл орамал, бандана, қатты керілген бас киім, сонымен қатар басқа байланған әдемі орамалдар арқылы жасыруға болады.
Қалқан құлақты жөндейтін ота
Құлақтың пішіні мен өлшемін түзететін ота отопластика деп аталады. Алайда оның өзіндік шектеулері бар, мысалы, бұл отаны 6-7 жастан кіші балаларға жасауға болмайды. Бұл жасқа дейін баланың құлағы әлі де өсу және қалыптасу үстінде болады.
Отаның ұзақтығы шамамен 50-60 минутқа жалғасады. Отопластика кезінде құлақ қалқанының артқы бөлігі кесіледі, сол себепті отадан кейінгі тыртықтар білінбей қалады. Оған қоса қазіргі уақытта өздігімен жоғалатын тігістер қолданылады, сондықтан отадан кейін оларды алу қажет болмайды. Отадан кейін балаларды ауруханадан төрт күнде, ал ересектерді бірнеше сағаттан кейін шығарады.
Егер хирургиялық жолмен емдеуден қорықсаңыз, қазірде құлақ шеміршегін лазермен түзету әдістері де қарастырылған.
Қалқан құлақ комплексінен арылу
Қалқан құлақты бет әлпеттің кемшілігі деп емес, иесіне ерекшелік беріп тұратын сүйкімділік ретінде қабылдауды үйрену керек. Көбіне қалқиған құлақ тіпті жарасады да, әсіресе, егер шаш үлгісі жақсы таңдалған болса.
Мысалы, голливудтық актер Уилл Смит, танымал сәнбике – Наталья Водянова, Джулия Робертс, Эмма Уотсондардың құлағы мінсіз деуге келмес. Дегенмен жұлдыздарға бұл ерекшелік танымал және табысты болуға кедергі келтірмейді.
0 дауыс
Тек пластикалық операция арқылы...
...